Түркі әлемі ынтымақтастығына үлес қосқан зиялылардың бірі – Юсуф Акчура

Түркия және Еуразия тынысы 47

855178
Түркі әлемі ынтымақтастығына үлес қосқан зиялылардың бірі – Юсуф Акчура

1900 жылдардың бастары түрік әлемінде бірлік туралы ойлар мен әңгімелер кең тараған бір кезең болды. Бұл дәуір түрік және мұсылман халықтардың батыс өркениетінің дамуы алдында өздерін жаңадан анықтап, қалыптастыратын талпыныстар басталған кезең еді. Бұл кезеңді негізінде түрік және мұсылман қоғамдар тұрғысынан «ояну кезеңі» деп атауға болады. Қазан қаласы мен айналасында діни салада басталған, кейін оқу-ағартушылық реформасы (Жәдитшілдік) ретінде жалғасқан, 20-шы ғасырдың басында болса саяси және ұлттық жұмыстар ауқымды бір қозғалысқа айналды. 1908 жылы Стамбұлда ортаға шыққан «Жас Османдықтар төңкерісі» ресейлік түрік зиялыларын Стамбұлға тартқан болатын. Ол кезде Стамбұл Ресей мен Түркістаннан келген зиялылардың ақылдасу орталығы болды. Османлы мемлекеті және ресейлік түріктер арасында мәдени жақындық жетіліп, тығыз көзқарас алмасулар осы кезеңде жүзеге асты. Қазан, Қырым, Кавказ және Түркістан зиялылары Османлының саяси және мәдени өмірінде маңызды рол ойнады.

Түрік дүниесінде «Бірлік пікірі» деген кезде алғаш еске түскен тұлғалардың бірі Юсуф Акчура болып табылады. Акчура 1879 жылы 2 желтоқсан күні Қазанның Симбир қаласында дүниеге келді. Материалдық жағдайдың жетіспеушілігінен 7 жасында Стамбұлға қоныс аударды. Юсуф Акчура 59 жылдық өмірінде жаһанды дүр сілкіндірген оқиғалардың куәсі болған бір түрік зиялысы еді. Ресейлік түріктермен тығыз байланыстар жалғасқан бір кезеңде өмір сүрді. Бұл ынтымақтастық ортасында орын алып, тіпті көпшілігінде көшбасшы болды. Юсуф Акчураның көзқарасының қалыптасуында жездесі Исмаил Гаспыралының орны ерекше болатын. Осы жайтты кезінде Акчураның өзі де тілге тиек етеді. Юсуф Акчура Исмаил Гаспыралыны керемет ұстаз, ойшыл жазушы, өте қабілетті журналист және шаршамайтын түрікшілдік қызметкері ретінде бейнелейді. Юсуф Акчура түріктердің солтүстік бөлігіне мүше болса да, оңтүстік түркілікті мәдени тұрғыдан бойына сіңірген бір тұлға еді. Жеке адам ретінде оның түркілік түсінігі барлық түріктерді қамтитын бір ауқымға ие болды. Акчура Қырымға оралған 1904 жылы баршаға белгілі «Üç Tarz-ı Siyaset» (Үш саяси әдіс) атты мақаласын жазып, Каирде шығатын түрік газетінде жариялады. Орыс патшалығының түріктерге қысымы артқан соң Акчура 1908 жылы Стамбұлға қайта оралды. Османлы империясында түрік ұлтшылдығы негізінде алғаш рет құрылған «Түрік қоғамы» атты азаматтық қоғамның құрушылары арасында орын алып, Дарулфунунда (жоғары оқу орны) Түрік саясаты сабақтарын оқи бастады. 1911 жылы 18 тамыз күні Мехмет Эмин Юрдакул, Ахмет Хикмет Мүфтүоғлу, Хүсейинзаде Али және Дәрігер Акил Мұхтар мырзалармен бірге «Түрік юрду» (Түрік жұрты) қоғамын құрып, «Түрік Юрду» атымен бір журнал шығара бастады. Бұл журнал жалпы түрік оқырмандарына Түрік дүниесін танытуға тырысты. 1912 жылы 12 наурыз күні болса Акчура Мехмет Эмин Юрдакул, Ахмет Ферит Бей, Ахмет Ағаоғлу және дәрігер Фуад Сабит мырзалармен бірге Түрік Ошағын құрды.

Юсуф Акчура Османлы империясының құтылуы үшін түрік дүниесімен бірлік саясатын қолдады. Акчураға қарағанда сол кездері түріктердің 45-50 миллион адам саны болатын және бес топқа бөлінетін: Османлы түріктері, Әзірбайжан (Кавказ) түріктері, Қырым түріктері, Солтүстік (Шимал) түріктері және Шығыс (Шарки) түріктері (Қазақстан, нағыз Түркістан және Шарки Түркістан). Юсуф Акчура түрік дүниесі туралы былай дейді:Бұрынғы дүниенің жарты шарын көз алдыңызға келтіріңіз. Сол жерде 3 құрлық бар. Солтүстік батысқа дөп келген жәнежыртылған ескі-құсқыға ұқсас бөлігін алып тастаңдар; оңтүстік батыстағы үш бұрышты соңғы және ауыр құрлықты да адамдар қарусыз қолдарымен қазған канал сызықшасынан бүктеп жыртыңыз; оңтүстік жағында төменге салбыраған үш төрт шығыңқыны да түзеңізСол кезде бұрынғы дүниенің негізгі кеудесі қалады. Міне осы кеуде толығымен түріктің жері, біздің мұрамыз. Акчураға қарағанда түріктер тіршіліктерін жалғастырған бұл жағрапия түріктердің тарихи мұрасы болатын. Бұл жағрапияны билеуші күш түрік ұлты болуға тиісті. Тілдері, нәсілдері, салты, діндері ортақ Азияның үлкен бөлігі мен Еуропаның шығысына тараған түріктердің бірігуі түріктерді басқа ұлттар алдында тиімді бір тұғырға көтереді.

Юсуф Акчураның ойлау мұрасы қазір Режеп Тайып Ердоған, Нұрсұлтан Назарбаев және Илхам Алиев сияқты басшылардың талпынысымен әртүрлі халықаралық ұйымдар ретінде көрініс табады. Түрік Кеңесі, Халықаралық Түріксой ұйымы, Түрік академиясынан бастап әртүрлі халықаралық ұйымдар осы бағытта жұмыстануда.



Ұқсас жаңалықтар