Ердоған – Путин кездесуі және Түркия- Ресей ынтымақтастығы

Түркия және Еуразия тынысы 20

734414
Ердоған – Путин кездесуі және Түркия- Ресей ынтымақтастығы

Қазіргі таңда Ресей Федерациясы мен Түркия - Кавказ, Таяу Шығыс және Қаратеңіз бассейнінде мықты екі күш. Түркия мен Ресей арасында көптеген стратегиялық салада геосаяси бәсекелестік жалғасуда, дегенмен екі ел арасында ынтымақтастық та кеңеюде. Түркия мен Ресей қырғиқабақ соғыстың аяқталуымен көптеген ортақ жұмыстану саласы жетілдірді. Басқа жақтан қырғиқабақ соғыс кезеңінен мұра қалған мәселелер және табиғи геосаяси мүдделер себепті екі елдің аймақтық және жаһандық тұғырдағы саясаттары бір-бірінен бөлек.

Ресейдің энергия экспортында Түркия үлкен маңызға ие. Түркия үшін болса Ресей экспорт үшін үлкен бір нарық. Екі мың жылдарының басынан бастап Ресей мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтарда маңызды жаңалықтар болды. Сауда, туризм және энергия салаларында екі тарапта табысқа жететін ынтымақтастықтар бар. Басқа жақтан Түркияның НАТО одағының алдынғы қатарлы мүшелерінің бірі болуы, Таяу Шығыс, Қаратеңіз және Оңтүстік Кавказ аймақтарында бәсекелес мүдделер Түркия - Ресей ынтымақтастығының нәзік жағын құрайды. Сирияда және Украинадағы жаңалықтарда да осыны көруге болады.

Түркия және Ресей сауда, туризм және энергия салаларында маңызды бір ынтымақтастық орнатты. Екі жақты сауда жыл сайын артып келеді. Түркия жыл сайын еліне келген миллиондаған ресейлік туристтен маңызды мөлшерде табыс түсіреді. Энергия саласында болса Түркия Ресейден маңызды мөлшерде табиғи газ және мұнай сатып алады. Бұл Ресей үшін маңызды бір табыс көзі. Сондай-ақ Ресей Түркияның тұңғыш Атом электр стансасын құру жобасына да қолдау береді. Түрік ағыны жобасында да екі ел маңызды бір ынтымақтастық ортаға қояды. Соңғы жылдары орыс-түрік азаматтары арасында отау құру да маңызды мөлшерде артты. Тағы Ресейде рейтинг рекорды жаңартқан түрік теле сериалдары мен фильмдері орыс қоғамының санасында Түркияның белсенді орын алуын қамтамасыз етеді.

Түркия Республикасы президенті Ердоған қысқа уақыт бұрын Ресей Федерациясына ресми сапар ұйымдастырды. Ресей президенті Путинмен Сочиде бас қосты. Сочи кездесуі Түркия-Ресей ынтымақтастығында 2016 жылы 26 маусым күні басталған қалыпқа келтіру процесін жетілдірген бір жиналыс болып өтті. Ресей медиасы кездесуді оқырмандарына «ортақ ынтымақтастыққа кері оралды» тақырыбымен бөлісті. Қазіргі жағдайды Түркия Республикасы президенті Ердоған «стратегиялық ортақтық» деп бағалады. Ердоған-Путин кездесуінде туризм, ауыл шаруашылығы, текстиль, атом энергиясы және Түрік Ағыны салаларындағы мәселелер шешілді. Қызанақ импорты және кейбір виза шектеулері тақырыбындағы мәселелер болса шешімін тапқан жоқ. Сочи кездесуі арқылы Астана келіссөздерінде де жаңа бір кезең басталды. Ресей және Түркияның бірге үстелге отырып, Сирия дағдарысына шешім іздеуі екі ел арасындағы ынтымақтастық күшінің тұғырын көрсетуі тұрғысынан маңызды.

Сочидегі Ердоған – Путин саммиті мен түрік-орыс ынтымақтастығында жаңа бір кезең басталды. Саммиттің артынан жасалған мәлімдемелерде екі басшы да болымды жолдамалар жасады. Осылайша Түркия-Ресей ынтымақтастығында қалыпқа келтіру процесі сатысынан өтіп, ортақ ынтымақтастық сатысына қол жеткізілгенін байқаймыз. Әрине бұл сатыға жету оңайға түскен жоқ. Қиын кезеңдер бастан кешіп, екі ел ынтымақтастығы өте көп сынақтан өтті. Түркия мен Ресей арасында атап көрсеткеніміздей әр салада саяси түсіністік пен айырмашылықтар бар. Бірақ бұл айырмашылықтар тақырыбында жауапкершілік алып, ынтымақтастық салаларына инвестиция салу ұзақ мерзімде әрі Түркияның, әрі Ресейдің мүддесіне болмақ. Әйтсе де Түркия мен Ресей екі мыңыншы жылдардың басынан бері екі жақты ынтымақтастық және бәсекелестік салаларын табысты түрде бір-бірінен ажырата білді. Осы себепті қазір көптеген тақырыпта маңызды жұмыстар атқарылды. Сирия дағдарысы Түркия мен Ресейдің талпынысымен табысты түрде аяқталатын болса, бұл аймақта маңызды бір бастама болады. Екі ел басшылығында аймақтағы көптеген мәселенің шешімі үміт артады.

Сирия дағдарысы аясында Түркия мен Ресейдің әртүрлі актерлермен ынтымақтастығы бар. Мықты бір дипломатия механизмі құрылған кезде жағымсыз көрінген бұл жағдайдан жағымды нәтижелер шығуы мүмкін. Алдағы кезеңде болса Түркия-Ресей ынтымақтастығында ең үлкен риск Ресейдің ПКК-ның Сириядағы тармағы PYD/YPG-мен жақын ынтымақтастығы. Ресей бір жақтан Түркиямен ынтымақтастық жетілдіріп, басқа жақтан Евфраттың батысында PKK/PYD/YPG террор ұйымымен бірге қозғалып, Түркияның кейінгі қадамына қарсы Афринді қорғауға алуға тырысады. Бұл жағдай екі ел арасындағы жақсы ынтымақтастыққа жараспайтын бір ұстаным. Ынтымақтастықтың одан да жақсаруы үшін Ресейдің бұл ұстанымнан бастартуы міндетті.



Ұқсас жаңалықтар