Ресей жұмыстарын тоқтатқан Қырым Татар Ұлттық Мәжілісі

Еуразия тынысы 18

495506
Ресей жұмыстарын тоқтатқан Қырым Татар Ұлттық Мәжілісі

18 сәуір күні Ресей Әділет Министрлігі Ресей аннекциялаған Қырым прокуратурасының шешімімен Қырым Татар Ұлттық Мәжілісінің жұмыстарын тоқтатты. Бұл Мәжіліс Қырым татарларына өкілдік жасайтын. Министрлік Қырым Татар Ұлттық Мәжілісінің жұмыстарын «Радикал жұмыстары» себепті тоқтатқанын жариялады. Қырым прокуроры Наталия Поклонская Ресей жақтаушысы Қырым татарларының қолдарын жинап, 2016 жылы 15 ақпан күні Қырым Татар Ұлттық Мәжілісін жабу үшін сотқа шағымданған болатын.

Қырым Татар Ұлттық Мәжілісінің Ресейдегі жұмыстарына тыйым салынуымен байланысты өтінішке Қырым Одағы төрағасы Сейтемур Ниғметуллаев, «Қырым Татарлары – Қырым ынтымақтастығы» ұйымы төрағасы Мұхаммед Али Бекаев, «Қырым Татар Жастар Комитеті» төрағасы Аслан Смирнов, «Қырым Татар Ақсақалдары кеңесі» төрағасы Сервер Желалов, «Судак Қырым Татар Ұлттық Мәдениет Автономиясы» төрағасы Айваз Үмеров және басқа билік жақтаушысы азаматтық қоғам мекемелерінің өкілдері қол қойды.

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігі 22 сәуір күні Қырымда Қырым Татар Ұлттық Мәжілісіне жасалғандарға алаңдағанын мәлімдеді. Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Джон Керби АҚШ-тың Ресейді Қырым Татар Ұлттық Мәжілісінің жұмыстарын «радикалды» деп қабылдау шешімін жоюға шақырғанын білдірді. Кербидің мәлімдемесіне жауап ретінде Ресей президентінің мәлімдемешісі Дмитрий Песков «Бұл сұрақ Ресей заңдарымен байланысты, осы себепті бұл жағдайда басқа елдердің көзқарастарын тыңдауды қажетсінбейміз» деді.

Стамбұлда 14-15 сәуір күндерінде жүзеге асқан Ислам Ынтымақтастық Ұйымы саммитінде Қырым татар мәселесі бөлек бір тақырып ретінде күн тәртіпке келмеді. Дегенмен саммитке қатысушылар тарапынан қабылданған Стамбұл декларациясында Еуропаның бір мұсылман қоғамы ретінде Қырым Татарларының жағдайына назар аударылу керектігімен байланысты бапқа орын берілді. Құжатта Қырымның бүгінгі жағдайы мен Қырымның аннекциясын түсіндірген одан нақты сөйлемдерге орын берілуіне Иран мен Мысыр қарсы шықты. Ислам Ынтымақтастық Ұйымы толық дауыс көпшілігімен шешімдерін қабылдағаны себепті саммиттен Қырымға мықты бір қолдау шықпады.

14 наурыз дүйсенбі күні болса Киевте «Халықаралық Қауіпсіздік үшін бір қауіп ретінде қабылданған Қырымның милитаризациясы» тақырыпты халықаралық конференция болып өтті.

1991 жылы 26 маусым күні Акмешітте ІІ Қырым Татар Ұлттық Құрылтайының  Бірінші жиналысында қабылданған шешіммен құрылған Қырым Татар Ұлттық Мәжілісі Қырым татарларының құқына Украина орталық үкіметі, Автономиялық Қырым әкімшілігі және Халықаралық қоғам ұйымдары алдында өкілдік жасайтын.

Ресейдің Қырымды аннекциялауының артынан Қырым Татар Ұлттық Мәжілісінің 33 мүшесінен төртеуі Ресеймен ынтымақтасып, жергілікті әкімшіліктерде қызметке тағайындалды. Мәжілістің тұңғыш және құрметті төрағасы Мұстафа Джемилев және Қырым Татар Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Рефат Чубаровтың Қырымға кіруіне тыйым салынған еді. Қырым татарларының күресіне Стамбұлдағы Саммитте мұсылман елдерден мықты қолдау келмеді. Қырым Татар Ұлттық Мәжілісін жабу өтінішіне тағы Қырым татарларының кейбіреулері қол қойды. Жағдай осылай болған соң әрине бұл күресті жалғастыру және бұл мәселеде жеңіске жету қиындауда.

Ресей Қырым Татар Ұлттық Мәжілісінің жұмыстарын тоқтатты. Алайда Мәжіліс жұмыстары енді Ресейден тыс жалғасатын болады. Сондай-ақ Қырым Ұлттық Татар Мәжілісі төрағасы Рефат Чубаров Қырым Татар Ұлттық Мәжілісінің Киев пен Херсон облысында өкілдігі бар екенін, Вашингтон мен Брюссель өкілдіктерінің де күзгі маусымда іске қосылуын үміт еткендерін білдірді. Eurovision 2016 ән байқауында Украина атынан қатысқан Жамала «1944» атты әнімен сахнаға шығады. Орыстың отаршылығын мойындамаған Қырым татарларының күресі отандарына оралғанша жалғасады. Өйткені олардың күресі - заңды бір күрес. Дегенмен өкінішке орай осы әлемде әділеттің орындалуы кейде ұзақ уақыт алады.



Ұқсас жаңалықтар