Армениядағы полиция бөлімшесі басқын оқиғасы

Еуразия тынысы 32

569813
Армениядағы полиция бөлімшесі басқын оқиғасы

Арменияның астанасы Ереванда 17 шілде күні таңертең, бір топ адам Ереванның Эребуни аудандық полиция бөлімшесін басып алды. Бөлімшенің есігін бұзып кірген топ 7 адамды кепілге ұстап алды. Бөлімшеде шыққан қақтығыс кезінде бір полиция қаза тапты. Келіссөз үшін бөлімшеге кірген Армения полициясы басшысы орынбасары Вартан Егиазарян мен Ереван қалалық полициясы басшысы орынбасары Валерий Осипян да кепілдікке алынды. Көп ұзамай бұл қарулы топтың кімдер екені және талаптары ортаға шықты.

Басқын жасаушы «Sasna Dzrer» атты қарулы топ маусым айында қамалған оппозициядағы Жаңа Армения саяси қозғалысының басшысы Жирайра Сефиляннан бастап, саяси тұтқындардың еркін жіберілуін және президент Серж Саркисянның отставкаға кетуін талап етті.

Жирайра Сефилян 22 маусым күні ««бір топ тұлғалармен бірге, алдын ала келісім бойынша бірнеше қару-жарақ пен оқ-дәрі, жарылғыш заттар немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша айыпталуда.

Еревандағы бұл саяси бір оқиға болғаны себепті аса маңызды еді. Өйткені бұл оқиғамен байланысты Армения президенті бес күн бойынша үнсіз қалды. Полиция бөлімшесі алдында қалың жұрт жиналып, басқыншы топқа қолдау бере бастады. Сондай-ақ бұл оқиға екі аптаға созылды.

Жиналған қалың жұрт пен полиция арасында шыққан қақтығыста 51 адам жарақат алды және 136 адам тергеуге алынды. Оқиғадан бес күн өткен соң полиция бөлімшесінде кепілдікке алынғандар еркін жіберілді. Кейін кепілге алушылардың баспасөз мүшелерімен кездесуіне рұқсат берілді. Баспасөзбен кездескен қарулы топ мүшелерінің бірі Варужан Аветисян кепілге алынғандардың еркін жіберілуін гуманитарлық бір қадам ретінде бағалап жатқанда, талаптары орындалмайынша полиция бөлімшесінен шықпайтындарын атап көрсетті.

Апта бойынша мыңдаған адам Ереван көшелерінде полиция бөлімшесін басып алған Жаңа Армения партиясы мүшелеріне қолдау үшін шерулерге қатысты. Бөлімшеге шабуылдаған топ Сефилян мен кейбір адамдардың босатылуын талап еткен және жақтаушыларын шеруге шақырған бір бейне көрініс жариялады.

30 шілде күні Эребуни полиция бөлімшесінің алдында қарулы топқа қолдау беруге келген ереуілшілер мен полиция арасында шыққан қақтығыста 60 адам жарақат алды. Армения денсаулық сақтау министрлігі ауруханаға апарылған 3 жаралының ауыр жағдайда екенін мәлімдеді. Жақтаушылардың бірі өзін алаңда өртеуге тырысты. Денесі қатты күйген адамды достары өз мүмкіншіліктерімен ауруханаға апарды.

Кепілдікке алу әрекетіне қатысы бар топқа қолдау үшін жиналған жүздеген адам 31 шілде күні полициямен қайтадан бетпе-бет қалды. Шыққан қақтығыста 73 адам жараланды, 23 адам тергеуге алынды.

Сол күні кешке қарай қарулы топтағы 20 адам берілді. Ереуілшілер Армения билігіне қарсы күресті жалғастыратындарын, Арменияның Ресейдің аймағы болуына рұқсат бермейтіндерін, бұл әрекеттің негізгі мақсатының халықты билікке қарсы күреске шақыру және бұл күрестің ұшқыны болуды қалағандарын мәлімдеді. Қарулы топ берілген соң олардың жақтаушылары Ереванның үлкен алаңында жиналып митинг ұйымдастырды.

 Еревандағы бұл оқиға өте қызық және көптеген сұрақ туғызған бір жаңалық болды.

Оқиғаны бағалаған мамандардың көпшілігі оқиғаның Таулы Қарабах мәселесі мен тікелей байланысты екенін болжайды. Ереуілшілер жариялаған шақыруда Серж Саркисянның Таулы Қарабахтан жер беріп нысанаға алған шешіміне рұқсат берілмейтінін атап көрсеткен болатын. Баршаға мәлім, аймақтағы сәуір айы оқиғаларының артынан Армения мен Әзірбайжан әкімшіліктері мәселенің шешімі тұрғысынан кейбір қадамдар басқан болатын. Сефилян болса президент Серж Саркисянның Таулы Қарабах ұстанымына қатаң түрде қарсы шығады. Мәселелерді қарумен шешу оқиғасы соңғы кездері Еуразия жағрапиясында жиі таңдалған, алайда табыссыз аяқталған немесе одан көп мәселеге жол ашқан жаңалықтар ретінде алдымызға шыға келеді. Бұл оқиғалар алдында батыстың қос стандартты ұстанымы болса қатты ойландырады. Sasna Dzrer-дің бұл қызық әрекетінің табысты болып болмайтынын алдағы кезеңде нақты түрде көреміз. Бәрібір Таулы Қарабахты Әзірбайжанға кері қайтару процесі өткен сәуір айынан бастап іске қосылды.



Ұқсас жаңалықтар