Зәйтүн бұтағы операциясы

Проф. Др. Кудрет Бүлбүл*

895965
Зәйтүн бұтағы операциясы

Кейде төленген ауыр құндардан өте ауыр сабақ шығады.  Осы ауыр құн төленбесе ғой,  осындай сабақ та шығармасақ деп ойлайсыз.

Осындай жағдай көбіне артында көп сабақ тастаған Сирия дағдарысы үшін өтімді.  Араб көктемі басқа да жабық қоғамдар секілді Сирияға да нашар әсер етті.  Сирия халқы ондаған жылдың үстемшіл әкімшілігіне қарсы бас көтере бастағанда кездескен нәрсесі талаптарын түсіну емес,  үстемшіл әкімшіліктің езу қозғалысы болатын.

Еуроодақ құндылықтарының жағаға соғуы

Иранның әскерлерімен бірге соғысқа қосылуы,  Ресейдің Асад әкімшілігіне қолдау беруі және батыс елдерінің бір шешім перспективасының болмауы секілді себептермен Сирияда азаматтық соғыс едәуір тереңдей түсті.  Жүз мыңдаған адам өлді/ өлтірілді.  Миллиондаған адам елінен кетуге мәжбүр болды.

Еуроодақ елдері Сирия дағдырысын босқындар өз елдерінің қақпасына келгенге дейін еш елемеді.  Босқындар шекара қақпаларына келгеннен кейін батыстағы реакция болса адам баласы үшін ұят нәрсе.  Бұдан бұрын плюрализм, бірге өмір сүру,  адам құқықтары,  теңдік,  еркіндік,  өмір сүру құқығы секілді көптеген тақырыпта басқа елдерге әрдайым сын айтып келген Еуроодақ елдерінің көбі осы құндылықтар емтиханынан өтпей қалды. Босқындардың да осындай құқықтарға, құндылықтарға лайықты адам екендерін елемеді.  Еуроодақ елдерінің көбінің жалғыз мәселесі босқындардың өз елдеріне келуіне кедергі жасау болды. Осы тұрғыдан алып қарасақ,  теңіздің жағасына келіп соққан Айлан нәресте секілді ешкімі жоқ, жетім, бейшара балалар емес,  негізінде Еуроодақтың құндылықтары болатын.

Түркия – Еуропа демократияларына үлес қосқан ел

Босқындар тақырыбында Йордания,  Ливан және Түркияның да бір сәтке Еуроодақ секілді саясат жүргізгенін,  қақпаларын босқындарға жапқанын ойлап қаралық. Бұл жағдайда миллиондаған босқын Еуропа Одағы елдерінің шекарасына баратын еді.  Еуроодаққа жеткен өте аз босқынның өзі осы елдерде адамдыққа жатпайтын реакциямен кез келгенін, артып отырған фашистік және нацистік ағындардың нығайғанын ойлап қарасақ, Еуропаның гуманитарлық және құндылықтар дағдарысы одан сайын тереңдей түсер еді.

Түркия жалғыз өзі 3,5 миллион сириялықты өз жерінде қонақ қылып,  Сирия тақырыбында ашық қақпа саясатын жүргізетінін жариялауына қарамастан,  осы саясаттарды жүргізген биліктегі партияның дауыстары артуда.  Түркияның бір қаласының Килистің жалғыз өзі қонақ қылып отырған босқын көрсеткіші көптеген Еуроодақ елі қабылдаған босқын санынан көп.  Бір Еуроодақ елі 130 босқын қабылдайтынын білдіргенде сол кездегі Килис әкімінің жауабы тарихи ерекшелікте болатын: «Ол ел қиналмай-ақ қойсын,  мен 130 босқынды өз үйімде де күте аламын»

Еуропада болса партиялар босқын,  шетелдік және Исламға қарсы саясаттарда бір-бірімен жарысып, дауыстарын арттыруға тырысады. Австрияда «еш босқын қабылдамауға» уәде берген партия сайлаудан жеңіп шықты.  Көптеген Еуропа елінде фашистік ойдағы партиялар артып келеді.  Кейбір елдерде үкімет коалицияларында орын алуда.  Асыра оңшылдар көп артпасын деп орталық оңшылдар мен солшыл партиялар да көптеген елде радикализмге ауысуда.  Әрине бара-бара өзімен ғана шектелетін,  болашағын түнек қаптайтын Еуропаның осы дағдарысы адам баласы үшін үлкен рисктер ала келеді.  Бүгінгі таңда Еуропада радикализмге аумаған демократиялық партиялар билікке келсе,  мұнда Түркия  мен аймақ елдерінің босқындар тақырыбындағы ынтасының маңызды орны бар.

