ТМД парламентаралық ассамблеясы

Еуразия тынысы 22

521024
ТМД парламентаралық ассамблеясы
BDT_liderler.jpg

2016 жылы 20 мамыр күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы парламентаралық ассамблеясының 44-ші жалпы отырысы болып өтті. Жалпы отырысқа ТМД-ға мүше елдердің парламент сенаты төрағалары, Парламентаралық Одақтың, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) Парламенттік Ассамблеясының төрағалары да қатысты. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының 44-ші жалпы отырысы аясында ТМД-ның 7-ші Жас Парламентшілердің ассамблеясы да жиналды.

ТМД парламент ассамблеясы төрайымы Валентина Матвиенко басшылығында жүзеге асқан 44-ші жалпы отырысы барысында парламентшілер ТМД ғарыш кеңістігін зерттеу және бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы конвенцияның жобасын, «Биоэнергетиканы дамытудың негіздері туралы», «Экологиялық сараптама туралы», «Ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау саласында генетикасы өзгертілген ауылшаруашылығы өнімдерін тарату және пайдалану туралы», «Биологиялық алуандықты сақтау, тұрақты пайдалану және қалпына келтіру туралы», «Ағарту қызметі туралы» үлгі заң жобаларын қолға алды.

Жалпы отырыстың артынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы парламентаралық ассамблеясы парламент сенаты төрағалары баспасөзге брифинг берді. Баспасөз жиналысында Ассамблеяның парламент аралық Одаққа 11-ші ортақ мүше ретінде сайланғаны аталып, ұйымның 2015 жылы іске асырған жұмыстары жайлы ақпарат берілді.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы парламентаралық ассамблеясының 44-ші жалпы отырысы аясында IV халықаралық «Еуразиялық экономикалық перспектива» форумы 19 мамыр күні ұйымдастырылды. Сол күні Ассамблея комиссия жиналыстары болып өтті. Жалпы отырысқа келген парламент сенаттарының төрағалары мен одақ басшылары оңаша кездесті. Сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы парламентаралық ассамблеясының 44-ші жалпы отырысы аясында ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) Парламенттік Ассамблеясы және Қаратеңіз Экономикалық Ынтымақтастық Парламентшілер Ассамблеясы бас хатшылары бас қосты және мұндай жиналыстарды жиі өткізу тақырыбында келісті.

1992 жылы 27 наурыз күні Алматы қаласында құрылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы парламентаралық ассамблеясы 1995 жылы Тәуелсіз мемлекетаралық ұйым ережесін алды. Қазір Ассамблеяға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 9 елінің парламенті мүше. 2011 жылы 9 қараша күнінен бері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы парламентаралық ассамблеясы төрағалық міндетін Валентина Матвиенко атқарады. Ұйым қазірге дейін 40-тан астам халықаралық ұйыммен ынтымақтастық келісіміне қол қойған.

Ресейдің басқаруындағы бұл ұйым Ресей Федерациясының бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерімен ынтымақтастықты жандандыру және жетілдіру үшін заңдық инфрақұрылымның құрылуын қамтамасыз етеді. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы парламентаралық ассамблеясы медиада онша орын алмаса да, өз саясаттары бағытында референдум, сайлауларды өткізу, журнал мен кітаптар жариялау, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында парламенттік жүйені жетілдіру, конгресс, конференция және семинарлар ұйымдастыру, ұйымға мүше елдердің ортақ мерекелерін тойлау, мемлекеттік парламенттер тарапынан үміткер көрсетілген тұлғаларды марапаттау, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру сияқты тақырыптарда жұмыстарын тұрақтылықпен жүргізуде. Мысалы 2015 жылы Ассамблея құрамында 20 тұрақты комиссия жиналысы жүзеге асырылған.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қаншалықты Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) бейбітшіл жолмен тарқауы деп аталса да, Ресей Федерациясы бұл жағдайды кері қайтару талпынысын жалғастыруда. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы парламентаралық ассамблеясының жұмыстарынан осыны көруге болады. Халықаралық одақтар назар аударған, ел мен аймақтық ынтымақтастық жасалмай өсу мүмкін болмаған әлемде Ресейдің жартылай да болса бұл тақырыпта табысты болатынын айта аламыз.

Бұл орайда Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясының (ТүрікПА) халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жетілдіруден бастап, түрік тілінің халықаралық ықпалын арттыру сияқты тақырыптарда көп жұмыстану керектігін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы парламентаралық ассамблеясы жұмыстарына қарап айтуға болады.



Ұқсас жаңалықтар