Білім беруде қандай стратегия?

Жаһандық перспектива - 42

1070384
Білім беруде қандай стратегия?

Білім беру министрі Зия Селчук міндетін бастаған кезде жаңа білім беру стратегиясының қажет екенін және қысқа уақытта дайындалатынын хабарлауы көптеген азаматқа әсер етті.  Академия,  бюрократия және саясатқа байланысты проблемаларымыздың кейбірінің стратегия жоқтығынан туындағаны айдан анық. Сондықтан мемлекеттік немесе жеке меншік мекемелерде жұмысты алдымен стратегия ізденісімен бастау өте орынды  болады. Жақын кезеңде көбіне техникалық мұқтаждықтарға,  жедел проблемаларға шоғырланған білім беру саласының жаңа стратегияға мұқтаж екені көрініп тұратын.  Басқа жағынан проблемаларымыздың маңызды бөлімі қате стратегиядан туындайтын.  Білім берудің стратегиясын іздеу өте орынды, сонымен қатар қалыптастырылатын стратегияның 200 жылдан бергі қате немесе олқы стратегиялардың біріне айналмауы үшін барша өз үлесін қосуы қажет.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

  1. Қандай адам профилін мақсат ететінін білетін бір стратегия: Бір білім беру стратегиясы алдымен азаматтарымыз және ұлтымызды жарқын болашаққа жеткізу үшін қандай адам профилі қажеттігіне жауап беруі керек. Бүгін қажетті адам профилі ұлттық және рухани құндылықтармен сусындаған,  ғаламдық құндылықтарды меңгерген, плюралист, жан-жақты азамат болуы керек.
  2. Негізгі принциптермен толыққан стратегия: Адам профилінен кейін бір білім беру стратегиясының осы профиль үшін белгілі бір философия немесе негізгі принциптерді ортаға қоюы керек. (Білім берудің ғаламдық принциптерін болса жеті тақырыпта тізіп айтуға болады: Әділет санасын қалыптастыратын білім беру.  Адамды жағымды көзқарас иесі болуға тәрбиелейтін білім беру. Жалпы адамгершілік моральдарын бойына сіңіретін білім беру. Еңбек етуге баулитын білім беру. Өмірмен астасатын білім беру. Жаттанды емес,  ойландыратын,  тексеретін, ойлап тапқызатын білім беру)
  3. Мұқтаждық анализі және тиімді жабдықтандыру: Адам профилі және негізгі принциптерден кейін бүгінгі күннің шарттарына сай мұқтаждық анализі жасалуы керек.  Мұқтаждық анализі жеке меншік саламен, елдегі түрлі ұйымдармен,  үкіметтік емес ұйымдармен,  ғалымдармен бірге  Түркияның, өңірдің және әлемнің болашағы назарға алына отырып дайындалуы қажет.  Дайындалған мұқтаждық анализіне қарай білім беру үрдісінде орын алуы керек алаң мен ерекшеліктер айқындалуы керек. Түркияның еңбекке шоғырланған ел екенін,  сапалы қызметкер мен жұмысшылардың көп қажеттілігі, сондықтан кәсіптік лицейлерге басымдық таныту керектігі, бүкіл бір жүйенің осы мұқтаждыққа сай қайта жаңалануы қажет екенін баса айту керек.  Мұқтаждық анализі бір рет қана жасалып қоймауы керек, әрдайым жаңарып отыруы қажет, тұрмыстың шарттарына сай қайта қолға алу керек.
  4. Атқарушы емес,  үйлестіретін, тексеретін және бағыт беретін бір мемлекет: Қол жеткізілуі керек адам профилі, принциптер және жабдықтар анықталғаннан кейін ең негізгі нәрсе білім беруді кімнің атқаратыны, әлде мемлекеттің бағыт беретін, тексеретін, үйлестіретін рол алуы. Бүгінгі күні адамдар балаларының болашағында өте маңызды рол алғысы келеді. Қырғиқабақ соғыс кезіндегі мемлекеттің азаматтың таңдауы мен мұқтаждықтарын назарға алмай,  толығымен өзі анықтаған бағдарламаны нұсқаған кездер енді артта қалды.  Жанұялар балаларының өз діндеріне,  тілдеріне,  мәдениетіне жетік білім алуын қалайды.  Жаһандану үрдісімен нарыққа керек адам профилі де қырғиқабақ соғыс кезеңінің біркелкі білім беру жүйесі қамдайтыннан да өзгеше. Білім беру жүйелері  әрі жанұялардың осы көпшіл таңдауына,  әрі нарыққа қажетті мұқтаждықтарға жауап болатындай ерекшелікте болуы керек. Сондықтан білім беру стратегиясын дайындау сонымен бірге еркіндік,  адам құқықтары,  нарықтардың қажеттілігі проблемасы болып саналады. Ашып айту керек болса,  білім беру жүйелері жанұялардың мұсылмандық,  христиандық, иудейлік немесе басқа да наным бойынша,  либералды,  социалист, консерватор немесе басқаша білім талаптарына жауап бере білуі қажет. Сонымен бірге бара-бара бәсеке де қатайған жаһандық атмосферада талаптары жиі өзгеретін нарықтың мұқтаждықтарына сезімтал болу керек.  Тек мемлекет тарапынан берілетін бір білім беру жанұяның түрлі сұранысы және нарықтың қажеттілігіне жауап бере алмауы мүмкін.  Сондықтан білім беру стратегиясы мемлекет атқарушы болатын емес,  үйлестіру істерін атқаратын,  бақылайтын,  бағыт беретін ерекшелікте болуы қажет. Дәл қазіргі білім беруде үкіметтік емес ұйымдардың және жеке меншіктің салмағын арттыру үрдісін жылдамдату керек. (Бұл модель медицина саласында табыспен жүргізілуде) Жеке меншік сектордың,  үкіметтік емес ұйымдардың қателері болуы мүмкін.  Бұны сынға алуға болады.  Бірақ біздің өркениетіміз - қор өркениеті. Ибн Сина, Ғазали,  Мәулана, Харезми, Молла Фенари, Али Кушчу секілді көптеген ғұлама мен ойшыл осындай қор өркениетін қалыптастырған ұйымдарда жетілген тұлғалар. Кеуіп кетуге бет алса да, осы өзенге су тасып,  осы ошақты сөндірмеуге тырысуымыз керек.

