Иран тұрғысынан Түркиямен экономикалық ынтымақтастықтардың маңызы

Түркия терезесінен Таяу Шығыс 17

498272
Иран тұрғысынан Түркиямен экономикалық ынтымақтастықтардың маңызы

Иран елбасы Хасан Рухани Стамбұлда өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) саммитіне қатысты және артынан Анкарада ресми кездесулер өткізді. Негізінде ИЫҰ саммиті үшін Түркияға келмеу ықтималы бар болатын. Өйткені саммиттің қорытынды хаттамасында Иран тұрғысынан жағымсыз сөздердің мәтінге қосылатыны болжалатын. Бірақ Иран әкімшілігі осы бағытта бір көзқарас қалыптасқанына қарамастан конференцияға қатысуға шешім қабылдады.  Бұл шешім өздері үшін кем дегенде екі мүмкіндік туғызатын. Біріншіден қорытынды хаттамаға наразылық түсініктемесі қосатын. Екіншіден болса Ислам әлемінен шеттету көзқарасының пайда болуының алдын алатын еді.

Қорытынды декларация Иран болжағандай болды. Иран әрі тікелей, әрі Хизбулла ұйымына берген қолдауы себепті айыпталды. Осында Сауд Арабиясының септігі үлкен. Бірақ Иранның Сирияда Асад режиміне берген қолдауы да бұл шешімнің қабылдануына себеп болды. Сирияда жалғасып жатқан соғыстың белсенді актері ретінде орталығы Ливандағы Хизбулла ұйымының да бұл соғыста Иранның қолдауымен орын алғаны баршаға мәлім. Міне, осы соғыс жол ашқан қирау мен мыңдаған өлім Сириядағы Асад режиміне қолдау берген Иран мен Хизбулланың Ислам әлемінің көпшілігінде абыройынан айырылуына себеп болды.

Мұндай айыптаушы сөйлемдер жалпы ИЫҰ-ның қорытынды декларациясында орын алмайды. Сирия дағдарысы және аймақта болып жатқан салқын соғыс конференцияның қорытынды декларациясында орын алды. Әрине бұл жағдай Иран тарапында жақсы қарсы алынбады.

Дегенмен бұл жағдай Иран елбасы Хасан Руханидің прагматикалық және келіссөзбен қозғалуына да кедергі жасамады. Рухани Анкарада ресми кездесулер өткізді. 2011 жылдың орталарынан бері Сирия дағдарысы Түркия мен Иран ынтымақтастығына көлеңке түсірсе де, 2013 жылға дейінгі мәселе онша күрделенбеген болатын. Режеп Тайып Ердоған премьер-министр кезінде Тегеранда өте жақсы қарсы алынған еді. Ердоған сапарын «Өзімді Тегеранда үйімде сияқты сезінемін» деп ризашылығын білдірген болатын. Премьер-министр Ахмет Давутоғлуның Иран сапарымен байланысты алдынғы бағдарламамызда да айтқанымыздай, Сирия мәселесінің шешімі тақырыбында АҚШ пен Ресейдің инициативаларды мойындауы Иран мен Түркияны мазалады. Аймақ елдерінің аймақтан тыс екі үлкен күш тарапынан аймақтық бір мәселеде шешімнен тыс қалдыру жағдайы ортаға шықты. Ресейдің алаңда белсенді роль алуы және Иранмен кеңеспей бірнеше айдан кейін Сириядағы әскери болмысын қысқартуы, өзі жоспарлаған жобада Иранның жай ел екенін көрсететіндей бір көрініс ортаға қойды. Түркия да АҚШ-тың ПЙД-мен ынтымақтастығы тақырыбында осылай жағдайға түсті. Сондай-ақ Түркия Сирия дағдарысының басынан бері одақтасынан күткен қолдауды көре алмағанын ойлайды. Міне екі елдің Сирия тақырыбындағы осы тәжірибелері қайтадан жақындасу үшін ортақ бір мүддені пайда қылды. Бірақ Иран тұрғысынан қарағанда, Түркияға бағытталған жақындасудың ішкі себептері де бар екенін айту керек. Иранға бағытталған халықаралық санкциялардың жойылуына қарамастан мұның болымды әсерін әлі Иран халқы сезінген емес. Бұл әжептеуір уақытты қажет қылады. Энергия бағаларының арзандығы бұл ауыр ықпалдың қысқа уақытта жойылмайтынын көрсетеді. Сол үшін де Иран экономикалық өсуді нысанаға алған бір саясатты жалғастырғысы келеді. Бұл саясат үшін де аймақ мемлекеттерімен екі жақты бағыныштылық негізіне сүйенген экономикалық бір ынтымақтастық ізденісін жалғастырады.

Бұл аяда Иранның Түркия және Пәкістанмен қарым-қатынастары арнайы мәнге ие. Сирия және Ирак бұл тұрғыдан Иран үшін жақсы алтернатив емес. Асад режимі өз орнын қорғағанның өзінде Иран тұрғысынан экономикалық қажеттіліктеріне жауап беретін бір ел болу ықтималынан өте алыс. Сириямен салыстырғанда одан жақсы жағдайда болса да, көптеген саяси және экономикалық мәселелермен арпалысқан Ирак болса сауда және экономикалық тұрғыдан аймақтық ынтымақтастық аясында мықты бір альтернатива болып көрінбейді.

Сондай-ақ ДАИШ қаупі бұрынғыға қарағанда жеңілдесе де, Ирак саяси мәселелерге душар және осылардың барлығын шешуі қысқа уақытта мүмкін емес.

Израиль және араб мемлекеттерімен де ынтымақтастығы бұзылған Иранның әрі аймақтық ынтымақтастығы, әрі экономикалық және сауда ынтымақтастығы тұрғысынан Түркиямен ынтымақтастығын жетілдіруі шындыққа жататын бір таңдау. Батыстық фирмалар Иранмен ынтымақтастықты жетілдіргісі келсе де, АҚШ-тың наразылығын туғызғысы келмейді. Бұл себептен ынтымақтастық пен жұмыстары жай қозғалуда. Бұл тұрғыдан да Түркияның Иран үшін маңыздылығы артып отыр.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлуның соңғы Иран сапары да көрсеткендей түрік үкіметі Тегеранды аймақтағы теңдік пен тұрақтылықтың элементі ретінде көреді. Түркияның Сауд Арабиясымен ынтымақтастықты жетілдірген бір кезеңде Иранды толығымен шеттетпеуі Рухани әкімшілігіне жаңа бір бастама үшін үлкен мүмкіншілік береді.

Түркиямен ынтымақтастық жетілдіргісі келген Иран ішкі саясаты тұрғысынан Руханиге әрқашан кейбір мәселелер туғызуы мүмкін. Бірақ соңғы сатыда табыс пен зиян анализінде Түркиямен жақсы қарым-қатынастар құру - барлық елдер үшін болғандай Иран үшін де үлкен бір табыс.



Ұқсас жаңалықтар