Қырғызстан-Ресей ынтымақтастығы

Еуразия тынысы 11

455326
Қырғызстан-Ресей ынтымақтастығы

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 2 наурыз күні Ресейге жұмыс сапары ұйымдастырды. Президент Алмазбек Атамбаев 2 күндік жұмыс сапары аясында Ресей президенті Владимир Путинмен бас қосты. Екі басшы қырғыз-орыс ынтымақтастығының актуальды тақырыптарына қоса әртүрлі салаларда ынтымақтастық және Еуразия интеграциясын жетілдіру перспективасын қолға алды. Президент Алмазбек Атамбаев соңғы рет Ресейге 21 желтоқсан күні жұмыс сапарымен барған болатын.

Қырғызстан Республикасы президенті Алмазбек Атамбаев жұмыс сапары аясында Ресей Қаржы министрі Антон Силуановпен кездесті. Кездесу барысында Қырғыз-орыс Өркендеу фонды жұмыстарының негізгі салаларына қоса, әртүрлі салаларда ортақ жобаларды қаржыландыру ынтымақтастығын қолға алды. Баршаға мәлім, Ресей аталмыш Өркендеу фондына 500 миллион доллар құюға уәде етсе де, тек қана 350 миллион доллар қосқан болатын. Сондай-ақ бұл 350 миллион доллардың 265 миллионы 4 пайызбен Ресей банктеріне несие ретінде берілді. Қысқаша айтқанда, Қырғыз-орыс өркендеу фонды қазірше Қырғызстанға болымсыз жауап қайтарған емес.

Президент Алмазбек Атамбаев 3 наурыз күні «Іnterfax» хабар агенттігінің орталық кеңсесінде Ресейдің алдынғы қатарлы медиа басшыларымен де бас қосты. Мұның алдында Қырғызстан Мәдениет, Информация және туризм министрлігі тарапынан дайындалған орыс медиасына ерекше еркіндіктер танитын «Қырғызстан-Ресей үкіметаралық коммуникация саласында ынтымақтастық жөніндегі заң жобасы» баспасөзде және әлеуметтік медиада наразылықтар туғызған болатын.

Атамбаевтің Мәскеу сапарында кезкелген бір келісімге қол қойылмады. Бұл жағдай қоғамда осы сапардың мақсатының не екені жайлы сұрақтарға себеп болды. Мамандар сапардың мақсатының әсіресе қаңтар айында көлеңке түскен екі жақты ынтымақтастықты қайта қалпына келтіру бастамасы деп бағалауда.

Баршаға мәлім, Қырғызстан үкіметі және Ресей үкіметі арасында 2012 жылы 20 қыркүйек күні Бішкекте қол қойылған «Таулы Нарын гидроэлектр станциясын салу және жұмыс істеу құқы келісімі» 2016 жылы 22 қаңтар күні Қырғызстанның бір жақты келісімнен шегінуімен бұзылған болатын. Осылайша Қырғызстан 2 миллиард долларлық инвестициядан бас тартқан еді. Келісімнің бұзылуына орыстардың Таулы Нарын гидроэлектр станциясын салу құрылыс жобасын тоқтатқаны жайлы мәлімдемесі болымсыз ықпал еткен болатын.

Соңғы кездері Ресей-Қырғызстан ынтымақтастығы болымды жаңалықтармен жалғасуда. Мысалы 2015 жылы 3 желтоқсан күні Бішкекте сауда, экономика, ғылым, техника және әлеуметтік ынтымақтастық тақырыптарында Қырғызстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының 18-ші жиналысы ұйымдастырылды.

2016 жылы 12 ақпан күні Ресей екі ел арасында қол қойылған келісімдер аясында Қырғызстанға әскери көмек жасады. Толық жабдықталған 10 сауытты көлік пен көптеген әскери құрал-жабдықтан тұратын жәрдем Ресейден жүк ұшағымен Қырғызстанға келді. Ресей алдында да Қырғызстанға 500 тонна ауыр қару-жарақ, әскери құрал-саймандар және танк жіберген болатын.

Президент Атамбаев 25 ақпан күні «Қырғызстан үкіметі және Ресей үкіметі арасында Мәскеуде Қырғыз ғылым мен мәдениет орталығын, Бішкекте Орыс ғылым және мәдениет орталығын құру және жұмыс ережелері жайлы 2011 жылы 28 наурыз күні Мәскеуде қол қойылған келісімді бекіту» жөніндегі заңды қабылдады.

Гидроэлектр жобасының бұзылуының артынан Қырғызстан-Ресей ынтымақтастығына көлеңке түскені жайлы көзқарастар тілге тиек етіле бастаған болатын. Президент Атамбаевтің Мәскеу сапары бұл көзқарастарды теріске шығарды. Ресейдегі экономикалық дағдарыс себепті тоқтап қалған Гидроэлектр станциясы жобасы екі жақтың ынтымақтастығының бұзылуына кедергі болуы мүмкін емес. Өйткені Қырғызстан Ресейге кіндіктен байлаулы. Осы себептен болса керек Путин екі жақты келіссөздерде Ресейде жұмыс істеп отырған жарты миллион қырғыз азаматын екі жақты ынтымақтастықтың жақсы мысалы ретінде көрсетеді. Владимир Путиннің сөзінде Қырғыз Республикасы жайлы «Қырғызстан» атауының орнына отаршылдық түсініктегі «Киргизия» деуі 1916 жылғы Түркістан оқиғаларының 100 жылдығында тараптардың бөлек тұғырда екенін ашық түрде көрсетеді.



Ұқсас жаңалықтар