Оның үстіне Түркия секілді жас тұрғын саны көп, бірақ туу жылдамдығы азайған елдерде жаңа мектеп, мұғалім, ғимарат секілді білім беруге байланысты мұқтаждықтар мен қаражаттың тек мемлекет арқылы қамдалуы мүмкін емес. Туу көрсеткішіндегі төмендеу салдарынан қысқа уақыттан кейін жаңа салынған мектеп пен дәрісханалар керек болмайды, мұғалімдер сабақ беретін оқушы таба алмайды.  Сондықтан осы қаржыны қазірден-ақ жеке меншік саламен бөлісу орынды деп ойлаймын.

  1. Оқушыларды соңғы межеге дейін жеткізетін емес,  қабілеттеріне қарай бағыт беретін бір стратегия: қазіргі білім беру жүйеміздің негізгі проблемаларының бірі  - бағыт беру болмағандықтан жастарымызды университет есіктеріне және артынан кәсіптік емтихандарға дейін тасуы. Елімізде «карьера кәсіп» деп аталатын мамандықтарға мұқтаждығы өте шектеулі болса да, жастарды соңғы межеге дейін жетектеу және тек соңғы қақпада, бәрі өтіп кеткеннен кейін шындықпен бетпе-бет қалуы олар үшін де,  еліміз үшін де үлкен шығын. Сондықтан білім беру стратегиясы оқушыларға бастауыш сыныптардан бастап қабілеттеріне қарай бағыт беретін бір жүйеге сүйенуі керек.
  2. Халықаралық бәсекеге ашық стратегия: Түркия бара- бара шетелдік студенттер орталығына айналуда.  Президент Жоғары оқу мекемесінің оқу жылын ашу бағдарламасында Түркияда 142 мың шетелдік студент бар екенін айтты.  Жаһандық бәсекеде мақсатымыз осы санды одан сайын арттыру. Одан да көп шетелдік студент тарту үшін білім беру стратегиясы мемлекеттік қызметкерлердің қоғамдық санасын арттыру,  университеттердің мамандандырылуы,  жеке меншік саласына жаңа инвестициялар салу,  заңнаманың жаңалануы секілді факторларды да қамтуы керек.
  3. Орталықтандырылған емес, отандық қажеттіліктерге сай стратегия: Стратегия жергілікті қажеттіліктерге сай,  түрлі мектептерге түрлі мүмкіндік ұсынуы керек.  Мектептердің қалалардың қажеттіліктеріне қарай түрлі уақыттарда ашылып жабылуы секілді мүмкіндіктер берілуі керек.

Электронды сауда саласындағы басшылардың бірі Джак Ма айтқандай: «Білім беру – үлкен мәселе.  Үйрету пішінін өзгертпесек,  қауіп төнеді.  Себебі үйрету пішіні, үйреткендеріміз 200 жылдан қалған.  Балаларымызға машиналармен бәсекеге түсуді үйретуіміз керек.  Олар ақылдырақ. Құндылықтар,  сену,  тәуелсіз ойлай білу қабілеті,  командалық жұмыс,  басқаларына құрмет көрсету. Бұлар адами қабілеттер. Информация сіздерге мұны үйретпейді.  Адамдардың бір бірлерінен өзгеше екендерін түсінуі үшін өнерді үйретуіміз керек.  Біздің үйреткендеріміз машинаның үйреткендерінен басқаша болуы қажет».



Ұқсас жаңалықтар