Күн Тәртібі-11

Зәйтүн бұтағы операциясы аясында Африн іс жүзінде қоршауға алынды.

931870
Күн Тәртібі-11

 

Зәйтүн бұтағы операциясы аясында Африннің Түркиямен шекаралас аймақтары YPG террористтерінен тазаланды. Бір апта ішінде Джиндерес, Ражу, Шейх Хадид және Шеран секілді елді мекендер террористтерден азат етілді. Түркияның шекара желістерінің бақылау астына алынуымен YPG сарбаздарының зымырандар арқылы Түркия шекарасы ішіне шабуылы доғарылды. Осылайша Түркияның ұлттық қауіпсіздігі тұрғысынан маңызды жеңіске қол жеткізілді. Африн аймағынан Рейханлы және Килиске бағытталған шабуылдар да үзілді.

Енді саясат, экономика және әлеуметтік зерттеу қорының зерттеушісі Жан Ажуннның осы тақырып жөніндегі анализдерін ұсынамыз.

Шекара аймағының бақылау астына алынуымен YPG/PKK-ның Аманос тауларына барып паналауы да тоқтатылған болды. Баршаға аян YPG/PKK Афринден Хатайға қарай Аманос тауларын қолдана отырып, қару-жарақ және террористтерді апарушы еді. Бірақ Түркияның ұлттық қауіпсіздігі тұрғысынан тек шекара қауіпсіздігі ғана емес, сонымен қатар PKK алаң үстемдігі, ақша және адам қайнарларының қолынан алынуы керек еді. Түркия өз шекараларына кірген террористтерге рұқсат бермейтінін Зәйтүн бұтағы операциясы және Евфрат қалқаны операциясы арқылы ортаға қойған еді.

Зәйтүн бұтағы операциясы аясында Африн іс жүзінде қоршауға алынды. Бірақ Түрік Қарулы Күштері мен Еркін Сирия армиясы әлі қалаға шабуыл жасалмады. YPG террористтері жай халықты қалқан ретінде қолдануға тырысуда және жай халықтардың қаладан шығуына тосқауыл жасауға ұмтылуда. Мысалы ұшқышсыз ұшу аппараттары түсірген көріністер жаппай түрде Африннен шығуға тырысқан жай халықтың YPG террористтері тарапынан тосылғанын көрсетуде. Африндегі жай халық қаладан шығып,Түрік Қарулы Күштері мен Еркін Сирия армиясы террористтерден азат еткен аймақтарына қашқысы келуде. Алайда YPG/PKK бұл әрекеттерін тосуда. Түрік Қарулы Күштері мен Еркін Сирия армиясының жай халықтың амандығына көңіл бөлуі Африн қаласының орталығына жасалатын операцияның кеш басталуына себеп болуда.

Зәйтүн бұтағы операциясы жалғасқан кезде Түркия оңтүстік шекарасының террористтерден тазалануына бағытталған жаңа қадамдар үшін дайындықтар жасауда. Енді бір жағынан АҚШ-пен Евфраттың батысындағы Манбидж тақырыбында кездесулер жүргізген Түркия енді бір жағынан Ирактағы террористтер тақырыбында Ирак орталық үкіметімен келіссөз жүргізуде.

АҚШ Манбиджті YPG-дің үстемдігіндегі Сирия демократиялық күштермен бірге басып алғанда, Түркияға қала ДАИШ-тің қолынан алынған соң YPG террористтерінің Евфраттың шығысына қарай кері шегерілетіндерін және Манбидж аймағының араб сарбаздары тарапынан  бақылау астына алынатыны жөнінде уәде берген еді. Түркия АҚШ-тың осы ұсынысын аймақтың ДАИШ-тан құтқарылуы үшін қабылдаған болатын. Мысалы Манбидж операциясынан кейін жоғарғы деңгейдегі АҚШ лауазымдары YPG-нің аймақты тастап кеткенін айтқан болатын. Алайда бұл пайымдаулардың шындыққа үйлеспегені Түркия тарапынан білдірілген. Ең кеш Евфрат қалқаны операциясы барысында YPG террористтерінің Түрік Қарулы Күштері мен Еркін Сирия армиясына жасаған шабуылдарына орай АҚШ-тың пайымдауларының дұрыс емес екені дәлелденген еді. Түркия Зәйтүн бұтағы операциясынан кейін Манбидж аймағын да YPG террор ұйымынан азат етуге бекімді.

Түркияның бекімді тұғырынан кейін АҚШ-пен жоғарғы деңгейде кездесулер өткізілді және жұмыс тобы құрылатын болды. Жұмыс топтарында АҚШ пен Түркия арасындағы мәселелердің қалай шешілетіндері талқыланады және ынтымақтастықтың арттырылуы тақырыбында қадамдар басылады. Манбидж тұрғысынан болса, YPG-нің  аймақтан шығарылуы, сондай-ақ Түркия мен АҚШ әскерлерінің ортақ әрекет жасауы жоспарлануда. Осы бойынша Түрік әскерлері мен Америка әскерлері Манбиджтегі қауіпсіздікті бірге орнатады. Түркия Зәйтүн бұтағы операциясынан кейін жоспардағы Манбидж операциясына дейін АҚШ-пен келісе отырып шешім табуды қалауда. АҚШ тұрғысынан да Түркиямен келісе отырып, Манбидж үшін шешім жолын іздестіруі және аймақтың террористтерден азат етілуі тіпті орынды бір жолы болып табылады. Мысалы Түркия Манбиджті террористтерден азат етуге табанды.

Ирактағы террористтер үшін болса Ирак орталық үкіметімен бірге операция жасалуы тілге тиек болуда. Операцияның Ирактағы сайлаудан кейін жүзеге асырылуы күтілуде. Түрік Қарулы Күштерінің бір уақытта екі шепте соғысу қабілеті болғандықтан Зәйтүн бұтағы операциясы аяқталмаған күннің өзінде әскери жақтан Түркия күшті. PKK-ның Ирактағы дәстүрлі күштері Духок, Загрос және Кандил қаласында орын алуда. Алайда Сирияда болғандай PKK ДАИШ-тің ортаға шығуынан пайдаланып, операция алаңын кеңейткен. Иракта Синжар аймағында және Синжар тауында әрекеттерін жалғастырған PKK сонымен қатар аймақты Ирак және Сирия арасында бір байланыс ретінде де қолдануда.

Түркия терроризмен күресуге тек өз шекарасында қорғанып қана қоймай, сонымен қатар шекара тысында да операциялар ұйымдастырып террорды түбірінен тазалауда. ДАИШ-тің  Евфрат қалқаны операциясы арқылы Сирияның Жераблус, Дабык және Ал-Баб аймағынан тазалануынан кейін террорлық әрекеті Түркиядағы шабуылдары азайған еді. Сол секілді Зәйтүн бұтағы операциясынан кейін Ирак және Манбиджте YPG террористтері тазаланған жағдайда, Түркия шекарасы ішіндегі террор әрекеті азаяды. Түркия әслінде шекара сырты операциялары арқылы тек өз ұлттық қауіпсіздігі ғана емес, сонымен қатар көрші елдердің де ұлттық қауіпсіздігін қорғауда және барша әлемді террор қаупіне қарсы қорғауда.

 


Этикеттер: #операция , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар