Президент Ердоғанның Гагауыз Автономиялық аймағына сапары

Түрік сыртқы саясатының бағдары 44

1079797
Президент Ердоғанның Гагауыз Автономиялық аймағына сапары

Өткен күндерде Молдованың түрік аймағы Гагауыз Автономиялық аймағы  маңызды бір сапарға қонақжайлық жасады. Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған соңғы 19 жылда Молдоваға барған тұңғыш Түркия Республикасы президенті ретінде сапарының екінші күнін Гагауыз Автономиялық аймағы арнады. Ердоған 2018 жылы 18 қазан күні Молдова президенті Игорь Додонмен бірге Гагауыз Автономиялық аймағы бас қаласы Комратқа барды. Додонмен бірге тікұшақтан түскен кезде Гагауыз Автономиялық аймағы  президенті Ирина Влах тарапынан қарсы алынған Ердоғанға өзін күтіп тұрған Гагауыз түріктері де қолдарында ұстаған түрік байрақтарымен сүйіспеншілігін танытты. Қаладағы бағдарламасы аясында Атқару комитетінің ғимаратына өткен президент Ердоған осында Додон және Влахпен үштік бір саммит жүзеге асырды.

Ердоған экономикалық және мәдени тұрғыдан үлкен маңызға ие жобалардың ашылу рәсіміне қатысты. Сондай-ақ айтқан сөзі мен жариялаған жобалармен де бұрынғы Кеңес жағрапиясының осы кішкентай бірақ саяси тұрғыдан дау-дамайлы жерінде Түркияның бір күш ретінде болмысын танытқанын атап көрсетті.

Ердоғанның сапары барысында Гагауыз Автономиялық аймағының бас қаласы Комратта Түркия тарапынан салынған бала тәрбиелеу орталығы, аурухана және бала бақшаға қоса толығымен жаңартылған Мәдениет үйінің автономиялық аймақтың мәдениет астанасы болып қабылданған Чадыр Лунгада болса Қариялар үйінің ашылу рәсіміне қатысты. Вулканешттің су мәселесін шешетін инфрақұрылым жобасының басталғанын Ердоған Комраттағы баяндамасы кезінде өзі сүйіншіледі. Ердоған келесі жылы Комратта үлкен бір оқу комплексінің құрылыс жұмыстарының басталатынын да жариялады. Ердоғанның тағы маңызды бір хабарламасы болса Комратта өте жақын келешекте Түркия Республикасының Бас консулдығының ашылатынымен байланысты еді.

Осы сапарына үлкен толқыныспен дайындалған христиан түрік қоғамы мүшесі Гагауыздарға президент Ердоған маңызды жолдамалар жасады. Осы жолдамалар арасында ең көп назар аударған тіл және бүтіндесуге қатысты болатын.

Ердоған Гагауыздарға құрамындағы елдің, Молдованың ресми тілін ең жақсы түрде үйренуі және қолданулары тақырыбын ескертіп, өз ана тілдерін де жоғалтпауға шақырды. Осы ескерту және шақырудың арғы жағына қарағанда өкінішке орай Гагауыз түрік тілінің қолданысымен байланысты онша жақсы емес бір көрініс бар екенін байқаймыз. Өйткені Гагауыз Автономиялық аймағы  (Түркияның шынайы талпыныстары және үлкен экономикалық қолдауына қарамастан) өз тілін өте сирек сөйлейтін бір аймаққа айналған.

Гагауыз Автономиялық аймағы  үш ресми тілі бар бір аймақ. 1995 жылы қабылданған заңмен Гагауыз түрік тілі, молдован тілі және орыс тілі Гагауыз Автономиялық аймағының ресми тілдері болып қабылданады. Адам санының 82%-ы Гагауыз түріктерінен тұратын аймақта орыс тілі кең тараған. Әсіресе қалаларда осы жағдай одан да ашық байқалуда. Ауылдардың жағдайы ана тілі тұрғысынан одан жақсы. Орта жас пен қариялар Гагауыз түрік тілін жақсы білсе де, балалар мен жастар ана тіліне жат. Гагауыз түрік тілі тек қана әндерде, әңгімелерде, үлкендердің сөздерінде және Түркияның қолдауымен тараған бірнеше кішігірім медиа органында байқалады.

Түркия тәуелсіздігін 1991 жылы тамыз айында жариялаған Молдова Республикасын 1991 жылы таныды. Екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы 3 ақпан күні құрылды. Молдовамен ынтымақтастықтың заңдық негізі деп есептелетін «Достық пен ынтымақтастық антына» Түркия Республикасының 9-шы президенті Сүлейман Демирелдің 1994 жылы 2-3 маусым күндері Молдова сапары кезінде қол қойылды. Екі ел арасында «Екі жақты визаларды жою келісіміне» 2012 жылы 1 қараша күні қол қойылып, іске қосылды.

Соңғы кездері екі жақты ынтымақтастықта маңызды жетістіктерге қол жеткізіліп, көптеген жоғары деңгейлі іс-сапар жүзеге асты. Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоғанның сапары да осы тұрғыдан аса маңызды болып табылады. 2016 жылдың мағлұматтарына қарағанда Түркияның Молдоваға экспорты 189 миллион доллар, Молдовадан импорты болса 124 миллион долларды құраса, екі жақты сауда көлемі 313 миллион доллар болып жүзеге асты. Түркия мен Молдова арасында қол қойылған Еркін сауда келісімі 2016 жылы 1 қараша күні іске қосылды.

Түркия – Гагауыз Автономиялық аймағына бір жақты және шынайы түрде жәрдем жасайтын жалғыз ел. Осы жағдай аймақпен аз да болса байланысы бар баршаға мәлім бір шындық. Аймақтың ең ықпалды жәрдем мекемесі ретінде ТИКА арқылы Гагауыз Автономиялық аймағына жасалған жәрдемдердің мөлшері өте жоғары. Гагауыз Жерінің ең маңызды мәселелерінің бірі ретінде таза ауыз суы мәселесі ТИКА-ның жәрдемімен шешілді. Гагауыз радио және теледидар мекемесінің инфрақұрылымын күшейтуден Ататүрік кітапханасын құруға, Комрат Университетіне қолдаудан қарттар үйі құрылысына, Халық Мәжілісі ғимаратының жөндеу жұмыстарынан стадиондардың, ауруханалардың жөнден өткізуге, бала бақшалар мен мектеп құрылыстарын жаңадан салуға дейін жүздеген жобада ТИКА-ның қол таңбасы бар. Түркия осылардың барлығын жасаған кезде Гагауыз Автономиялық аймағы  немесе Молдованың ішкі істеріне еш араласпайды. Керісінше аймақта тұрақтылық актері ретінде алға шығуда.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Комраттағы баяндамасында айтқан «Молдованың шекара тұтастығы біз үшін аса маңызды» деген сөзін осы тұрғыдан бағалауымыз керек. Түркия Гагауыз Автономиялық аймағының Ресей мен батыстың Молдоваға ықпал ету күресінде бір қақтығыс құралы ретінде қолданылуын қаламайды. Көрініске қарағанда Молдова да Түркияның Гагауыз Автономиялық аймағындағы болмысының тұрақтылық кепілі екенін білді. Осы тұрғыдан президент Ердоғанның Гагауыздардың Молдовамен интеграциясына және Молдованың шекара тұтастығына қайта қайта назар аударуы маңызды. Осы назар аудару әрі өз ана тілін ұмытуға жақындаған гагауыздарға, әрі Молдовадағы Румыниямен қосылу жақтастарына (және осы көзқарастың батыстағы жақтастарына), әрі бұрынғы Кеңес Одағы жағрапиясында ықпал ету күресінде барлық әдісті аянбай қолданатын Ресейге бір жолдама деп бағалауға болады.

Қорытып айтқанда осы сапар Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоғанның аймақпен байланысты тұрақты және нақты ұстанымын, Еуропа мен Ресей арасында қыспақта қалған христиан түріктер үшін бір шығу жолы мен теңгерімін көрсетеді. Сондықтан Түркияның гагауыз түріктеріне алдағы кезеңде де қолдауы артып жалғасады деуге айтуға болады.



Ұқсас жаңалықтар