Технофест фестивалі

Авиация,  ғарыш және технология фестивалі Технофест Түркияда бірінші рет ұйымдастырылды.

1067732
Технофест фестивалі

Түркия қыркүйек айында қорғаныс,  ғарыш,  технология және авиация саласында екі маңызды шара ұйымдастырды. Шаралардың бірі 20-23 қыркүйек күндерінде Түркияның маңызды жобаларының бірі болып салатын Стамбулдағы жаңа әуежайында өткен Технофест  (TEKNOFEST İSTANBUL). Екінші шара болса 27-30 қыркүйек күндері аралығында Стамбул Ататүрік әуежайында болған Стамбул Эйршоу (İSTANBUL AIRSHOW).

Екі шара өткен мекендердің бірі жақында жабылатын Ататүрік әуежайы болса, екіншісі жақында ашылатын үшінші әуежайы.  Түркияның бір апта үзіліспен осыншама маңызды екі шараны жүзеге асыруы авиация және ғарыш тақырыбында жеткен жетістіктерін көрсетеді.  Шараларға түрік ұлтының және әсіресе жастардың қызығушылығы болса болашаққа үміт беретіндей болды.

  Түрік Харб-Иш кәсіподағының Оқу басқармасы директоры Таркан Зенгиннің анализін ұсынамыз.

Авиация,  ғарыш және технология фестивалі Технофест Түркияда бірінші рет ұйымдастырылды.  Фестиваль Стамбул муниципалитеті және Т3 фонды басшылығында өткізілді.  Фестивальдің беташарында сөз сөйлеген Т3 фондының Өкілетті кеңес төрағасы Байрактар «Бүгін біз армандаған бір отбасы, қиялдаған арман орындалған күн. Бүгін ұлттық технология қадамын он мыңдаған, жүз мыңдаған жастармен бөліскен күн, бүгін сапарымызда жалғыз еместігімізді көрсететін күн» деді.

T3 фондының құрылу мақсаты – ұлттық технология стипендия бағдарламасы арқылы стипендия беру және Технология командалары бағдарламасы аясында университет технологиялық командаларына құрал-жабдық, инфрақұрылым, транспорт және техникалық кеңес қолдауын беру. Фондтың ең маңызды нысаналарының бірі 2023 жылына дейін 1001 технология командасына және 1001 технология бастамасына қолдау беру.

Технофест байқаулары

Көптеген көлік пен өнім көрсетілген фестивальге кіру тегін болатын.  Авиация, ғарыш және технология тақырыптарына ел көлемінде ынтаны арттыру және сана қалыптастыру мақсатымен ұйымдастырылған фестивальге 4 күнде рекорд деңгейде келуші болды. Фестивальге 4 күнде 550 мың адам келді.  Жастар және спорт министрлігі болса 42 қаладан 10 мың жастың қатысуын қамдады. 14 түрлі категорияда технологиялық байқаулар өткізілді.  Байқауға жастар көп қызығушылық танытты.  Фестиваль аясында көптеген жарыс өткізілді. Орта мектеп,  лицей, университет және одан да жоғары деңгейде Адам баласы үшін пайдалы технологиялық байқаулар. Лицей, университет және одан да жоғары деңгейде ұшқышсыз әуе аппараты жарысы. Ұшқышсыз су асты жүйелері жарысы,  модель ұшақ жарысы,  Роботакси жарысы. Роботтық Жеңіс 1453 жарысы.  Зымыран жарысы, жасанды интеллект жарысы.  Ұшқышсыз әуе аппаратының қолдауымен жүргізушісіз құрлық көлігі жарысы,  соғысатын ұшқышсыз әуе аппараттары жарысы. Университет және одан да жоғары деңгейде Модель спутник жарысы.  Осындай технологиялық жарыстарға 750-ден астам команда,  2 мыңнан астам талапкер қатысты.  Жарыстарда жастар үлкен жетістіктерін көрсетті. Түркияның технология өндіретін бір қоғамға айналуы және ұлттық технология бастамасын жүзеге асыруы мақсатымен ұйымдастырылған фестивальде жастардың ықыласы мен жарыстардағы табыстары маңызды болатын.  Жастардың ықыласы болашақта технология өндіретін жас лидерлердің ортаға шығуына себепші болады.

