Денсаулық, туризм және Түркия – 11

Бүгінгі күннің ең кең тараған және ең маңызды денсаулық проблемаларының бірі – семіздік.

61801
Денсаулық, туризм және Түркия – 11

Бүкіләлемдік денсаулық ұйымының деректеріне қарағанда бүгінгі күні дүние жүзінде бір жарым миллиардтан астам адамның салмағы артық, олардың арасынан шамамен 500 миллионы болса семіз. 1980 жылдан бері әлемдегі семіз адамдардың саны екі есе артты. Семіздіктің ең маңызды құрбандары әсіресе дамыған және даму жолындағы елдерде өмір сүретіндер. Зерттеулерде табыс артқан сайын қоғамдағы семіздік көрсеткішінің де артқаны көрінеді.
Бүкіләлемдік денсаулық ұйымы семіздікті «денсаулықты бұзатын деңгейде денеде артық майдың жиналуы» деп атайды. Күнделікті тұрмыста жеке адамдардың жасына, жынысына, жасаған жұмысына, генетикалық және физиологиялық ерекшеліктеріне және ауру жағдайларына қарай өзгеретін энергия мұқтаждықтары бар. Ересек ер адамдарда дене салмағының 15-18 пайызын, әйелдерде болса 20-25 пайызын май тканьдері қалыптастырады. Алынған және жұмсалған энергия мөлшерлері арасында теңсіздік болса, артық энергия денеде май ткані ретінде жиналады және семіздікке жол ашады. Семіздік сонымен бірге уақыт өте келе адамның өмір стандартына да нашар әсер етеді. Семіздік себеп болатын проблемалар арасында диабет, жоғары қан қысымы, жүрек-тамыр аурулары, қан майы және холестеролдың көптігі, өт аурулары, демікпе, тыныс алу аурулары сынды көптеген ауру бар.
Семіздікті өлшеуде көбіне «дененің салмақ индексі» қолданылады. Дененің салмақ индексі дене салмағының квадратталған бой ұзындығына бөлінуімен табылады. Мысалы бой ұзындығы 180 см және 75 кг салмақты бір адамның дене салмақ индексін табу үшін салмағы 75 келіні бой ұзындығының метрмен өлшегендегі квадраты 3,24-ке бөлеміз. Нәтижеде шыққан 23,15 осы кісінің дене салмағының қалыпты екенін көрсетеді. Себебі мамандар дене салмақ индексі 18,5 мен 25 арасында шыққан адамдардың салмағын қалыпты деп есептейді. Егер осы индекс көрсеткіші 25 пен 30 арасында шығатын болса «артық салмағы бар» деп есептелесіз. Егер индекс 30-дан жоғары болса өкінішке орай, семіз деп қабылданасыз. Семіздік болса өз арасында үшке бөлінеді. Дене салмақ индексі 30 бен 35 арасындағылар «семіз», 35 пен 40 арасындағылар «ауыр семіз», 40-тан жоғары болғандар болса «патологиялық түрде ауруға айналған семіз» деп аталады.
Семіздік, яғни адамның қалыпты салмағынан артық болуы көптеген проблемаларды да өзімен бірге ала келеді. Үстіңіздегі салмақ қаншама көп болса, сіздің басыңызға келетін мәселе де соншама көп болады. Бүгінгі таңда бір жағынан денсаулыққа зиянды және көп тамақтану әдеті, бір жағынан қимылы аз тұрмыс артық салмаққа және семіздіктің артуына жол ашады. Дұрыс тамақтану және қозғалысты өмір стилін қабылдау артық салмақпен күрес үшін ең ықпалды әдіс болып табылады. Соңғы жылдары осы оқиғаның маңыздылығын түсінген елдер мен Бүкіләлемдік денсаулық ұйымы адамдардың қалыпты салмақта болуы үшін жұмыс жүргізуде.
Салмағы бар және семіздіктің басындағы адамдар табанды түрде диетаға отырып, дене жаттығуларын жасап, қалыпты салмақтарына орала алады. Ал ауыр семіздер немесе патологиялық деңгейде семіздер ше? Диета мен жаттығу олар үшін де әрдайым табысты нәтиже бере ме? Мамандар өкінішке орай, бұл тақырыпта оптимист емес. Қалыпты салмағы 75 келі болуы керек, бірақ 150-200 келі салмағындағы, әртүрлі денсаулық проблемасы бар бір кісінің қалыпты салмағына тек диета ұстап, жаттығу жасап жетуі едәуір қиын деп бағаландырылады. Міне, осы жағдайдағы, яғни патологиялық деңгейде ауру деп саналатын семіздер үшін медицина таңдау ретінде хирургиялық әдістерді ұсынады. Соңғы кездері маңызды жетістіктерге қол жеткізген семіздік хирургиясы ауыр салмақ салдарынан ауру болғандар үшін үміт отын жағады.
Семіздік хирургиясы арқылы науқастың өмірінің орташа 10-15 жыл ұзартылуы нысанаға алынады. Себебі ауыр салмаққа байланысты ортаға шыққан аурулар хирургиялық операциядан кейін жүргізілетін жаттығу бағдарламаларымен жойылады. Семіздік операцияларынан кейін науқастардың көбі диабеттен құртылады, жоғары қан қысымы үшін қолданылған дәрі саны азаяды, тіпті дәрі ішпеуге де болады.
Алайда дәрігерлер семіздік хирургиясының косметикалық операция еместігін, тек ауыр салмағы салдарынан денсаулықтары бұзылған науқастар жасатуы керек операция екенін атап көрсетеді. Хирургиялық істен ықпалды нәтиже алу үшін науқастың дұрыс бағаландырылуы, операциядан бұрын қосалқы аурулардың шешілуі немесе бақылауға алынуы керектігіне де арнайы түрде назар аударады.
Мамандар семіздік хирургиясында негізінен үш әдіс бар екенін айтады. Бұлар асқазан сақинасы, асқазан операциясы және асқазан зонды тәсілдері. Осы оталар көбіне лапароскопиялық түрде, яғни жабық түрде жасалады. Науқастар отадан кейінгі бір жыл ішінде көбіне салмақтарының 70 пайызынан құтылады және өмірлерін дені сау түрде жалғастырады.
Түркия семіздіктің хирургиялық емі табысты жүргізілген елдердің бірі. Ел ішінен болғаны секілді, шетелдерден келген семіздік науқастары да салауатты өмірге қол жеткізу мақсатында ота жасату үшін Түркияны таңдайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар