Апталық Анализ 51

​​​​​​​Түркияның PKK террор ұйымымен күресі ел ішінде де, Ирак пен Сирияда да тез қарқынмен жалғаcуда.

2026511
Апталық Анализ 51

Түркияның PKK террор ұйымымен күресі ел ішінде де, Ирак пен Сирияда да тез қарқынмен жалғаcуда. Террор ұйымының әсіресе соңғы күндері  Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі қауіпсіздік күштері мен Күрдістан Демократиялық Партиясын нысанаға ала бастағаны байқалады. Террор ұйымы жоғарыда аталғалдарды  үлкен қауіп ретінде көруде.

Сайлаудан кейін PKK террор ұйымы және оның қосалқы құрамдастарына қарсы әскери және қауіпсіздік операциялары тез қарқынмен қайта басталды. Толық өрісті репрессия қазіргі қауіпсіздік парадигмасы бойынша жүргізілсе де, ұйымның әскери тұрғыдан күшеюі біраз қиындау сияқты. Түркияның түкпір-түкпірінде жандармерия мен Түрік Қарулы Күштеріне қарасты  әскери бөлімдері әсіресе тауларда соңғы PKK элементтерін жоюға тырысуда. Сайлаудан кейін PKK қақтығыс кезеңін аяқтау керек екенін жариялады. Шын мәнінде, ұйымның бүкіл ел бойынша әрекет ету мүмкіндігі ұзақ уақыт бойы барынша азайтылған кезде, оның  ауыл партизандары түріндегі талпыныстарынан еш нәтиже шықпағаны байқалады. Түркияның белсенді толық далалық шайқасқа негізделген қауіпсіздік доктринасы жалғасып жатса, сайлаудан кейін тиісті қауіпсіздік операциялары барған сайын кеңеюде. Ішкі істер министрлігінің соңғы мәлімдемесіне қарағанда, 2023 жылдың 27 мамыры күнінен бастап,  Түркияның ауылдық және таулы аймақтарында PKK-ның 77 элементі ғана қалды. Ұйым өзінің санын, алмастыру және логистикалық мүмкіндіктерін айтарлықтай жоғалтқаны баршаға аян.

Ирак пен Сирияда әскери операциялар жалғасуда.  Соңғы күндері Түрік Қарулы Күштері  өз үстемдігін кеңейту үшін Ирактың солтүстігінде операциялар жүргізуде. Әсіресе Зап аймағында қатты қақтығыстар болғанымен, Ирак Күр Аймақтық Әкімшілігі тарамағындағы Күрдістан Демократиялық Партиясына қарасты Пешмерга күштері де Түрік Қарулы Күштерімен бірге әрекет етіп, Зап аймағына көбірек орналаса бастады. PKK мүшелері Пешмергаға қарсы террорлық шабуылдар жасап жатқанда, KCK/PKK жоғарғы басшылығы Күрдістан Демократиялық Партиясы лидерлерін  нысанаға алған мәлімдемелер жасауда. PKK Түркиямен бірге әрекет еткен ИКАӘ  мен Күрдістан Демократиялық Партиясының  өздері үшін  үлкен қауіп екенін біледі.

Террор  ұйымы Күрдістан Демократиялық Партиясының  бақылауында болуы тиіс аймақтарда ауылдық жерлерде іс жүзінде үстемдік құру арқылы бұл аймақтарды террор орталығына айналдыруға тырысуда. Террор ұйымының Иран, Хашд әл-Шааби және Күрдістан Патриоттар Одағымен әртүрлі келісімдер жасап, аймақтағы ҚДП-ны әлсіретуге тырысқаны байқалады. Күрдістан Демократиялық Партиясы  болса террор ұйымына қарсы күн өткен сайын көбірек қадамдар басуда. Күрдістан Демократиялық Партиясы өз аймағында тұрақтылықты қамтамасыз еткісі келсе, PKK-ны жою үшін Түрік Қарулы Күштерімен бірге тіпті батыл қадамдар басуы керек. Осы тұрғыда PKK мен Күрдістан Демократиялық Партиясы мен Пешмерга арасындағы қақтығыстар жақын болашақта ушығатын сияқты.



Ұқсас жаңалықтар