Ұлттық өнімдерді жақыннан көрді.

Фестивальде авиация саласында отандық және ұлттық өнімдер де орын алған тамаша шоулар таңғалдырды.  Осы аяда Түрік жұлдыздары,  Соло Түрік,  парашют командасы,  129 Атак тікұшағы, ТВ2 қарулы ұшқышсыз әуе аппараты және Түркияның тұңғыш профессионалды ұлттық акробатикалық ұшқышы мен қызының шоулары, әуеде еркін ұшыратын тік жел туннелі платформасы,  Стамбул Лицейлер арасы модель ұшақ жарыстарын азаматтар үлкен қызығушылықпен тамашалады. Фестиваль аясында айырықша Бүкіләлемдік дрон чемпионаты,  Hack Стамбул кибер қауіпсіздік байқауы,  Take-off халықаралық кәсіпкерлік саммиті,  әлемнің ең жылдам 7 көлігі жарысқан «Жарыстардың жарысы», реактивті ұшақ,  тікұшақ және акробат қойылымдары,  парашютпен секіру,  әуе көліктері көрмесі,  симуляциялар, технология және білім шеберханалары секілді маңызды шаралар да өткізілді. Фестивальде келушілер айырықша әскери және азаматтық әуе көлігін көру мүмкіндігіне ие болды.  Алаңдарда Анка, Отандық соғыс ұшағы, Т625 тікұшағы,  Гөктүрік-2 спутнигі,  Хүрджет, жаңа буын дайындық ұшағы Хүркуш пен Атак тікұшақтарын фестиваль қонақтары жақыннан көрді. Фестивальде жергілікті және шетелдік баяндамашылармен технология саласында болашақтың даму мұқтаждықтары да талқыланып, семинарлар ұйымдастырылды.

Президент Ердоғаннан маңызды сөздер

Президент Режеп Тайып Ердоған жұбайы Емине Ердоғанмен бірге 22 қыркүйек сенбі күні Технофестке барды.  Технофест аясында ұйымдастырылған байқауларда жеңімпаз атанғандарға сыйлықтарын табыс еткен президент Ердоған осында маңызды мәлімдеме жасады. Ол қорғаныс өнеркәсібі және технология саласында атқарылатын істер туралы айтты.  «Бүгінгі күні әлемде шын мағынада тәуелсіздіктің бірінші шарты технологияны жобалайтын,  өндіретін және сататын елдер.  Барлық жаңалық секілді технологиядағы дамудың да бірінші сатысы – армандау. «Қызыл алма» деп аталатын көкжиектен кейін де мақсаттарымыз әрдайым жаңаланып отырды. Армандауды қашан тастасақ, міне сол кезде нашарлай бастадық.  Біз де Түркияға не пайда келтірген болсақ,  армандарымызды орындау арқылы келтірдік.  Бүгінгі күні қауіпсіздік үғымының мағынасы едәуір өзгерді.  Енді физиологиялық қауіпсіздікті кибер қауіпсіздікпен,  цифрлық қауіпсіздік және отандық компьютерлік бағдарламамен нығайта түспесеңіз, өзіңізді алдадыңыз деген сөз. Жастардың көкжиегін кеңейтуге табандымыз.  Соңғы жылдары басымыздан өткен әрбір оқиға тәуелсіздік пен технология және әсіресе қорғаныс өнеркәсібі арасындағы қатынасты қайтадан көрсетті. Технологияны отандық және ұлттық деңгейде жетілдіріп,  тәуелсіздігімізді нығайтқымыз келеді» деді ол.

Президент Ердоған ұлттық технология бастамасының ұлттың болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін тағы бір  рет қайталады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар