Еуразиялық Экономикалық Одақ саммиті

Еуразия тынысы 24

522936
Еуразиялық Экономикалық Одақ саммиті

2016 жылы 31 мамыр күні Қазақстанның елордасы Астанада Еуразиялық экономикалық одақ Жоғары кеңесі кезекті саммиті жүзеге асты. Еуразиялық экономикалық одақ мемлекет басшылары жиналысы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қонақжайлығында Ресей президенті Владимир Путин, Белоруссия президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев және Армения президенті Серж Саркисянның қатысуымен жүзеге асты. Басшылар ұйым төңірегінде бүтіндесу кезеңінің жылдамдатылуы, ұйымның басқа тиісті ұйым және мемлекеттермен байланысын күшейту тақырыптарында көзқарас алмасты және көптеген тақырыпта келісті.

Ұйымның кезекті төрағалық міндетін атқарған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жиналыста жасаған баяндамасында одақтың бүтіндесу деңгейінің өте жоғары екеніне назар аударды. Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың Еуропа мен Азия арасындағы байланысқа көпір болу керектігін атап айтты.

Еуразиялық экономикалық одақта болымды бастамалар болса да, мүлік, қызмет саласы, капитал және жұмыс күшінің еркін айналымы тақырыбында кейбір мәселелер баршылық. Белоруссия президенті Александр Лукашенко баяндамасында мүше мемлекеттер арасындағы сауда қорғаушылығы ұстанымының толық мағынада жойылмағанына назар аударып, барлық мүше мемлекеттердің сауда тақырыбында бір-біріне одан үлкен жеңілдіктер жасау керектігін атап айтты.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев болса, елінің одаққа интеграциясын шектейтін кейбір мәселелерге назар аударып, мұндай тосқауылдардың қысқа уақытта жойылуын және интеграцияны жылдамдататын қадамдардың тез арада басылуын талап етті.

Жиналыста сөз алған Ресей президенті Владимир Путин «Қазіргі мәселелерді теріске шығарғым келмейді. Бірақ мүше мемлекеттер арасындағы сауда шектеулері регламенті саны 422-ден 342-ге қысқарды. Басқа жағынан ұйым ішінде 2019 жылға дейін ортақ электр нарығы құрылады. Бұл нарықтың мүше мемлекеттерге әкелетін табысы 7 миллиард АҚШ долларынан асады» деді. Путин ұйымның Қытай және Вьетнаммен сауда саласында ынтымақтастық жасауды жоспарлағанын тілге тиек етті. Ресей президенті Қытайдың «Бір ұрпақ – бір жол» жобасының одақтың жақындасуын қамтамасыз ететінін атап айтты. Владимир Путин Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуроодақ арасында ынтымақтастық бастау үшін конференция ұйымдастыруын қамтитын инициативаға қолдау берді.

Жиналыста 2016-2017 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макро экономикалық саясаты қолға алынды. 2025 жылына дейін ортақ мұнай, табиғи газ нарығының құрылуы, Сербиямен еркін сауда аймағы келісімінің бекітілуі, Қытай Халық Республикасымен «лайықты шарттарда» сауда келісіміне қол қою үшін келіссөздерді жалғастыру, Вьетнаммен еркін сауда келісімінің іске қосылуы тақырыптарында ортақ келісімге келінді. Келесі Еуразиялық экономикалық одақ саммиті желтоқсан айында Мәскеуде өтпек.

2014 жылы 29 мамыр күні Астанада ресми түрде құрылған Еуразиялық экономикалық одақ артта қалдырған екі жылдық мерзімде өзара интеграция және басқа елдер мен ұйымдар арасында сауданы жетілдіру тақырыптарына мән береді. Ақорда да жүзеге асқан жиналыста да осы тақырыптар қолға алынды. Одаққа мүше елдер арасында интеграцияны толықтыру үшін әр салада атқарылған жұмыстармен қолдау беріледі. Одаққа мүше елдердің премьер-министрлері 2016 жылы 16 мамыр күні бас қосып, Иран мен Одақ арасында еркін сауда келісімі жасауы тақырыбында алдын ала келіссөздерді бастауға шешім қабылдады. Иранның Қырғызстандағы өкілетті және төтенше елшісі Али Нежефи Хошруди ақпан айының басында баспасөзге жасаған мәлімдемеде елінің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуды ойлағанын айтқан болатын.

Өткен сәуір айының соңында болса Қырғызстан Республикасы ұлттық ғылымдар академиясы және Борис Ельцин атындағы Қырғыз-Орыс Славян Университеті Бішкекте 3 күндік Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикалық жетілуі тақырыпты халықаралық конференция ұйымдастырды. да Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі жаңашылдықты жетілдіру және перспективалары, сондай-ақ Жібек жолы және Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық аймақтарының ықпалдасуы тақырыптары бағаланды.

Осы жұмыстардың барлығына қарамастан Одаққа мүше елдер арасындағы интеграцияның оңай болмайтыны Астанада өткен саммитте сөз алған Алмазбек Атамбаев пен Александр Лукашенконың мәлімдемелерінен ашық түрде байқалады. Саммит алдында медиада орын алған протокол мәселелері де Одақтың «үлкен мемлекеті, кішкентай мемлекеті» қылықтарын әлі тастай қоймағанын көрсетеді. Осы себепті Еуразиялық экономикалық одақ алдағы кезеңде одан көп мемлекет және ұйыммен ынтымақтастық жетілдіргісі келеді. Аймақты тармағына алған экономикалық дағдарыстан құтылудың ең ыңғайлы әдісі қазірше осы көХалықаралық конференциярінеді.



Ұқсас жаңалықтар