Апталық Анализ 57

Қазір Әзербайжан армиясы лаңкестікке қарсы жүргізген операция арқылы 2020 жылы бастаған процесті аяқтады.

2044248
Апталық Анализ 57

Әзербайжан әскери күштері Таулы Қарабах аймағына кезең-кезеңімен кірген еді. Енді армян басқыншылығының дәуірін доғарғандай болды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Арменияның Қарабахтағы армян халқы арқылы аймақты басып алғанына 30 жылға жуық уақыт өтті. 2-ші Қарабах соғысы 2020 жылдың қыркүйегінде болды және бұл жолы армяндар  жеңілді. Қазір Әзербайжан армиясы лаңкестікке қарсы жүргізген операция арқылы 2020 жылы бастаған процесті аяқтады.

Қарабах оқиғасы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ғана басталады. Арменияның 1988 жылдың ақпаны мен 1994 жылдың мамыры аралығында Қарабахтағы армяндарды қорғау үшін бастаған соғысы нәтижесінде Қарабах аймағы басып алынды және бұл жердегі армяндардың тәуелсіз бір мемлекет пайымдауына мүмкіндік жаратты.  Сол кезде Ресейдің армяндарды қолдауы белгілеуші себеп болды. Соғыс кезінде әзербайжандықтарға қарсы ауыр қырғындар жасалғанымен халықаралық қауымдастық үнсіз қалуды жөн көрді. Әрине бұл үнсіздікке армян лоббилерінің ықпалы зор болды. Алайда аймақтағы күштер арақатынасы өзгерген конъюнктурада Әзербайжан ақыры 2020 жылдың қыркүйегінде басып алған жерлерін азат ету үшін әрекет етті.

2020 жылғы 27 қыркүйектегі Таулы Қарабах соғысы «Екінші Қарабах соғысы» деп аталды және Әзербайжанның басымдығымен аяқталды. Әрине бұл жерде Әзербайжанның стратегиялық әріптесі әрі басты одақтасы Түркияның әскери күш-қуаты артып келе жатқан мемлекет ретінде ықпалы зор болды. Түрік армиясы мен Әзербайжан армиясы арасындағы тәжірибе алмасуы және Түркияның қорғаныс өнеркәсібі мүмкіндіктерін Әзербайжан үшін қолдануы да соғыстың тез аяқталуына көмектесті.

27 қыркүйекте басталған қақтығыстар шамамен 44 күнге созылғанымен, Әзербайжан армиясының техникалық басымдығы, дайындығы, Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарына негізделген  жаңа түрік әскери доктринасының майдан желісіндегі ықпалымен армян күштері қысқа мерзімде жеңіліп, Ресейдің арағайындығымен жасалған келісімді қабылдады. Армения әкімшілігі ішіндегі саяси бәсекелестері және  Пашинянның Ресеймен қарым-қатынастарының нашарлауы да армяндардың әлсіреуіне апарып соқты. Қорыта айтқанда Әзербайжан армиясы Таулы Қарабахтағы көптеген аймақтарды, соның ішінде Шушаны азат етіп, Лачин дәлізі арқылы Армения мен Қарабах арасындағы байланысты бақылауға алды. Алайда армяндардың бітімгершілік келісімінің талаптарын орындамауы, аймақтағы қарулы әрекеттері, лаңкестік әрекеттері және келісімнің бір бөлігі болып табылатын Зәнгезур дәлізінің ашылмауы салдарынан Әзербайжан әскері қайтадан әрекетке көшіп, жан-жақты әскери операция бастады. Бар болғаны 24 сағатқа созылған бұл операциямен аймақта қалған армян күштерін жеңіліске ұшыратты. Сондай-ақ Пашинянның қолдауының жоқтығынан қарсылықты жалғастыра алмайтындарын көріп, берілуге ​​мәжбүр болды.

Енді Әзербайжан армиясы  Қарабахта толық үстемдікке ие болып жатқанда, Армения қарулы күштері аймақты толығымен тастап жатыр. Осылайша Әзербайжан 30 жылдан астам уақыт өткен соң басып алған жерлерін азат етті.

Пашинянның басшылығында Арменияның екі жолы бар. Біріншісі мәселе Түркия және  Әзербайжанмен ымыраға келу арқылы шешіледі.Екіншісі экономикалық және саяси жағынан көршілес елдерге қосылу арқылы өз игіліктерін алады немесе қақтығысты жалғастырып, елін жеңіліске ұшыратады.

 



Ұқсас жаңалықтар