Түркияның жаңа көзқарасы - 4

Соңғы кездегі Таяу Шығыс саясаты

446937
Түркияның жаңа көзқарасы - 4

Модернизация деген сөз негізінде жаңалану, жаңғыру деген мағынаға келеді. Жаңалану ұғымы адам санасында еріксіз түрде болымды бейне туғызады. Сондықтан әрбір қоғамдық өзгеріс үшін саналарда қалыптасқан жалпы ұғымдар бар. Осындай ұғымдардың бірі өзгерістің сонымен бірге жетістік екені. Алайда қоғамдық өзгерістің тарихы бізге әрбір өзгерістің бір жетістік еместігін көрсетеді.

Қоғам динамикалық құрылым. Әрдайым өзгереді. Тіпті өзгермейтін жалғыз нәрсе өзгерістің өзі деп те айтылады. Баршаға мәлім, ежелгі уақыттан бастап бүгінге дейін өзгеріс тақырып болып келді, талқыланды. Сол кездің ойшылы Эфестен Гераклит “Бірдей өзенге кіргендердің үстінен басқа су ағады» деп, осы тақырыпты меңзеген.

Қоғамдық өзгерістің бірсыпыра динамикасы бар, бірақ көбіне екі фактор туралы айтылады.

Бірі ішкі динамикалар, екіншісі сыртқы динамикалар.

Екі динамиканың да әрі табиғи әсерлері, әрі күшке сүйенетін әсері бар екені белгілі.

Қоғамдар табиғи факторлармен өзгереді немесе түрлі құралдар арқылы жоспарлы түрде жүргізілген сырттан килігулермен өзгереді.

Міне, саясат тап осы өзгерістің бақылануы болып табылады. Қоғамдық саладағы қақтығысты басқару деп те айтуға болады.

Түркия өз жеріндегі өзгерістер қатты әсер еткен елдердің бірі. Сондықтан да мықты саяси құрылымы болуы керек.

Мықты саяси құрылым үшін жақсы жұмыс істейтін демократия мен ірі экономика керек.

Тек экономикалық молшылықтың арттырылуы саясаттың нығаюын қамдай алмайды. Әрі демократияны жетілдіру, әрі экономиканы нығайту арқылы саясат күшейе түседі.

Түркия осы жердегі өзгерістерді бақылау және осы өзгерістердің бағытын болжау үшін мықты саясат құрылымына ие болу күресін жүргізіп келеді.

Құрметті тыңдаушылар. Йылдырым Беязыт Университеті Адам және Қоғамтану факультеті Социология кафедрасының оқытушысы Проф. Мазхар Бағлының осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

**

Саясат – қоғамды жақсыға жеткізетін өнер. Қоғамда өмір сүретін түрлі топтар арасындағы қақтығыстарды басқару және осы қақтығыстарды пайдалы нәрсеге айналдыруға мүмкіндік беретін механизмді қалыптастыру. Саясат басқару ісі әрине, бірақ жақсы басқару, жақсы басқарудың негізгі шарты болса әрбір актердің жүйеге қосылуы. Мұның да әдісі – демократия.

Онда Түркия қазіргі негізгі мәселелерін шешу үшін әрі демократияны нығайту, әрі мықты экономикаға ие болу, әрі жақсы басқарылған саясат жүйесіне ие болуы керек.

Осы теңгерімнің қалыптастырылуы да жеңіл емес, бірақ барлық нәрседен бұрын өзгерістің табиғатын білу маңызды.

Дүние жүзінің қай бағытта екенін біліп, қадамын соған орай басатын және әлемнің артында қалмайтын бір актер болу жолында мықты саясат жүргізуде және бұл жаңа Түркия деп аталады.

Түркияда көбіне саясат болымсыз іс деп есептеледі. Ал бұл дұрыс емес. Саясат ұлтқа қызмет етудің жалғыз жолы. Саясатты менсінбейтіндерді игі ниетті емес немесе бұл жүйені жақсы білмейді деп есептеуге болады.

Жалпы бәсекелес актерлердің бірін бірі жүйенің тысына итеру үшін саясатқа қарсы әдіс жетілдіргендері көрінеді. Ал дені сау механизм әрбір актерді қамтитын әлеуетке ие болуы керек.

Этникалық проблемалардан бастап, табыс таралымындағы әділетсіздік, азшылдардың мәселелерін шешуден сыртқы саясатқа дейін барлық салада келіспеушіліктердің қоғамның пайдасына шешілуі үшін саясат қымбат және маңызды.

Саясаттың нығаюы деген сөз қоғамдық құрылымның ішіндегі ірілі-ұсақты барлық актердің жүйенің бір бөлшегіне айналуы немесе жүйенің орталығына көшуі деген сөз. Қоғамдық басқаруды жеке адам тысы алаң болудан құтқару деген мағынаға келеді.

Түркия көп уақытқа дейін азаматтардан тәуелсіз басқару әдісін жүргізіп келді. Адамсыз мемлекет механизмі іске асты. Бұл жағдай табиғи түрде адамдардың өздерін шетте сезінуіне және мемлекет мен қоғамның бір мүшесі ретінде есептеуін қиындатты.

Түркия бір-біріне қарсылас бірнеше алаң мен актерден тұратын бір мемлекеттік құрылымнан бір-біріне үйлесімді және бірге жұмыс істейтін механизмдерден тұратын бір мемлекеттік құрылымға қарай бағыт алды.

Әрбір актер өзін елдің бір бөлшегі деп есептейтін бір жүйе құру Түркия үшін өте жаңа жағдай болып есептеледі.

Жаңа Түркия мемлекет, қоғам және бюрократия үйлесімділігін жүзеге асыратын саясат жүргізуге тырысады. Бұл жұмыстың негізі де қоғамдық өзгеріс динамикалары. Осы динамикаларды біле отырып үдеріске қосылу деген сөз.



Ұқсас жаңалықтар