Иранға және шығанақ елдеріне болса ешбір сириялық босқынның бармауы болса бөлек әңгіме.

Зәйтүн бұтағына қарсы қара үгіт

Қазіргі уақытта ДАИШ террорлық ұйымы жеңіліске ұшыраса да,  жаһандық актерлердің Сирия проблемасын шешу үшін емес,  тереңдету үшін жүргізген саясаттары назар аударады.  Бұл әрине тек Сирияға ғана қатысты проблема емес. Ауғанстанда,  Иракта,  Ливияда,  Сирияда халықаралық коалиция араласқан елдерде осы елдерге тұрақтылық келмеді.  Керісінше өлім,  көздің жасы, үлкен көштер осы елдердің жағдайын ушықтыра түсті. Осы жағдайдың барлық құнын аймақ елдері төлеуге мәжбүр болды.  Сондықтан осындай дағдарыстар алдында алдымен шешім үшін ешбір құн төленбейтін халықаралық емес,  аймақтық коалициялар іздестіру қажет.

ДАИШ жеңіліске ұшырап,  азаматтық соғысқа назар аудару кезеңі басталғанына қарамастан, Америка Құрама Штаттарының PYD/YPG террорлық ұйымына мыңдаған көлікпен қару беруді жалғастыруы,  террорлық ұйымды шекара күшіне айналдыру туралы мәлімдемелері Түркия мен басқа да аймақ елдерінде үлкен наразылық тудырды.  PKK мен  PYD – Түркия және аймақ елдерінде оң мыңдаған адам өлтірген террорлық ұйым. Ладеннің Әл Кайдасының АҚШ шекарасындағы бір елде шекара күшін қалыптастыруы Америка Құрама Штаттарында қалай сезілетін болса,  PYD-ге қару беріп,  оған шекара күшін құрдыру да Түркия және аймақ елдерінде сол секілді қабылданады.  Түркия өзін қорғау,  аймақта тұрақтылық, адамдарды осы терроролық ұйымның қолынан құтқару және өзіне бағытталатын жаңа көш толқынына кедергі болу мақсатымен Зәйтүн бұтағы операциясын бастады.

Түркияның осы заңды операциясын кейбіреулер бұрмалап отыр.  Зәйтүн бұтағы операциясының ең маңызды себептерінің бірі – Сирияның территория тұтастығын сақтап қалу.  Себебі Америка Құрама Штаттары қолдап отырған PYD/YPG террорлық ұйымы Ирактан Жерорта теңізіне дейінгі аймаққа сатылап орналасып,  Сирияны бөліп жатыр.

Түркияның терроризмге қарсы операциясын күрдтерге қарсы деп көрсеткісі келетіндер бар.  Усаме бин Ладенге қарсы жүргізілген операция арабтарға қарсы емес,  терроризмге қарсы болса, Түркияның ісі де дәл солай. Ондаған жылдар бойы лаңкестік жасап келген бір ұйымның өз шекарасында террор аймағын қалыптастыруына рұқсат бермейді.  Түркияда және аймақта тұратын азаматтар PKK террор ұйымының,  Сириядағы атымен PYD/YPG-нің ең жойқын шабуылдарын өздеріне қолдау бермеген күрдтерге қарсы жүргізгенін өте жақсы біледі.

PYD/YPG террорлық ұйымы өзіне қолдау көрсетпеген күрдтер,  арабтар, түрікмендер және мұсылман емес топтарға этникалық тазалық жүргізуде.  Осыдан қашқан миллиондаған адам Түркияны және басқа да аймақ елдерін паналап жатыр.  Осы жағдайда қойылуы керек сұрақ АҚШ қолдаған террорлық ұйымның аймақтың жергілікті халқының қайта оралуына неге рұқсат бермейтіні? Түркияның операциясы аймақты терроризмнен тазалап,  барлық этникалық және діни халықтың өз елдеріне оралуына жол ашуды мақсат етеді.

Бұрын болған барлық соғыстар секілді бұл соғыс та бір күн міндетті түрде аяқталады.  Маңыздысы – артқа қарағанымызда,  көбіміз жеңіліске ұшырасақ та,  осындай соғыстарда болашақ ұрпақтарға қалдырылатын қай құндылықтарды сақтап қалғанымыз.

* Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саяси білімдер факультеті деканы



Ұқсас жаңалықтар