Апталық Анализ-35

Түркия сайлау процесінде террормен күрес тақырыбы басты орынға шықты.

1980701
Апталық Анализ-35

Түркия сайлау процесіне кірді. PKK террористік ұйымының ауыз жүзіндегі лидерлерінің сайлау жайлы үнемі мәлімдемелер жариялауы және Ердоғанның бәсекелес үміткерлері мен олардың одақтастарын қолдауы назар аударды. Қорыта айтқанда, табиғатына сай саяси процестен гөрі террор мен күш қолдану арқылы нәтижеге жетуге талпынған PKK-ның осы жаңа әрекет жоспары террор ұйымының тұйыққа тірелгенін және лидер тобының шарасыз қалғанын көрсетеді.

 Сіздерге сыртқы саясат зерттермені Жан Ажунның осы тақырыпқа байланысты анализдерін ұсынамыз.

PKK/KCK Террор ұйымы атқару кеңесінің мүшесі Дуран Калкан баспасөзге мәлімдемесінде Ердоған басшылығындағы биліктің сөзсіз аударылуы керектігін білдірді. Түркия сайлау процесіне кірген кезеңде PKK-ның ауыз жүзіндегі лидерлерінің барлығы осындай мәлімдемелер жасады. Жемил Байык, Мұрат Карайылан, Бесе Хозат сияқтылар Әділет және даму партиясы мен Ұлтшыл Қозғалыс партиясы коалиция үкіметінің сөзсіз құлауы және оның орнына лайықты билік келуі керектігін білдірді. Тіпті осы тұрғыдан ұйым атынан Бесе Хозат жариялаған мәлімдемеде 14 мамыр сайлауының ешбір сайлауға ұқсамайтынын, Халықтар демократиялық партиясының Кемал Кылычтароғлуның қарсысына бәсекелес шығармау шешімі тура екенін және сайлау аяқталғанға дейін «әскери операцияларды» тоқтатқандарын хабарлады. Артынан Халықтар демократия партиясы мен қосымша партия ретінде қаралған Жасыл Сол партиясының Кемал Кылычдароғлу және Ұлттық одақпен байланысы назар аударды.

PKK/KCK-ның құқықтық саладағы саяси жалғасы болып табылатын Халықтар демократиялық партиясы мен Жасыл Сол партиясы Кемал Кылычдароғлумен кездесіп, кеңесулер арқылы үміткер белгілемеуге және Кылычдароғлун қолдауға шешім жасады. PKK/KCK террор ұйымының барлық күшімен сайлау процесіне кіруінің және Ердоғанға қарсы шығуының мағынасы не? Табиғатына байланысты заңды саяси жүйе мен сайлау процесінен алыс тұруға тиісті бір террор ұйымы неліктен саяси кампания жүргізуде?

Міне, Дуран Калканның соңғы мәлімдемесі PKK-ның әрекет жоспарын айқындайды. Калкан мәлімдемесінде:

«Ердоған бізді өлтіру үшін Ұлттық Барлау ұйымын аттанысқа келтірді. Атымызды тіркеп алып, күн сайын өлтіруде, бұған ешкімнен үн шықпайды. Медиа қорғаныс саласында, Бакурда туннельдерде, барлық жерде шабуылға ұшыраудамыз. Кандилде, Шенгалда, Рожовада өліп жатырмыз. Күн сайын өлсек те, ешкімнен дыбыс шықпайды. Әкімшілігіміз жайлы тізім шығарылған. Қызыл тізім, сары тізім, жасыл тізім, сұрғылт тізім, әрбір тізімде 30-40 ат жазылған, суретімізді жариялаған. Бұлар ізделгендер тізімі емес, ресми өлтірілетіндер тізімі» деген сөздерімен PKK/KCK-ның қысым астында қалғанын, лидер тобының әрекет жасай алмағанын және басшылық күші әлсірегенін көрсетіп отыр.

Түркияның соңғы жылдарда PKK террор ұйымына қарсы толық белсенді және барлық саладағы қысымынан нәтиже шыға бастады. Түркияның ішінде операция жасау күшінен қалған террористік ұйым Ирак пен Сириядағы шекара сырты операциялар арқылы да әлсірей бастады. Алайда Дуран Калкан баса дәріптеген өзге бір күрес әдісін Ұлттық Барлау ұйымы жүзгізіп жатыр. Ұлттық Барлау ұйымы қауіпсіздікті қамдау үшін PKK террор ұйымының басшыларын жоюға бағытталған процесте 2015 жылдан бері 500 террористі жойып, ұйымның операция әдісін өзгертуіне себеп болды. Дуран Калканның 18 сәуірде жасаған мәлімдемесінде анықталғанындай, операция мен байланыс қабілеттері ауыр зақымдалған террор ұйымы әкімшілігінің құлдырауға бет алғанын айтуға болады.  

PKK/KCK террор ұйымының ауыз жүзіндегі басшылары тығырықтан құтылу мақсатымен сайлауды тарихи орай ретінде көруде. Ердоғанның биліктен кетуімен бірге террор ұйымына қарсылықтың азаятынын, Түркияның Ирак пен Сириядағы әскери операцияларының тоқтайтынын, заңды саладағы ұйымдары болған Халықтар демократиялық партиясы мен Жасыл Сол партиясының күшейіп, елдің шығыс аймақтарында өздеріне алаң жарататынын қиялдауда. Өкінішке орай, оппозиция партиясының лидері Кемал Кылычдароғлуның кейбір сөздері, өзінің және командасының Халықтар демократиялық партиясы және Жасыл Сол партиясымен байланыстары осыған мүмкіндік беруде.

Терроризммен күрес Түркия үшін саясаттан да үстем тұратын ұлттық қауіпсіздік мәселесі. PKK құлдырауға бет алған кезде қазіргі қауіпсіздік күресінің шешіммен жалғасуы керек.



Ұқсас жаңалықтар