ҰҚШҰ саммиті және аймақ елдерінің террорға қарсы күресі

Еуразия тынысы 01

442403
ҰҚШҰ саммиті және аймақ елдерінің террорға қарсы күресі

Ресейдің астанасы Мәскеуде 21 желтоқсан күні Ұжымдық қауіпсіздіккелісімшартұйымының(ҰҚШҰ) саммиті жүзеге асты. Ресей президенті Владимир Путиннің қонақжайлығында Кремль сарайында өткен жиналысқа Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Белоруссия президенті Александр Лукашенко, Тәжікстан Республикасы президенті Имамали Рахман, Қырғызстан Републикасы президенті Алмазбек Атамбаев және Армения президенті Серж Саркисян қатысты.

Саммитте жаһандық жәнеҰжымдық қауіпсіздіккелісімшартұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердегі террор мәселесі қолға алынды. Мемлекет басшылары террормен күрес тақырыбында БҰҰ шаңырағы астында ауқымды бір коалиция құрылуы тақырыбында шақыру тастады. Жиналыста сондай-ақ террор ұйымдарымен күресте ұйымдардың қаржы көздерін құртудың маңызына назар аударылды. Басшылар Ұжымдық қауіпсіздіккелісімшартұйымының (ҰҚШҰ) террормен күресте жаңа қауіп пен мәселелерге қарсы күш әлеуеті мен қозғалу маневрін жылдамдататын шаралардың қабылдануында ортақ көзқарасқа келді. ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Николай Бордюжаның қызмет мерзімі 2017 жылдың 1 қаңтар күніне дейін ұзартылды.

Байқағандай Мәскеудегі жиналыста террорға қарсы күрес алға шығады. Әйтседе террор бүкіл әлемге қауіп төндіріп отыр. Бұл аяда Еуразия жағрапиясында соңғы кездері кейбір шаралардың қабылданғаны назар аударады. Қабылданған бұл шаралардың кейбіреулеріне көз жүгіртейік.

14-15 желтоқсан күндерінде Қытайдың Чжэнчжоу қаласында ұйымдастырылған 14-ші Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Үкімет басшылары кеңесі жиналысында террормен күресте ынтымақтастықты нығайту тақырыптары қолға алынды.

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу елінің ДАИШ қаупі алдында Қырғызстан армиясын қайта қаруландыратынын жариялады. Кремль мұның алдында да Қырғызстанның Қант қаласындағы базасына тікұшақ жіберетінін жариялаған болатын.

21 желтоқсан күні Тәжікстанның Эр-Рияд өкілетті және төтенше елшісі Шериф Азамшо Латифзод елінің Террорға қарсы Ислам одағы құрамына қосыла алатынын білдірді.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 24 желтоқсан күні ДАИШ-ке қосылған қырғыз азаматтарын азаматтықтан шығару жайлы көзқарасын тілге тиек етті.

Ресей президенті Владимир Путиннің Ауғанстан арнайы өкілі Замир Кабулов 24 желтоқсан күні орыс 'Interfax' хабар агенттігіне жасаған мәлімдемесінде Мәскеудің мүддесінің Талибан ұйымымен сәйкес келгенін атап айтты. Замир Кабулов Талибанмен ақпарат бөліскендерін атап көрсетті.

Ресей президенті Владимир Путин 26 желтоқсан күні террормен күрес мақсатты Ресейдің теңізге жағалауы бар бес қалада операциялық штаб пәтер құру жөнінде тапсырма берді. Кремль жасаған мәлімдемеге қарағанда орыс басшы Каспийск, Мурманск, Петропавловск-Камчатка, Симферополь, және Оңтүстік Сахалинде операциялық штаб пәтерлер құрылуын талап етті.

Қытай ұлттық халық мәжілісі тұрақты комиссиясы 27 желтоқсан күні ел тарихында тұңғыш рет террормен күрес заңын қабылдады. Қабылданған заңның Қытай қауіпсіздік күштері мен әкімшілік арасында ақпарат бөлісуге қоса кибер, қатынас және шекара бақылау шараларын маңызды мөлшерде арттыруы көзделеді.

2015 жыл бүкіл әлемде террорға құрбан кеткендер тұрғысынан өте нашар бір жыл болды. Анкара, Париж және Малидегі лаңкестік шабуылдардан бастап, әлемнің түкпір-түкпірі террор шабуылдарына ұшырады. Террормен күрес барлық елдердің алдынғы тақырыбына айналды. Еуразия елдері болса террормен күрес аясында шараларын арттырды. Әрі Ауғанстан, әрі Сирия мен Иракта Еуразия жағрапиясынан көптеген адамның террор саптарына қосылуы осы елдерді қатты ойландырады. Жағдайға қарағанда, осы тақырыпта келесі жылдардың да жарқын өтпейтінін айтуға болады.



Ұқсас жаңалықтар