Апталық Анализ 53
«Вагнер» ісі жабылды ма, әлде билік үшін күрес жалғаса ма?

Ресей шекара әскери операцияларда пайдаланған «Вагнер» жалдамалы әскерлері Украинадағы майдан шебінен кенет шегініп, Ресей ішінде Мәскеуге қарай бұрылып көтеріліс бастады. Ресей армиясы бұл жағдайды шарасыздықпен бақылап тұрғанда, Путин өз билігінің ең үлкен сынағына тап болды. Ақырында «Вагнер» Мәскеуден 200 шақырымдай жерге жақындағанда Беларусь Президенті Александр Лукашенконың араласуымен келісім жасалды. Осыған орай «Вагнер» тобы тоқтады және кері шегінді. «Вагнер» көтерілісінен екі ай өткен кезде «Вагнер» тобының басшысы мінген ұшақ Ресейдің әуе кеңістігінде құлады немесе атып түсірілді. Енді «Вагнер» ісі жабылды ма, әлде билік үшін күрес жалғаса ма?
Осыдан екі ай бұрын Мәскеу қақпасына дейін созылған «Вагнер» көтерілісі саяси келіссөздер арқылы басылып, Путин жеңіл тыныс алды. Алайда бұл істің жабылмағаны баршаға аян. Аяғында көптеген Ресей сарапшылары болжағандай, «Вагнер» басшысының қайтыс болғаны туралы хабарлар келді. Ресей «ТАСС» хабар агенттігі «Вагнер»-ге тиесілі Евгений Пригожин ішінде болған ұшақтың апатқа ұшырағанын хабарлады. Алайда ұшақтың атып түсірілуі мүмкіндігі жәйлы күдік бірден ойға оралды. Шын мәнінде бейне көріністерде ұшақтың «драмалық құлауы, оның ауада күйреген түрі және қоқыс алаңының көлемі» жарылыс болғанын анықтағанын көрсетеді. Ұшуды бақылау деректері Евгений Пригожинге қатысты екені айтылған «Embraer Legacy 600 (RA-02795)» үлгісіндегі жеке ұшағы 23 тамыз сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де ел астанасы Мәскеуден Петерборға ұшып кеткенін көрсетеді. Бірақ 8 минуттан кейін оның ауада өртеніп, құлай бастағанын растайды. Ресей авиация лауазым иелері Ресейде апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушылар тізімінде «Вагнер» басшысы Евгений Пригожинмен қатар басқа тағы тоғыз адамның болғанын айтуда. Сондай-ақ олардың арасында компанияның бас директоры Дмитрий Уткин мен кәсіпорынды қаржыландыруда маңызды рөл атқарқан Валерий Чекаловтың да бар екенін хабарлады.
Кремль ұшақтың апатқа ұшырауына Путиннің немесе Ресей әскери жоғарғы лауазым иелерінің қатысы бар деген айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығаруда. Путин болса көңіл айту видеосын жариялады. Видеода аралас эмоциялар бар деген белгілер бар. Еске сала кетейік, «Вагнер» тобына қарасты жалдамалы жауынгер 24 маусымда Украинадағы майдан шебін тастап, кенеттен Ресейге кіреді. Ростов сияқты қалаларды басып алып, Мәскеуге қарай жылжи бастады. Бұл оқиға Ресей Президенті Путинді және бүкіл әлемді таң қалдырған еді.
Ресей өсірген және мықты күш ретінде пайдаланған «Вагнер» тобы енді Ресейдің мүддесіне емес, тікелей өзіне бағытталған қауіпке айналған болатын. «Вагнер» тобының батылдық танытып, Мәскеуді тікелей нысанаға алуы элита арасындағы билік үшін күрестің көрінісі болса керек. Ресейді жіті қадағалаған сарапшылар Ресей Қорғаныс министрлігі мен Пригожин бастаған «Вагнер» тобы арасында күрделі мәселелер бар екенін білетін. Атап айтқанда, Пригожин жуырда өте қатал мәлімдемелер жасап, Қорғаныс министрі Шойгу мен Бас штаб төрағасы Герасимовты сатқындық жасады деп айыптап, олардың Украина соғысын өте нашар жүргізіп жатқанын баса айтқан еді.
Енді «Вагнер» тобы басшысының қайтыс болуымен Ресей ішіндегі билік күресте Путин және онымен бірге әрекет еткендердің жеңіске жеткенін айтуға болады. Осылайша Путин айрандай төккен абыройын қайтадан қалпына келтіргендей болды. Алайда «Вагнер» тобының болашағы, оны Украина соғысында пайдаланып пайдаланбауы және Африка мен Сирия операцияларының қандай болатыны белгісіз. Ресей армиясы мен барлау элементтерін «Вагнер» тобына айналдырып және қайтадан бақылау астына алу арқылы пайдаланғысы келетіні белгілі. Бірақ бұны уақыт көрсетеді.