Шанхай ынтымақтастық ұйымы үкімет  басшылары жиналысы

Еуразия тынысы-46

609041
Шанхай ынтымақтастық ұйымы үкімет  басшылары жиналысы

  Бүгінгі «Еуразия тынысы» атты бағдарламада Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы үкімет басшылары жиналысына тоқталамыз.

3 қараша күні Шанхай ынтымақтастық ұйымы үкімет  басшылары жиналысы Бішкектегі «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында  өткізілді. Қырғызстан уақытша үкімет басшысы Сооронбай Жээнбековтың үй иелігінде ұйымдастырылған жиналыс шағын және кеңейтілген форматта өтті. Шағын форматтағы жиналысқа  Сооронбай Жээнбековпен қатар Қытай Халық Республикасы премьер-министрі Ли Кечанг, Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев, Тәжікстан премьер министрі Кахир Расулзода және Өзбекстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Рустам Азимов қатысты. Жиналыста ұйымның жұмыстары және қол қойылатын шешімдер талқыға салынды.

Одан кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымы үкімет  басшылары жиналысының кеңейтілген форматы жалғасты. Бұл жиналысқа Белоруссия премьер-министрі Андрей Кобяков, Ауғанстан атқару алқасы төрағасы Абдуллах Абдуллах, Үндістан сыртқы істеріне жауапты мемлекеттік министр  Жаһит Экбер, Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрі орынбасары Ибрахим Рахимпур, Монғолияның Қырғызстандағы өкілетті және төтенше елшісі Джагир Сухе, Пәкістан премьер-министрінің сыртқы істер жөніндегі ақылшысы Сартаж Азиз және ұйымның аймақтық жауаптысы да қатысты. Жиналыста Еуразия экономика одағы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы арасындағы интеграция, террормен күресу, ұйым тармағында экономикалық ынтымақтастығын дамыту және басқа тақырыптар қолға алынды.

Жиналыс аяғында үкімет басшылары тарапынан 12 хаттамаға қол қойылды. Қол қойылған хаттамалар арасында ұйымның 2017-2021 бағдарлама қаңқасы, 2016-2020 ғылыми және техникалық ынтымақтастығы, 2017 бюджеті және рапорттарымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымы Даму банкі және даму қорын қамтыған хаттама да бар. Шанхай ынтымақтастық ұйымы үкімет басшылары жиналысы 2017 жылы Ресей Федерациясында өткізіледі. Бішкекте ұйымдастырған жиналысқа 250-тан астам журналист қатысты.

Жиналыс аясында Қырғызстан-Қазақстан және Қырғызстан-Қытай арасында үкімет басшылары деңгейінде екі жақты кездесулер де  өткізілді. Қырғызстан мен Қытай үкімет басшыларының кездесуінде инвестиция, техника, экономикалық ынтымақтастық сынды салаларда 6 хаттамаға қол қойылды. Сонымен қатар Қырғызстан мен Қытай арасында Қырғызстан суару жүйесінің жақсартылуы, Бішкек қаласы автожолдарының жаңару жобасының жүзеге асырылуы және Қырғызстан экономика министрлігі мен Қытай Халық Республикасы сауда министрлігі арасындағы ынтымақтастықтың күшейтілуі тақырыптарында келісім жасалды.

Жиналыс қарсаңында Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүшесі елдерінің үкімет басшыларын Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев қабылдады. Атамбаев Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев және Қытай Халық Республикасы премьер-министрі Ли Кечангпен оңаша кездесті.

15 жылын толтырған Шанхай ынтымақтастық ұйымы күшті аймақтық ұйым болуы жолында ілгерілеуде. Бішкекте өткізілген Шанхай ынтымақтастық ұйымы үкімет басшылары жиналысының ең маңызды қорытындысы ретінде Даму банкінің құрылуымен байланысты шешімнің қол қойылуын айтуға болады. Президент Алмазбек Атамбаевтің Ташкенттегі жиналыста Даму банкінің орталық офисінің Бішкекте болуын ұсынғанын да еске сала кетейік.

Соңғы кезеңде екі жақты қарым-қатынастары қайтадан ушыққан Пәкістан мен Үндістан жиналысқа өкіл жіберіп, мемлекеттерінің Ұйымға қатысу табандылығын көрсетті. Ауғанстан атқару алқасы төрағасы Абдуллах Абдуллахтың жиналыста Ауғанстанның Ұйымға толық мүше болу талабын қайталауына, бұдан кейінгі жиналыста көңіл бөлінеді.

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтің Бішкекте көтерген еркін сауда алаңын құру ұсынысы да Ұйымның экономикалық ретінде үлкеюіне үлес қосып, үлкен потенциалдық көзқарас деп айтуға болады.  Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бішкекте ұйымдастырылған жиналысы арқылы үлкею және күшею жөнінде маңызды бір қадам болды.

 



Ұқсас жаңалықтар