Террор және екіжүзділік дәуірі

Ибрахим Калынның мақаласы

754196
Террор және екіжүзділік дәуірі

9 маусым күні Батманның Козлук ауданында бір топ PKK-лық террорист ұрланған бір көлікке жарылғыш тиеді.  Аудандық муниципалитет басшысы Вейси Ышыктың көлігіне оқ жаудырды және артынан жандармерия бақылау пункты маңында бомба тиелген көлікті жарды.  Муниципалитет басшысы Ышык шабуылдан аман қалса да,  басқа бір көліктегі 22 жасар музыка пәнінің мұғалімі Шенай Айбүке Ялчын қаза тапты. Әскер Сонер Фазлыоғлу да шейіт болды.

PKK экстремистік ұйымының соңғы лаңкестігін шетел баспасөзі елемеді. Daily Sabah және Түркияда ағылшынша хабар тарататын бірнеше органнан басқа шетелдік баспасөз жас қыздың қайғылы өліміне назар аудармады. Себебі бұл оқиға PKK және ұйымның Сириядағы жалғасы болып табылатын YPG жөнінде батыс елдерінде кең тараған көзқарасқа ұйқаспайды. PKK-ны ақтау және Түркияға терроризммен күресте диалог және келіссөздің маңызы жөнінде уағыз беру үшін мүмкіндіктерден айрылып қалмайтындар оқиғаны айыптап та мәлімдеме жарияламады. Халықаралық баспасөз ДАИШ немесе Әл Кайда терроризміне қарсы күресте батыс елдеріне еш уақытта диалог және келіссөзге шақыру тастамайды.  Бұл бізге тарихтың ешбір кезінде кездеспейтін қос стандарттарға толы терроризм және екіжүзділік дәуірінде өмір сүріп отырғанымызды еске салады.

PKK экстремистік ұйымының мұғалімдер,  саясат қайраткерлері және қаруы жоқ басқа азаматтарды нысанаға алатын ұзын тарихы бар. Ұйым 1984 жылдан бері 150-ден астам мұғалімнің өлімін өз мойнына алды. Мұғалімдерге қарсы жасалған шабуылдар мемлекеттің билігін әлсірету, күрд балаларын білім алудан мақұрым қалдыру және мұғалімдердің шығыс және оңтүстік шығыс аудандарында жұмыс істеуден бас тартқызу секілді мақсаттарда істеледі. Тіпті ең опасыз шабуылдардың кейбірі мұғалімдер мен ағартушыларды нысанаға алған болатын. 1994 жылдың қыркүйек айында оқу жылы басталған бірінші күні мемлекеттік мектептің алты мұғалімін Тунджелиде алып қашып,  жергілікті халықты да олардың өлуін тамашалауға итермелеген болатын. Бір айдан кейін де Ерзурумның Текман ауданында террористтер төрт мұғалімді өлтірді. Әрине, бұл хабарлар баспасөзде орын алды.  Бірақ ешқашан адамдардың миында өшпес із қалдыратын түрде берілмеді. Себебі бұлар ДАИШ-ке қарсы соғысқан жақсы,  гуманист, еркіндікті аңсайтын PKK террористтерді баяндайтын екіжүзді сөздерімен сәйкеспейтін.

PKK террористтік ұйымы халықаралық құқықта жауынгер деп есептелмейтін қарусыз қауіпсіздік қызметкерлеріне қарсы көптеген шабуыл жасады.  Осы шабуылдардан басқа террорлық ұйым 1993 жылы мамыр айында Түркияның шығысындағы Бингөл-Елазыг автожолы бойында қарусыз 33 әскерді аяусыз түрде өлтірді.  2016 жылдың қараша айында Кайсеридегі әскери көлікке бомбалы көлікпен келіп шабуылдап, қатардағы 13 әскер қаза тапты.  36 әскер жарақат алды. Ұйымның Австрия және Германия секілді елдерде хабар тарататын органдары осы шабуылды мақтады. Біз осы тақырыптарды еуропалық лауазым иелеріне айтқан кезде,  олар сөз бостандығы құқығының артына жасырынады. Баспасөз еркіндігі қашаннан бері теріс пайдаланылып, террорлық ұйым пропогандасына айналды? Батыстық елдер әртүрлі сылтаумен терроризмнің мақталуына рұқсат беріп отыра ма?

