Күн тәртібі - 19

Ердоған сайлау манифестін жариялады.

969328
Күн тәртібі - 19

Президент Режеп Тайып Ердоған өзінің,  Әділет және даму партиясының 24 маусым күні болатын президенттік және депутаттық сайлау манифестін  (үндеу хатын) жариялады. Сайлау манифестінде президент Режеп Тайып Ердоған мен Әділет және даму партиясының экономика, медицина, ішкі саясат сынды көптеген тақырыпта уәделері қамтылуда. Сайлау манифесті сонымен қатар 24 маусым күні болатын президенттік және депутаттық сайлауда президент Режеп Тайып Ердоған сайланған жағдайда Түркияның сыртқы саясатындағы нысаналары және әдістемелері туралы мәлімет беруде.

Енді саясат, экономика және әлеуметтік зерттеу қорының зерттеушісі Жан Ажуннның осы тақырып жөніндегі анализдерін ұсынамыз.  

Түркияның алдымыздағы процесте сыртқы саясатта маңызды күн тәртібінің біреуінің террормен күресу екені сөзсіз. Президент Режеп Тайып Ердоған 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінен кейін жасаған мәлімдемеде террормен күресудің Түркия шекарасымен ғана шектелмегенін, сондай-ақ шетелдегі террор қайнарының де нысанаға алынғанын айтқан. Түрік Қарулы Күштері мен Еркін Сирия армиясы алдымен Евфрат қалқаны операциясы арқылы ДАИШ-ті Түркия шекарасынан тазалады, одан кейін Зәйтүн бұтағы арқылы Африн ауданын террор ұйымы  PKK/YPG террористтерінен азат етті. Әсіресе Евфрат қалқаны операциясы Түркияның террормен күресудегі жаңа тұғырының қаншама дұрыс екенін, Түркия шекарасы ішіндегі ДАИШ шабуылдарының ұзақ уақыт болмауымен дәлелдеді. Сонымен қатар Түркия ішінде террорға қарсы күрес жүргізген қауіпсіздік күштері мен ұлттық барлау ұйымы көптеген болуы мүмкін шабуылдың алдын алды. Ал енді Зәйтүн бұтағы операциясымен PKK/YPG террор ұйымының Аманос таулары арқылы Хатай аймағына өтуін тосты. Президент Режеп Тайып Ердоған жариялаған сайлау манифесті аясында 24 маусымнан кейін террорға қарсы жаңа операциялардың басталуы күтілуде. Қазір PKK-ға қарсы Ирак ішінде жалғасқан әскери операциялардың алдымыздағы кезеңде де үлкейіп жалғасуы күтілуде. Сонымен қатар террормен күресу аясында Сирияның солтүстігінде YPG/PKK-ға қарсы жаңа әскери операциялар да Түркияның жоспары ішінде орын алуда.

Президент Режеп Тайып Ердоған жариялаған сайлау манифестінде Түркияның ешкімге жалынбайтыны және ешкімге даңдайсымайтыны түсіндірілді. Түркияның осы тұғыры бірқатар батыс елдерін мазасыз етсе де, барша әлем және аймағымызда өз ұлттық мүдделерін көздеген Түркияның тәуелсіз сыртқы саясаты жалғасады. Әсіресе президент Режеп Тайып Ердоғанның Түркияны жаһандық актер ретінде түсіндіруі Түркияның осы аядағы нысандарын ашық ортаға қоюда. Алайда Түркия ешкімге жалынбайды және ешкімге де даңдайсымайды. Әсіресе Түркияның бодандық жасау емес, өзара құрметке негізделген және жәрдем мақсатты Африка саясаты бұның ең айқын дәлелі болып табылады. Түркияның әлемде таза ұлттық кірісі бойынша ең көп гуманитарлық көмек жасаған ел болуы Түркияның гуманитарлық сыртқы саясатының дәлелі.

Түркияның ықпалды сыртқы саясатының дамуы үшін Түркияның тәуелділігін азайту және стратегиялық маңызының арттырылуы керек. Осы тұрғыдан алғанда Түркияның қорғаныс өнеркәсібі өте маңызды. Мысалы президент Режеп Тайып Ердоған жариялаған сайлау манифестінде қорғаныс өнеркәсібі маңызды орын алуда. Түркия 2011 жылынан осы таңға дейін қорғаныс өнеркәсіп экспортын 90 пайыз арттырып, әлемде ең көп қару экспортын жасаған елдер арасында 18-ші орынға көтерілді. Түркия сонымен қатар қорғаныс өнеркәсібіндегі шетелге тәуелділігін 80 пайыздан  30 пайызға түсірді. Түркияның алдымыздағы кезеңде қорғаныс өнеркәсібіндегі өсуінің артып жалғасуы күтілуде. Әсіресе ұшқышсыз әуе көліктері саласында Түркия әлем бойынша үлкен табысқа қол жеткізді. Түркия әлемде өз қарулы ұшқышсыз көлігін өндіре алатын алты елдің біреуі. Президент Режеп Тайып Ердоғанның «Жүргізушісіз танк өндіреміз» деген мәлімдемесі Түркияның технологияда маңызды орын алғанын және жаңалық әкелген маңызды бір актер болғанын көрсетуде.

Түркияның қорғаныс өнеркәсібінде күшеюі Түркияның сыртқы саясаттағы ықпалын арттырады. Дос және одақтас елдер үшін қару алу түйінінде маңызды бір альтернативаға айналған Түркия халықаралық нарықтарда орын алды. Түркияның Африкадан шығанақ және Орталық Азиядан Малайзияға дейін жалғасқан қарулы көлік экспорттары бар. Түркия Пәкістанға ATAK тікұшақтары және кемелерді сатты. Катарға «Bayraktar TB2» қарулы ұшқышсыз әуе көлігін берді. Осы саудалар арқылы түрік экономикасын жандандырды. Түркия зерттеуді күшейту арқылы сыртқы саясаттағы ықпалдығын арттырды.


Этикеттер: #Ирак , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар