Қожа Ахмет Ясауи

Анатолының дана - ғұламалары 01

892372
Қожа Ахмет Ясауи

Барлық көне даналықтар ақиқаттың сырын ашуға тырысады. Тіршіліктің, мамандықтарымыздың, саяхаттарымыздың және әңгімелеріміздің бағыты әрқашан осы сұраққа жауап іздейді. Және барша үшін тіршілік бірдей жауапты іздеумен өтеді.

Дегенмен көпшілігіміз үшін бұл жарыстың жүрісі жай, ауытқулы, аңсыз және әлсіреуге толы. Алайда бір уыс адам бұл жолға өмірлерін арнайды. Олар әрі басқа бір бағытты нысанаға алмайды, әрі басқа үміттерге бет алмайды. Құлақтарында әрқашан бірдей сұрақтар зыңылдайды, көздерінде әрдайым бірдей жауаптардың сағымы жүреді. Ұзақ жолдарда, терең суларда, ағаш жапырақтарында, шөлдің құмдарында өмірлерін тауысады. Күтіп отырады, өздері «іздеген шындықтары алдарынан кездессін» деп қалайды. Ғылымды ақиқат теңізінен бір тамшы да болса алайын деп...

Міне, олардың бұл саяхаттарда жинақтаған тәжірибеден тамған ғылым бұлағы өзі туралы әлі өте аз мағлұматқа ие адамзатқа дәрідей әсер етеді. Адамзаттың құрғаған жүрегі үшін бұл даналардың өлеңдері мен сөздері барлық бұрқақтардан салқын. Әлемнің жан-жағында бұл даналар қатты құрметтеліп, адамзаттың ұжданы ретінде қабылданады. Өйткені олардың саяхаттары тек қана өздері үшін емес, адам мен тіршіліктің ақиқатына қатысты мағлұмат жинақтағанда тереңдейді.

Әлемнің әртүрлі жерлерінде бұл адамдар «ақиқат іздеушілер» ретінде құрметтеледі. Тіршіліктің білінбейтін тұстары үлкен бір теңіз сияқты айналаны қоршаған кезде бұл ғұламалардың сөздері паналаушыларға бір порт секілді көрінеді. Олар жалғыздықтың күрделі жолдарында айналаға бір темір қазықтай жарық-пана түсіреді.

Платон, Майстер Экхард, Мухйиддин Ибн Араби, Лао Цу немесе Гәутама Бұддһа. Баршасы шындықтың ізіне түскен және барлығы шындықтың бір жүзін жарық түсірген жұлдыздар.

Адам немен өмір сүреді? Деген сұраққа жауап тапқан, ақиқатқа жарық түсірген даналардың тарих бойынша кездескен негізгі орталықтарының бірі де күдіксіз Анатолы жері.

Анатолы пәлсапа, ежелгі нанымдар және жалғыз тәңірлі діндер өсіп тараған бір территорияда орын алады. Сондай-ақ көптеген діни орталықты да құрамына алады. Әсіресе 13-ші ғасырдан кейін Бұхара мен Самарканд сияқты маңызды мәдениет орталықтарынан Анатолыға келген және Хорасан ғұламалары ретінде танымал даналар Анатолының мәдени балшығын жаңадан қарып, осылайша бұрыннан мықты болған бір іргетас үстіне даналыққа толы эстетикалық бір сәулет орнатады.

Бұл нәзік құрылыс бір көңіл мәдениеті ретінде жіңішке және сезімтал кірпіштермен өрілген.

Мәулана Желаладдин-и Руми, Юнус Эмре, Қожанасыр және Қажы Бекташ Уәли бұл сезімталдықтың дене біткен күйлері.

Міне, «Анатолының дана - ғұламалары» атты бағдарлама да Анатолы ғұламаларының тіршілікке қатысты сұрақтарға берген жауаптарын сіздерге түсіндіреміз. 2013 жылы бойынша апта сайын бір ақиқат жұлдызының сөздері және даналығы жолымызды жарқырататын болады.

Алдымен жоғарыда айтқанымыздай, Анатолыға осы даналық отын түсірген Хорасан ғұламаларының ұлы ұстазы, Қожа Ахмет Ясауиді сіздерге таныстырғымыз келеді.

