Нұрсұлтан Назарбаевтың Польша және Сербия сапарлары

Еуразия тынысы 36

570287
Нұрсұлтан Назарбаевтың Польша және Сербия сапарлары
Nazarbayev Sırbistan.jpg

Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев 22-25 тамыз күндері арасында Польша мен Сербияға ресми іс-сапар ұйымдастырды. Назарбаевтың Шығыс Еуропа елдеріне бұл саясатына жүзден астам қазақ іскер де қатысты.

Президент Назарбаев алдымен Польшаға барды. Польша сапары аясында Польша президенті Анджей Дудамен оңаша және делегация аралық кездесті. Кездесудің артынан ортақ баспасөз жиналысы ұйымдастырылды.

Президент Назарбаев баспасөз жиналысында жасаған мәлімдемеде екі елдің ортақ тарихқа ие екенін атап, Польшаның Қазақстанның Еуропадағы ең жақын және маңызды ортағы екенін атап көрсетті. Назарбаев сөзінің жалғасында келесі жылға дейін екі жақты виза жеңілдігі жүйесін іске қосуды жоспарлағандарын, екі ел арасында тікелей рейстердің басталатынын білдірді. Президент Назарбаев сондай-ақ Қазақстан мен Польшаның әуеден транзит жүк тасымалдауды бастайтынын білдірді. Президент Назарбаев сондай-ақ Қазақстан мен Польшаның транзит жүк тасымалдау күшіне назар аударып, Польша және Ресеймен үштік келісім құруды және Кавказ транзит коридорын қолдануды ұсынды.

Назарбаев Польша сапары аясында премьер-министр Беата Шидло және Мәжіліс төрағасы Станислав Карчевскиймен де кездесті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Польша Сенатының құрмет дәптеріне қол қойды.

Қазақстан президенті Назарбаев сапарының екінші күнінде Варшавада ұйымдастырылған Польша-Қазақстан іскер форумына қатысты. Шамамен 400 іскердің қатысуымен жүзеге асқан форумда Назарбаев екі ел арасындағы сауда көлемінің 2015 жылы 1,1 миллиард доллар екенін және бұл сайда күшінен әлде қайда төмен екенін атап көрсетті. Қазақстанда қазір 100-ден астам польшалық фирма жұмыс істейді.

Польша сапарының артынан Назарбаев Сербияға өтті. Назарбаевтың Белград әуежайында әріптесі Томислав Николич мемлекеттік рәсіммен қарсы алды. Оңаша және делегация аралық кездесулердің артынан екі ел арасында ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, медицина және дәрі-дәрмек салаларында келісім жасалды. Екі ел 5 бөлек салада ынтымақтастық келісіміне қол қойды. Сапары аясында Назарбаев серб әріптесі Николичке Қазақстанның достық орденін берді.

Сербия сарайындағы кездесудің артынан басшылар ортақ баспасөз жиналысы өткізді. Баспасөз жиналысында Назарбаев екі ел арасындағы қазіргі сауда-саттық және экономикалық ынтымақтастықтың негізгі күшін ортаға қоймағанын атап айтты.

Сербия президенті Николич болса еліне тұңғыш рет келген Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сапарының тарихи ерекшелікке ие екенін атап, екі елдің ортақ экономикалық нысаналары бар екеніне назар аударды.

Назарбаев Сербия байланыстары аясында премьер-министр Александр Вучич, Серб патриархы Иринеймен кездесті. Патриарх Ириней Назарбаевке православ шіркеуінің киелі Савва 1-ші медалін табыс етті. Назарбаев сондай-ақ серб әріптесімен бірге Белградта салынған қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың ескерткішін ашты.

Қазақстан абыройлы сыртқы саясатты ұсталықпен жүргізеді. Қазақстан тұрғысынан Еуропа елдері ең маңызды сауда партнері болып табылады. Назарбаевтың Польша және Сербия сапары бұл тұрғыдан аса маңызды.

Қазақтар мен польшалықтардың ынтымақтастығы 1-ші дүниежүзілік соғысқа дейін барады. 1-ші және 2-ші дүниежүзілік соғыста Қазақстан жеріне мыңдаған польшалық жер аударған болатын. Қазір Қазақстанда 40 мыңнан астам польшалық өмір сүреді. Бұл орайда Қазақстан-Польша ынтымақтастығының одан да жетілетінін айтуға болады.

Сербия президенті өткен жылы Қазақстанға ресми сапар ұйымдастырған болатын. Назарбаевтың сол сапарды Сербияға жасаған тұңғыш сапарымен қайтарды. Сербия да Қазақстанға өкілетті елшілік ашып, ынтымақтастықты жетілдіргісі келеді. Өйткені Қазақстан Косово мәселесінде Сербияның шекара тұтастығын жақтайды және бұл екі ел халықаралық салада бір-бірінің инициативаларына қолдау береді.

Президент Назарбаев шетел сапарларында әріптестерін EXPO 2017-ге шақыруды, осымен байланысты келісімдерді қамтамасыз етуді ұмытпайды. Польша мен Сербия сапарларында да Назарбаев бұл елдерден EXPO 2017-ге қатысуға уәде алды. Халықаралық салада құрметтелген Назарбаевтың саясаттағы шеберлігін Еуразия экономикалық одағы және  Еуроодақ арасында жылдың соңында Брюссельде өтетін конференцияда да ортаға қояды деп ойлаймыз.



Ұқсас жаңалықтар