Израильдің Газаға бағытталған шабуылдарының аймақтағы көрінісі
Апталық Анализ – 63

Хамастың 7 қазан күні жасаған шабуылы және одан кейінгі Израильдің Газаға жасаған шабуылдары аймақтық асқынуларға әкелді. Израиль Газаға жасаған шабуылдарымен бүгінге дейін мыңдаған бейбіт тұрғынды қырды.
Газаға қарсы басталған құрлық операциясы мен нәтижесінде газалықтарды Синайға айдау жобасы Иордания тарапынан екінші рет соғыс себебі ретінде аталған. Құрлық операциясы басталғанына қарамастан Израильдің тұрғын аудандарда маңызды ілгерілеуге қабілетсіздігі және бейбіт тұрғындарды үнемі нысанаға алуы тіпті батыс әлемінің астаналарында да қызу наразылық тудырды. Әлемдік қоғам барған сайын Израильге қарсы бір позицияға мәжбүрлеуде. Бұған қоса соғыстың Сирияға қалай әсер ететіні де қызықтырады.
Израиль-Хамас соғысының Сирия жағындағы ең үлкен актер Хизбуллах ретінде қарастырылуы мүмкін. Дегенмен Хасан Насраллахтың соңғы мәлімдемелері Хизбуллах төмен қарқынды шиеленісті жалғастырады және соғысқа араласпайды деген әсер қалдырды. Екінші актер ретінде АҚШ пен шиіт жасақтар арасындағы әскери шиеленісті әсер етуші фактор ретінде қарастыруға болады.
Израиль Газа секторына бағытталған құрлық операциясын бастағанына қарамастан Иранның Йемендегі хоуситтерді тарту арқылы соғыстың белсенді майданы болудан аулақ болатынын көрсеткен сияқты. Ирак және Сириядағы АҚШ-пен әскери шиеленістің өткенде байқалғандай әскери шығынға әкеліп соғудан алыс екенін оңай айтуға болады. Бұл тармақтардың барлығына сүйене отырып, Израиль-Хамас соғысының Сирияға тигізетін салдары шектеулі болуы мүмкін.
Негізінде АҚШ-тың Жерорта теңізінің шығысындағы күш-қуатын Иранға қарсы бас тартқызушы бір элемент ретінде қарастыру керек. АҚШ-тық лауазымдылардың да осы туралы мәлімдеме жасауы Газа секторында соғысты бастау және тоқтату саясатын әшкереледі. Бұл тәсілді Израиль де қабылдағанға ұқсайды. Алайда егер Израиль Газа секторын толығымен бақылауға алуды мақсат ететін бір ұстаным ортаға қойған жағдайда, шамамен 2 миллион 300 мыңдай газалық Синайға қоныс аударуға мәжбүр болады. Иордания бұл жағдайды соғыс себебі ретінде қабылдайды. Сол сияқты Мысырдың да бұл мәселені қызыл сызық ретінде атағаны байқалады. Нағыз тығырық пен аймақтық соғыс қаупі осында деп айтуға болады.
Майдандағы оқиғаларға қарағанда, Израильдің Газа секторында айтарлықтай бір ілгерілеу жоқ екені байқалады. Әлі тұрғын аумақтарынан гөрі жолдардың және адам тұрмайтын аймақтарды бақылауға алуға тырысылғаны, сонымен қатар солтүстіктің де жағалауға жету арқылы Газаның солтүстігін де қоршауға тырысқанын айтуға болады.
Алайда Хамастың туннельдік желілері себепті Израильдің аймақты толығымен қоршап алуы өте қиын сияқты. 7 қазан күнінен бері Израильдің ілгерілеу жылдамдығын ескерсек, соғыстың ұзаққа созылуы мүмкін екені анық. Израильдің бүкіл Газаны бақылауға алуда үлкен қиындықтарға тап болатынын және халықаралық қоғамдастықтың қысымының күн санап арта түсетінін болжауға болады.
Ұқсас жаңалықтар

Апталық Анализ 66
Израиль Газа соғысынан әскери жеңіске қол жеткізгенімен, жаһандық ар-ожданда жеңіліске ұшырады.