Апталық Анализ 54
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан 22-24 тамыз аралығында Иракқа маңызды сапар жасады.

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан 22-24 тамыз аралығында Иракқа маңызды сапар жасады. Ирак терроризммен күрес, энергетикалық геосаясат, экономикалық қарым-қатынас, ішкі тұрақтылық және аймақ елдері арасындағы бәсекелестік тұрғысынан Түркия үшін ең стратегиялық елдердің бірі. Сондықтан Фиданның сапары президент Режеп Тайып Ердоғанның Иракқа күтілетін сапары алдында өте маңызды.
Алайда екі ел арасындағы күрделі мәселелер әлі де шешілмеді және президент Ердоған Иракқа барса да, бұл мәселелер дереу шешілмейді. Шешілуі үшін уақыт керек. Бұл жағдайға көптеген факторлар әсер еткенімен, Ирак ішіндегі динамикалар шешуші болып табылады. Сұдан үкіметінің нәзік құрылымы, экономиканың әлсіздігі, Бағдад пен Эрбиль арасында келіспеушіліктердің болуы, PKK лаңкестік ұйымының Ирактың солтүстігінде болуы және Иран сияқты шетелдік ойыншылардың жойқын әсері Түркия-Ирак қарым-қатынастарына ықпалын тигізеді. Климаттың өзгеруіне байланысты экологиялық мәселелерддің Иракқа әсер ететінін баршаға аян. Осы түйінде Түркия мен Ирак арасында шешімін күткен ең маңызды мәселелердің бірі.
Фиданның сапарында қауіпсіздік және энергетика мәселелері бірінші орынға шыққанымен, Фиданның Түркия үшін басымдылықтарының бірі болып табылатын стратегиялық мәселелердің бірі – сүнниттер арасында жасалған келісімнің сақталуы. Сунниттер арасындағы кез келген саяси қақтығыс Түркияның Ирактағы басымдықтарына стратегиялық қауіп төндіруі мүмкін. Бұл Түркия Иракқа мәзхабтық көзқараспен қарайды дегенді білдірмейді. Керісінше, сүнниттердің келісімі стратегиялық құрал ретінде қарастырылады. Өйткені оның Ирактағы барлық басқа саяси және әскери процестерге әсер ету мүмкіндігі бар.
Иракта (2023 жылы желтоқсанда) өтетін жергілікті сайлауды ескеретін болсақ, Түркияның басымдығы бұрынғыдан да маңызды бола түсуде. Бұл басымдықтарды Фиданның Ирактағы кездесулерге қарап-ақ түсінуге болады. Ирак түрікмендерімен кездесуінің алдында Фидан Ирак сыртқы істер министрі Фуад Хусейн, Ирак президент Абдул Латиф Джемаль Рашид, «Фатх» коалициясы жетекшісі Хади Амири және Ирак Егемендік одақтасының
Түркияның стратегиялық басымдықтары Ирактағы этно-мәзхабтық саяси тепе-теңдікті сақтаумен ғана шектелмейді. Солтүстік Иракта әсіресе Күрдістан Демократиялық партиясы мен Күрдістан патриоттық одағы арасындағы қарым-қатынастар, террор ұйымы ПКК-ның Ирактағы белсенділігін бақылау және әлсірету, террор ұйымы PKK-ның Ирактағы артқан әрекеттерінің тізгінделуі және әлсіреуі, PKK-ның және шиіт жасақтарының Түркияға қарсы ынтымақтастығы, сондай-ақ Иранның шиіт жасақтарына ықпалын болдырмау және Ирак пен Түркия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту Фиданның Иракқа сапарының негізгі стратегиялық басымдықтары болып табылады.
Бұл үдерістегі ең назар аударарлық жағдай террор ұйымы PKK-мен күрес. Түркия ұзақ уақыт бойы PKK-мен күрес стратегиясындағы өзгерістердің арқасында PKK-ны өз территориясы ішінде залалсыздандыруға, Иракта оны әлсіретуге және Сирияда бақылауға алуға қол жеткізді. Түркияның Ирактың солтүстігіндегі стратегиялық аймақтарда әскери күші және бұл жердегі аумақтық бақылауын арттыру, PKK-ға қарсы әскери және барлау операцияларын жалғастыру арқылы Анкара мен Эрбилm арасындағы тығыз ынтымақтастықты әлсіретіп жіберді.
PKK ДАИШ-пен күресу сылтауымен Синджар аймағында орнын ауыстырды. Махмурды PKK-ның жасақтау және жаттықтыру лагеріне айналдырды. Сонымен Сүлейманиядағы аудандарды бақылауға бастады .Күрдістан патриоттық одағымен серіктестік орнатты және шиіт жасақтарымен серіктес болып. Түркияға қарсы ауыз жүзіндегі кіру.қарсы тепе-теңдік саясат жүргізді. Одан да маңыздысы Ирактың солтүстігінде PKК-ның Сириядағы тармағы YPG-ны Солтүстік Иракта заңдастыруға және PKK-ның саяси және әскери тереңдігін Ирак саясатына қосып күшейтуге тырысты.
Түркияның қазіргі стратегиясы PKK-ның өзгерген стратегиялық және тактикалық көзқарасына қарсы тұру, PKK-ны Ирак көлемінде залалсыздандыру және ұйымның Кандилге кетуін қамтамасыз ету. Сондықтан Түркия Ирак үкіметінің PKK-ны террор ұйымы ретінде мойындауын қалайды және Фиданның сапары кезінде білдіргеніндей, PKK-ның күшеюін Ирактың аумақтық тұтастығы мен егемендігінің нашарлауы үшін бір қауіп деп санайды.
Бұл мақсат жүзеге асса, Ирак өз аумағында үстем күшке айналады және Түркияның Ирактың солтүстігіндегі әскери саны барынша азайтылады. Екінші жағынан, PKK-ны террористік ұйым ретінде тану Ирактың солтүстігіндегі саясатты PKK ықпалынан құтқарып, күрдтер арасындағы шиеленіскен қақтығысты азайтады.
Солтүстік Ирак теңдеуіндегі бұл жағдайды жүзеге асыру әзірге қиын болып көрінгенімен, Түркияның құралдары аймақтағы актерлердің Түркиямен жұмыс істеуін стратегиялық қажеттілікке айналдырады. Фиданның Эрбильдегі дипломатиялық кездесулері осыны дәлелдейді. Түркия мен Күрдістан Демократиялық партиясы арасындағы ынтымақтастықтың жалғасуы PKK-ны Күрдістан Демократиялық партиясына қарсы агрессивті ете түскенімен, егер Күрдістан патриоттық одағының PKK-мен ынтымақтастығын жалғастырса, Сүлейманиядан Түркияға рейстердің қайта басталуы мүмкін.
Екі ел үшін тағы бір маңызды экономикалық мәселе – энергетикалық сала. Ирактан Түркияға мұнай ағыны 2023 жылдың ақпан айынан бері тоқтады, Анкара бұған себеп ретінде ақпандағы жер сілкіністерін көрсетті. Бұл сылтау орынды көрінгенімен, Бағдад үкіметі мен Эрбиль әкімшілігі арасында жалғасып жатқан қақтығыс және Ирактың Түркияға қарсы Халықаралық арбитраж сотында талап қоюы және өтемақы жазасына кесілуі Түркия үшін де мәселе болып табылады. Мұнайдың маңыздылығын Бағдад әкімшілігінің Түркияға қарсы жалғасып жатқан ісі қарастырылғанда тереңірек түсінуге болады. Мұнай құбырының жабылуы Иракқа ақпан айынан бері миллиардтаған доллар шығын әкелді.
Фиданның Ирак сапары оң нәтиже беретін болса, бұл Ердоғанның сапарына берік негіз қалап, Түркия-Ирак қарым-қатынастарында стратегиялық ынтымақтастыққа жол ашады. Ирак бұл ықпалды күшейтуде стратегиялық рөл атқаратындықтан Түркияның аймақтық ықпалы қайта жандануы мүмкін.