Президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей сапары

Еуразия тынысы 34

570272
Президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей сапары

Режеп Тайып Ердоған 9 тамыз күні Ресейге ресми сапармен барды. Президент Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин екі ел арасындағы ұшақ дағдарысының артынан тұңғыш рет Санкт-Петербург қаласында бас қосты. Алдымен басшылар шамамен 1,5 сағат оңаша кездесті. Артынан екі елдің министрлері және басқа лауазымдылар қатысқан делегация аралық кездесу жүзеге асты. Бас қосуды 200-ден астам елдің баспасөз өкілі бақылады.

Делегация аралық жиналыстың артынан екі ел басшылары ортақ баспасөз жиналысы ұйымдастырды. Баспасөз жиналысында алғашқы сөзді алған Путин кездесудің болымды атмосферада өткенін және ынтымақтастықтың екі ел халқының достығы тұрғысынан аса маңызды екенін атап көрсетті. Путин сондай-ақ «Иә, өте қиын бір кезеңнен өттік, бірақ түрік достарымызға бұл қиыншылықтарды артта қалдыратынымызға сенімді екенімді айтқым келеді» деді.

Түрік тарапының дағдарысқа қарамастан Түрік ағымы тақырыбында болымды қадамдар басқанын атап айтқан Путин «Оңтүстік ағымда кейбір шығындарға ұшырадық. Түрік ағымы Оңтүстік ағымға балама емес» деді. Осында Ресей энергия министрі Александр Новактың сол күні Түрік ағымы үшін үкіметаралық келісімге қазан айында қол қойылатынын және алғашқы құрылыс жұмыстарын 2019 жылдың екінші жартысы бастауға болатыны жайлы мәлімдеме жасағанын атап көрсеткен жөн.

Баспасөз жиналысында сөз алған президент Ердоған да екі жақты қарым-қатынастарды қайта ретке келтіру және одан да жетілдіру тұрғысынан екі елдің мүдделі екенін айтып, «Ынтымақтастықты бұрынғы қалпына келтіруге ынталымыз» деді. Екі ел арасындағы келіссөздердің жалғасатынын атап көрсеткен Ердоған «Байланысты әр салада тығыз түрде жалғастырамыз» деді.

Аккую атом электр станциясына стратегиялық инвестиция мәртебесінің берілетінін атап көрсеткен президент Ердоған «Түрік-орыс ортақ инвестиция фонды құру тақырыбында келістік. Қорғаныс өнеркәсібі саласында ынтымақтастығымызды арттырамыз. Аймақтық мәселелерді қолға алу тақырыбында Түркия-Ресей-Әзірбайжан үштік саммит механизмін іске қосуға жылы қараймыз. Иншалла бұл қадамдар арқылы Анкара-Мәскеу желісін қайтадан сенім мен достықтың желісіне айналдырамыз» деді.

Баспасөздің артынан екі жақты қарым-қатынастар тұрғысынан басшылар Сирия тақырыбында алғаш рет оңаша бас қосты. Басшылар Сирия мәселесін шектеулі түрде қолға алды. Сирия жиналысымен байланысты арнайы бір баспасөз жиналысы ұйымдастырылмады. Бірақ Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сирия дағдарысына қатысты Ресеймен үштік бір механизм құрғандарын білдірді. 11 тамыз күні Санкт-Петербургте екі елдің Сыртқы істер министрлігі, Барлау басқармасы және қарулы күштер лауазымдылары Сирия мәселесінің шешімі тұрғысынан бірінші жиналыстарын өткізді.

Президент Ердоғанның Ресей сапары Путинмен бірге екі елден 20 іскер қатысқан жиналыспен аяқталды.

Сол күні Ресей Федерациясы кеңес төрағасы Валентина Матвийенко Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісімен (ТҰҰМ) жұмыстардың басталатынын атап көрсетті. Ресей премьер-министр орынбасары Ольга Голодец болса 13 тамыз күні Түркия мен Ресей арасындағы туризм, оқу және жұмыс салаларындағы ынтымақтастықтардың ең қысқа уақытта екі жаққа мүдделі түрде қайта қалыпқа енетінін білдірді.

Сондай-ақ «2018 ФИФА Әлем кубогы» іріктеу матчтары аясында Ресей мен түрік ұлттық құрамалары арасында Анталияда 31 тамыз күні достық матчын өткізуге шешім қабылданды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркиядағы төңкеріс әрекетінің артынан алғашқы сапарын Ресейге ұйымдастырды. Бұл сапар бұзылған Түркия-Ресей қарым-қатынастарын қайта ретке келтірді. Ұшақ дағдарысынан кейінгі жаңалықтар екі елдің қандай жағдай болмасын ынтымақтастықты жоғары сатыға жеткізу керектігін ортаға қойды. Бұл орайда президенттік аппараттың бас хатшы орынбасары және мәлімдемешісі Ибрахим Калынның «Бұл оқиғалардың қайталанбауы үшін және әскери салаларда одан жақын ынтымақтасу үшін екі елдің бас штабтары арасында тікелей байланыс орнатылды» деген мәлімдемесі аса маңызды.

Түркия мен Ресей аймақтық мәселелердің шешімі тұрғысынан үштік механизмдерді іске қоса бастады. Жоспарланған Түркия-Ресей-Әзірбайжан үштік саммиті болса аймақтық мәселелердің шешімі тұрғысынан мүдделі болмақ. Алдағы уақытта Түркия-Ресей-Иран саммитін ұйымдастыруды ойлауға болады.

Кездесуде құлатылған орыс ұшағымен байланысты өтемақы тақырыбының күн тәртібіне келмеуі немесе күн тәртібіне келген жағдайдың өзінде жарияланбауы тараптардың ынтымақтастықтың қалыпқа енуіне үлкен мән бергенін көрсетеді.



Ұқсас жаңалықтар