Жоқ, әрине. Оның үстіне Еуропа мен АҚШ-та болған террор лаңкестіктерінен кейін болғанындай азаматтарын қорғау үшін қауіпсіздік шараларын арттырады. Осы шараларды қабылдау олардың құқығы, ешкім оларды айыптай алмайды. Алайда тақырып неге Түркияның терроризммен күресіне келгенде бізге қос стандарт пен екіжүзділік танытады?

Бірнеше тұрғыдан алып қарағанда,  бұл нағыз «Шығыс үшін жақсы» деген көзқарас. Еуропа центризмі қазіргі әлемдік жүйенің тамырларына тереңдей бойлаған.  Осы көзқараста терроризм тек батыс мүддесіне зиян келтіргенде ғана жаман және жедел шешілуі керек бір проблемаға айналады.  Терроризм өз бейнесін басқа жерлерде көрсетсе, батыс тұрғысынан тақырып өте маңызды емес.  Алайда бұл өз өзін кісендеу деген мағынаға келеді. Қазіргі өзара тәуелділік артқан дәуірмізде барша сенімде болмайынша ешкім сенімде болмайды. Жақын тарихтағы терроризм бізге ең кемінде осы сабақты берді деп есептейміз.

Бұрынағы жылдары батыстық медиа органдары PKK/YPG террористтерін үлгі-өнеге ретінде таныстырды. 2014 жылы қазан айында ДАИШ пен YPG арасында Кобаниде қақтығыстар жалғасып жатқан кезде,  француз журналы «Marie Claire» YPG қатарында соғысқан 12-14 жасар балаларды мақтаған еді. Журнал редакторлары осы бала жауынгерлерді өте ықпалды фигуралар деп атады.  Алайда PKK-ның қылмыстарын ақтау және террористтерге жаңа имидж беру жұмыстары бүгінгі күні де жалғасуда.  2017 жылдың наурыз айында жарияланған бір қалада «New York Times» газеті PKK-ның атын атамай,  Түркияда «күрдтер мен ДАИШ содырлары» деген екі террорист топтың бар екенін жазды.  Басқа бір хабарда PKK террористік ұйымы басшыларының жазықсыз адамдарды өлтіру үшін әрі әйел,  әрі еркек содырларды міндеттендіруді жақтайтынын,  осылайша гендерлік теңдікке қызмет еткені алға тартылды.

Шенай Айбүке Ялчынның өлімінің баспасөзде орын алған түрі немесе орын алмауы  - қорқынышты.  PKK-лық террористтер өз жолдарына шыққан адамдарды өлтірген кезде, қорқытқан кезде немесе қысымға алған кезде дүние жүзінің осыларды елемеуі құрбандарды виртулды құрбан немесе істелген қылмысты жеңіл қылмыс қылмайды. Одан да жаманы осы ұйым бүгінгі таңда Сирияның солтүстігінде бір аймақты басқарып отыр.  Амнистиция ұйымы секілді мекемелердің ойынша осы ұйым әрі күрд еместерге,  әрі өздеріне оппозиция күрдтерге қарсы соғыс қылмысын істеуде, осы азаматтарды ел-жұртын тастап көшуге итермелеуде немесе түрмеге жабуда. Батыстық медиа органдары осы хабарларды оқырмандарына береді, әрине. Бірақ осы хабарлар ешқашан басым хабар, маңызды жаңалық болмайды.  Немесе адамдардың ойында із қалдырып, сансыз баспасөз органында және саяси орталарда миллион кере қайталанатын оқиғаға айналмайды.

Осылардың барлығы болып жатқан кезде,  қазан айында Батманға жұмысқа қабылданғанына қуанып,  әлеуметтік желі есебінен шаттықпен жариялаған Шенай Айбүке Ялчын секілді жас мұғалімдер көп нәрседен мақұрым кедей балаларға жарқын болашақ беру үшін өз өмірлерін тәуекел етеді. Оларды ұмытпау және істерін жалғастыру - терроризммен күресте екіжүзділікке қарсы баршамыздың моралдық жауапкершілігі.



Ұқсас жаңалықтар