Халықаралық экономикалық форумы

Еуразия тынысы 27

526718
Халықаралық экономикалық форумы

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында 16-18 маусым күндері аралығында Халықаралық 20-шы Санкт-Петербург экономикалық форумы ұйымдастырылды. 130 елден 12 мың адам қатысқан форумға 21 мемлекеттен 30 министрлік қатысты. Әлемнің көптеген жерінен мың 300 фирмаға өкілдік еткен форумға Ресейден 600 жергілікті мекеме қатысты. Батыстың Ресейге қарсы санкцияларына қарамастан биылғы форумға қызығушылық үлкен болды.

Халықаралық Санкт-Петербург экономика форумына БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Еуроодақ кеңесі төрағасы Джан-Клод Юнкер, Италия премьер-министрі Маттео Рензи, Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Гвинея мемлекет басшысы Альфа Конде, Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози және Мальта премьер-министрі Джозеф Мускат сияқты басшылар қатысты. Қатысушылар арасында Америка Құрама Штаттары, Франция, Швейцария, Жапония, Ұлыбритания, Германия, Италия, Финляндия, Қытай Халық Республикасы және Дания сияқты көптеген елдің өкілдері орын алды. Еуроодақ кеңесі төрағасы Джан-Клод Юнкердің форумға қатысуы Украина дағдарысы себепті Ресейге санкция жасаған Еуроодақ елдерінен 2014 жылдан бері жүзеге асқан жоғары деңгейдегі алғаш сапар ретінде тіркелді.

Экономика Форумы аясында оңаша кездесулер, дөңгелек үстел жиналыстары және семинарлар жүзеге асырылды. Және осында күнделікті мәселелер қолға алынды.

Алибаба, ExxonMobil, BP, Boeing, Pirelli және Nestle сияқты үлкен фирма өкілдері де қатысқан форум аясында 332 келісімге қол қойылды. Келісімдердің жалпы құнының 15.5 миллиард доллар екені білдірілді. Форумда ең көп келісім форумның биылғы қонағы Италия мен Ресей арасында қол қойылды. 3 күнге жалғасқан форумға Ресей президенті Владимир Путиннің мәлімдемесі қолтаңба қалдырды. Путин АҚШ пен НАТО-ның Ресейге жасаған санкциялары және салқын соғыс тақырыптары жайлы маңызды мәлімдемелер жасады.

Путин «Америка үлкен күш. Жалғыз супер күш болуы да мүмкін. Біз Америка Құрама Штаттарымен жұмыстанғымыз келеді. АҚШ Еуропада неліктен әскери болмысын арттырады? Білмеймін. Осыған қарсылық беруге мәжбүр қалуымыз мүмкін. Осында тек қана өз қауіпсіздігімізді ойламаймыз. Әлемдегі күш теңдігін қорғау керек. Зымыран жүйелерінің қорғаныс мақсатты екені дұрыс емес. Стратегиялық баллистикалық зымыран қорғанысы шабуыл күшінің бір бөлшегі. Бізді алдамайтынын нақты білсек, бұл қадамдарды (санкциялардың жойылуы) баса алар едік. Ресейдің бір жақты әрекеттерінің артынан қарсы жақтың да қадам басатынына кәміл сенуіміз керек. Бұл қадамдар бір алға, екі артқа басылмауға тиісті. Осы санамен жалғастыратын болсақ, бір-бірімізді қорқыту үшін талпынысымызды арттыратын болсақ, бір күні қырғи-қабақ соғыспен бетпе-бет қаламыз. Қырғи-қабақ соғысқа бет алғанымызды ойлағым келмес еді. Мұны ешкім «қалайды» деп ойламаймын. Біз қаламаймыз» деді.

1997 жылдан бері ұйымдастырылған форумға өткен жылы бүкіл әлемнен 2061 журналист пен 10 мыңға жуық адам қатысқан еді. Форум аясында 205 келісімге қол қойылып, 668 адам баяндама жасаған еді. Өткен жылы жүзеге асқан форум 19 жылдық форум тарихы тұрғысынан үлкен табыс ретінде тіркелген болатын. Биылғы Халықаралық 20-шы Санкт-Петербург экономикалық форумы өткен жылғы мәліметтерді артта қалдырып, Ресейдің бүкіл экономикалық қиыншылықтарға қарамастан инвестиция тұрғысынан тартымдылығын дәлелдеді.

20 жылдығын толтырған Халықаралық Санкт-Петербург экономикалық форумы Ресейдің тек қана экономика саласында тыныс алуын қамтамасыз еткен жоқ. Сондай-ақ саяси тұрғыдан да еліне жаңа маневр алаңдарын ашты. Италияның форумның қонақ елі болуы және Еуроодақ кеңесі төрағасы Джан-Клод Юнкердің форумға қатысуы мұның ашық дәлелі. Келесі экономикалық форумның 2017 жылы 2-3 маусым күндерінде жүзеге асатыны жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар