Түрік - парсы дағдарысы

Түрік сыртқы саясатының бағдары 21

978248
Түрік - парсы дағдарысы

Иран президентінің орынбасары Али Юнусидің «Әзірбайжандар (Иран түріктері) түрік тілінде сөйлеген парсылар» деген мәлімдемесі Иранда жаңа бір дағдарысқа жол ашты. Бүгінгі бағдарламада осы жаңалықтар аясында Иран түріктері мен тақырыптың түрік сыртқы саясатына ықпалын қолға аламыз.

Ататүрік Университеті Халықаралық қатынастар кафедрасы ғылыми-зерттеу қызметкері Джемил Доғач Ипектің тақырыппен байланысты мақаласын ұсынамыз

Иран президентінің орынбасары Али Юнусидің «Әзірбайжандар (Иран түріктері) түрік тілінде сөйлеген парсылар» деген мәлімдемесіне ирандық түріктер үлкен наразылық көрсетті. Бұл жаңалықтың артынан Иран ұсынған Ресейде парсы және Иранда орыс тілін мектептерде «екінші тіл» ретінде оқыту ұсынысын жасауы ирандық түріктердің наразылығын одан да арттырды.

Иран Мәжілісі Урумийе депутаттары Надир Газипур және Хади Бахадыр Иран елбасы Хасан Руханиге бір хат жолдады. Юнисиге қарсы наразылықтарға толы хатқа түрік текті 50 депутат қол қойды. Юнисидің мәлімдемелерінің ел қауіпсіздігіне қауіп төндіргені алға тартылған хатта Иранда әртүрлі тектен халықтардың өмір сүргені, Құранға қарағанда нәсілшілдіктің қабылданбайтыны атап көрсетілді. Бір ұлттың тіліне деген опасыздықтың, сол ұлтқа да опасыздық деген мағынаға келгені атап көрсетілген хатта әр қоғамның ең қадірлі құндылықтарының бірінің тілі екеніне назар аударылды.

Естеріңізде шығар, өткен жылдарда да Иранда әртүрлі себептерден түрік-парсы дағдарыстары шыққан еді. 2006 жылы Иранда мемлекетке қарасты бір газетте жарияланған карикатурада түрік тілінде сөйлеген бір құбыжық суреттелген болатын. Сондай-ақ «Бұл құбыжықтардың тілдерін түсінбегендерін және ирандықтардың егер елдерін жақсы көретін болса, нәжістерін дәретханаға тастамай оларды өлтіру керектігі»  сөздеріне орын берген еді. Бұл карикатура Тебризден бастап, түріктер жиі өмір сүрген барлық қалаларда наразылықтарға жол ашты. Миллиондаған адам қатысқан шерулердің соңында мемлекет аталмыш газетті жапты және жауапкерлерін тұтқындап, оқиғаларды тыныштандыруға тырысты. Бірақ кешіккен кешірім халықты тыныштандырмады. Мемлекеттің оқиғаларды тоқтату үшін қару қолдану нәтижесінде 50-ден астам шеруші қаза тапты. Мыңдаған адам тұтқындалды. Бұл оқиғалардан 10 жыл өткен соң 2015 жылы ұқсас бір басылыммен түріктерге қорлық жасалды. Иран мемлекеттік арнасында жарияланған бір бала бағдарламасында түріктерді қорлайтын сөздер қолданылды. “Фитиле” атты бұл бағдарламада түрік текті әке мен бала тұрған қонақ үйдің қоқыс иісінен жиреніп шағымданады. Қабылдау қызметкері болса әке мен баланың ауыздарының сасығанын айтады. Сондай-ақ әке мен баласының тістерін дәретхананың щеткасымен тазалағанын жанамалы түрде айтқысы келеді. Бұл сахналар Иран мен әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүрген түріктердің үлкен наразылығын туғызды. Бұл оқиғадан 3 жыл өткен соң Юнусидің мәлімдемелері Иранда бұл мәселеден қажетті сабақтың алынбағанын көрсетеді.

Иран түріктері шамамен 30 миллионнан астам адам санымен Иранның парсылармен өмір сүрген ең мықты қоғамы болып табылады. Түріктер геосаяси тұғырлары, әлеуметтік және мәдени құрылымдары, экономикалық және тұрғын күші тұрғысынан Иранда болып жатқан саяси өзгерістерде маңызды рөл ойнайды.

10-11– ғасырда Түрік-Селшұқты билігіне бағынған оғыз тайпаларының Әзірбайжан топырағына бағытталған көш толқыны аймақта үлкен бір түрік қоғамының қалыптасуына жағдай жасады. 1501 жылы Сафави мемлекетінің құрылуымен аймақ халықтарының куәлігі өзгеріске ұшырады. Орталығы Әзірбайжан болған бұл режим Иранның маңызын күшейтті. Сондай-ақ көпшілігі сүннит болған халықтарға шиіт мәзхәбін мойындатты. Аймаққа кейінгі жылдары келген Афшар мен Качар патшалықтары кезінде де түріктік санаға қоса шиіт мәзхәбі маңызын қорғады. Иранда  ғасырлар бойы билігін жүргізген түрік патшалығы билікті 20- ғасырдың алғашқы ширегінде аяқталды. Орнына парсы болған Пехлевилер кезеңі басталды. Бұл өзгеріс Иран түріктері тұрғысынан маңызды бір тұғыр болды. Бұл кезеңде түріктер әртүрлі шектеулер мен қысымдарға душар болды. Пехлеви кезеңінде қабылданған парсылану саясаты аймақта өмір сүрген түріктер үшін куәліктерін қайтадан ойлану және режимге қарсы өздерінің кім екенін түсіндіру талпынысына айналды. Шах төңкерілген кезеңге ықпал еткен түріктер Ислам төңкеріс қозғалысының басын құраған топтың құрамында орын алды.

Қазір түріктер Иранда саясат пен экономикада ықпалды бір күш болып табылады. Бірақ түрік тілінің ресми тіл болып есептелмеуі, түрік тілінде оқуға рұқсат берілмеуі сияқты себептерден кейде Иран әкімшілігімен дағдарыстар болуда.

Ирандағы түріктерді кезкелген бір елдегі бір аз сандымен салыстыру мүмкін емес. Әйтсе де шамамен 1000 жылдан бері Иран жағрапиясының саяси тарихындағы оқиғаның қалыптасуында түріктердің маңызды рөлі бар. Парсы мәдениеті мен түрік мәдениеті әрі Иранда, әрі Ираннан тыс жерде бір-бірімен ықпалдасады. Бұл екі ежелгі мәдениеттің бір-біріне екі жақты қосқан үлесі аса зор. Халықтардың бір ортада өмір сүрулері үшін бірін-бірі құрметтеуі керек. Иран әкімшілігінің дәстүрлі мемлекеттік тәжірибесі мол. Ана тілде оқу және сөз еркіндігі қазіргі таңда негізгі адам құқықтары арасында. Иран мемлекетінің түрік тілінде оқу және түрік тілінде басылымдар тақырыптарында халықтың талаптарына болымды жауап қайтаруы үлкен пайда әкеледі. Бұл әрі Түркия-Иран ынтымақтастығына, әрі аймақтың тұрақтылығына маңызды үлес қосады.



Ұқсас жаңалықтар