2015 жылы Еуразия жағрапиясында қалай өтті?

Евразия тынысы 02

424759
2015 жылы Еуразия жағрапиясында қалай өтті?

Еуразия жағрапиясында 2015 жыл әрекетті және сюрприз жаңалықтарға сахна болды. Аймақтағы ең үлкен оқиғаның ұшақ дағдарысы екенін айтуға болады. Ұшақ дағдарысынан кейін Украинадағы жағдай, террормен күрес және қауіпсіздік тақырыптары 2015 жылы аймақтың ең маңызды жаңалықтары еді. Украина дағдарысының шешімі тақырыбында 2015 жылы маңызды қадамдар басылды. 12 ақпан күні Минскте Франция президенті Франсуа Олланд, Ресей президенті Владимир Путин, Германия канцлері Ангела Меркель және Украина президенті Петр Порошенко 16 сағаттан асқан бір жиналыстың артынан Украинада 15 ақпанда атысты тоқтатуды іске қосу тақырыбында келісті. 13 баптан тұратын келісім кейбір кемшіліктерге қарамастан жүзеге асты. 2 қазан күні Парижде шамамен 5 сағатқа жалғасқан Нормандия төрттігі жиналысының артынан Донбасс аймағының ережесі тақырыбында келісім жасалды. Минск келісіміне сәйкес қаруларды кері шегу кезеңі 12 қараша күні аяқталды. 2015 жылының соңында батыстық елдер Ресейге қарсы санкцияларды тағы 6 айға созуға шешім қабылдады. Украинада мәселелер толығымен шешілмесе де, үміт артатын қадамдар басылды.

2015 жылы Еуразия жағрапиясында көптеген сайлау жүзеге асты. Молдованың Гагауз Автономиялық Республикасында 2015 жылдың 22 наурыз күні аймақтық басшы сайлауы өтті. Басшылық жарысында Молдова социалистік партиясы қолдау берген тәуелсіз үміткер Ирина Влах Демир жеңіске жетті. 2015 жылы 29 наурыз күні Өзбекстанда, 2015 жылдың 26 сәуір күні Қазақстанда президенттік сайлаулар өткізілді. Осылардан басқа Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркияда 2015 жылы жалпы халықтық сайлаулар өтті. Украинада болса жергілікті сайлау жүзеге асты.

11-12 наурыз күндерінде Еуроодақ пен Орталық Азия елдері арасында 2-ші Жоғары деңгейдегі Қауіпсіздік келіссөздері жиналысы Душанбеде жүзеге асты. Жиналыстың ең маңызды қорытындысы Еуроодақтың Орталық Азияда қауіпсіздік жұмыстарына жауапты арнайы бір өкіл тағайындауы еді. Аймақ елдерінің 2015 жылы әртүрлі жиналыстарда қауіпсіздік және террор мәселесі талқыға түскен ең маңызды тақырыптар ретінде алға шықты.

Орталық Азия елдеріне топтық сапар ұйымдастыру соңғы жылдары артты. 2015 жылы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Үндістан, Пәкістан, Қытай және Жапония басшылары мен Америка Құрама Штаттары мемлекеттік хатшысы аймаққа осындай сапарлар жүзеге асырды.

Ресейдің кезекті төрағалығында жетіншісі ұйымдастырылған BRICS (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка) елдері басшылар саммиті Ресейге қарасты Башқұртстан Республикасының бас қаласы Уфада 8-9 шілде күндері «BRICS елдері ынтымақтастығы жаһандық өркендеудің мықты факторы» ұранымен өткізілді. BRICS жиналыстарының бірінші күнінде мүше елдер Жаңа өркендеу банкінің жұмыс принцибімен байланысты келісімге қол қойды. Банктің тұңғыш атқару кеңесі төрағасы ретінде орыс Қаржы министрі Антон Силуанов пен директоры ретінде Үндістаннан Кундапур Ваман Камат тағайындалды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының биылғы саммиті де Уфа қаласында 9-10 шілде күндерінде жүзеге асты. Ұйымның Уфа саммитінде Пәкістан мен Үндістанның ұйымға толық мүшелігінің алды ашылды. Армения, Әзірбайжан, Кампучия және Непалдың Шанхай ынтымақтастық ұйымына келіссөз партнері ережесімен қосылуы бекітілді. Сондай-ақ Белоруссияға бақылаушы ел ережесі берілді.

2015 жылы Қытай мен Ресейдің жақындай түскені байқалды. Екі ел басшылары Еуразия экономикалық одақ пен Жібек жолы экономикалық желісі жобаларын бірлестіруге шешім қабылдады.

9 мамыр күні Еуразия экономикалық одаққа Қырғызстанның тұрақты мүше болуы жөніндегі келісімге қол қойылды. Тамыз айында Қазақстан мен Қырғызстан шекараларындағы кедендер жойылып, Қырғызстан ұйымға мүше болды.

Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің 5-ші саммиті «Медиа және бұқаралық ақпарат ынтымақтастығы» тақырыбында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қонақжайлығында 2015 жылы 11 қыркүйек күні Астанада жүзеге асты. Жиналыста Түрік кеңесі 5-ші саммиті декларациясы мемлекет басшылары тарапынан бекітілді. Түрік кеңесі және мемлекеттік хабар агенттіктері мен телеарналар арасында ынтымақтастық хаттамаларына қол қойылды.

Қазақстанның Ақмола қаласына қарасты Бурабай өңірінде 16 қазан күні Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері басшылар саммиті жүзеге асты. Саммитте оқу саласында ынтымақтастық, төтенше жағдайларда эвакуациялау және іздеу құтқару операцияларын ортақ жүргізу, 2016-2020 жылдары арасында шекара қауіпсіздігі құжаттары мемлекет басшылары тарапынан бекітілді.

Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы «ТүрікПА»-ның 6-шы кезекті отырысы 3-4 желтоқсан күндерінде Қазақстанның Астана қаласында жүзеге асты.

2015 жыл халықаралық салада поляризация артқан бір жыл болды. Бұл полярлық Еуразия жағрапиясында жүзеге асты. Стратегиялық ортақ ретінде Ресей мен Түркия Сирия мәселесі салдарынан ынтымақтастықтарын бұзды.

30 қыркүйек күні орыс ұшақтарының Сирияда террористтерге бағытталған әуе шабуылдарын бастау және орыс соғыс ұшақтарының Түркия әуе кеңістігін бір аптаның ішінде 2 рет бұзуы Түркия-Ресей арасындағы дағдарысты бастатты.

24 қараша күні Түркия әуе кеңістігін бұзған орыс ұшағы түрік жойғыш ұшақтары тарапынан құлатылды. Ұшақ апаты Түркия-Ресей ынтымақтастығын дағдарысқа ұшыратты. Дағдарыс күн өткен сайын күрделенуде. Бұл оқиғаның екі жақты ынтымақтастыққа тұрақты зияндар келтіретіні қазірден-ақ байқалады. Сондай-ақ бұл дағдарыс Түркияның Түркі тектес республикалармен ынтымақтастығына да болымсыз ықпал етуде. Оңтүстік Кавказда да Әзірбайжан мен Армения арасында 2015 жылдың соңдарында қақтығыстар артты. Сириядағы дағдарыстың осы аймақтарға тарау рискі бар.



Ұқсас жаңалықтар