Тақтай қасық мен ожау жасап өмір сүрген қарапайым бір адамды ойлаңыз. Және бұл адамның алдында құрметтеп, қолдарын қауыстырған жүз мыңдаған адамды. Бұл адамдар нені күтіп тұр? Қасық жасауды үйрене ме екен? Әлде оларға тақтай ожау қажет пе? Әрине бұлардың ешқайсысы емес. Тақтай ожау емес, бірақ білімге әр нәрседен көп мұқтаж. Оларға өздері мен тіршіліктің шындығын білу және мұны үйрететін тақтай қасық шебері, ұстаздары Қожа Ахмет Ясауи қажет.

Ахмет Ясауи 11-ші ғасырда қазіргі Қазақстан шекарасында орын алған бір ауданда дүниеге келеді. Кіші жаста әкесі қайтыс болады және әпкесінің қасында өмір сүреді. Алғашқы сабағын Арыстан бабтан алады. Кейін болса Юсуф Хемедани ұстаздық жасайды. Өзі дәріс бере бастаған соң өз атымен аталған «Ясауилік» мектебінің құрушысы болады. Ясауилік бастапқыда тек қана Ясауидің өзі өмір сүрген ортаға әсер еткен, бірақ уақыт өткен сайын әсері Хорасан мен Иранға дейін тараған. 13-ші ғасырдан кейін болса, Анатолыға бағыт берген негізгі ойшыл ағымдардың біріне айналды.

Ясауиліктің өзін Ахмет Ясауидің «Диван-и хикмет» атты кітабында көруге болады. Бұл кітаптың әсері жүздеген жылдан кейін қазір де күшін жоғалтпаған. Әлі көптеген ғалым ғылыми жұмыстарында сілтеме жасап, бір оқу құралы ретінде әлемнің әртүрлі аймақтарында қолдан қолға айналады. ЮНЕСКО қабылдаған шешімімен 1993 жыл «Қожа Ахмет Ясауи жылы» ретінде жариялануы да оның бұл құндылығынан туындайды. Құдай сүйіспеншілігі мен таза өмір сүру жолдарын түсіндірген «Диван-и Хикмет» қаншалықты өлең жолдарынан тұрса да, Ахмет Ясауи өзін бір ақын ретінде қабылдамайды. Оған қарағанда өзі насихаттаушы және адамдарға ескерту жасауға тырысады. Адамдардың ішкі дүниелерін тазартып, арылуын қалайды және мұның жолдарын көрсетеді.

Ясауи адам қандай күйде болмасын, ризашылық пен сабыр сақтауға қатты мән беретін. Ясауи былай дейді: «Тойған кезде Хорасан иттерінің өзі шүкіршілік жасайды, маңыздысы аш кезде де шүкір ете білу».

Ұлы дана тіршіліктің сылтау қабылдамағанын және әр шартта кішіпейілділік көрсету керек екенін бұдан жақсы қалай түсіндіре алады?

«Қабілеті жоқтың кереметі де жоқ» түсінігіне бағынышты Ахмет Ясауи тіршілігі бойынша шәкірттерін бір мамандыққа бағыттайды. Адамдардың оған деген құрметінің мамандық иесі болуымен байланысты екенін айтқан Ясауи ойлау мен жұмыстануды ғибадат ретінде атауды ұмытпайтын. Тағы адам сүйіспеншілігінің барлық даналықтың негізін құрағанын түсіндіреді. Ол нанымы өте мықты екеніне қарамастан «Кезкелген бір дінге сенбесе де ешкімді ренжітпе!» дейді хикметтерінде «Өйткені біреуді ренжіту, Құдайды ренжітумен бірдей. Сондықтан сен ренжіген біреуді байқаған кезде де оны емдеуге тырыс».

Қожа Ахмет Ясауидің ойының негізінде махаббат бар. Тәңірге деген махаббат пен орнын білу бар. Орнын білу арқылы нәпісін тәрбиелеу. Және мұны жасау үшін де тәңір жаратқан жандармен араласуды баршаға нәсихаттайды.

Шәкірттерінің көпшігі 13-ші ғасырдан кейін Анатолыға келіп, оның бұл даналық ойларын Анатолыға, сондай-ақ Балканға тарауын қамтамасыз етті. Иляс Баба, Қажы Бекташ Уәли, Абдал Муса, Гейикли Баба және Сары Салтук оның осы шәкірттерінің кейбіреулері. Келесі бағдарламаларымызда бұл тұлғалардың кейбіреулерін сіздерге түсіндіреміз.



Ұқсас жаңалықтар