Апталық Анализ 34

Судандағы қатты қақтығыстар елдегі саяси дағдарыстың күшейе түскенін көрсетеді.

1977040
Апталық Анализ 34

 

 

Судандағы қатты қақтығыстар елдегі саяси дағдарыстың күшейе түскенін көрсетеді. Мысалы  2023 жылдың 14 сәуірінде Судан армиясы Жедел қолдау күштерінің штаб-пәтеріне шабуыл жасады. Қазіргі уақытта Судан Республикасының армиясымен бірге Хемедтиге қарасты бөлімшелер екі түрлі әскери құрылымды құрайды деген пікір бар. Әл-Бурхан қазір Хемедти әскерін әлсіретуге тырысуда, бірақ  бұл үшін кеш сияқты. Судандағы саяси дағдарыстың тараптарына үкімет, әскери әкімшілік, саяси партиялар және азаматтық  ұйымдар кіреді. Суданда туылған мәселелер негізінен экономикалық дағдарыс, сыбайлас жемқорлық, әлеуметтік әділетсіздік, демократияландыру үдерісіндегі үзілістер, этникалық және діни қақтығыстар сияқты факторлар болып табылады.

Қақтығыс Судандағы саяси дағдарысты тіпті де ушықтыруы және елде тұрақсыздық тудыруы мүмкін. Сондай-ақ әсіресе Суданның Жедел қолдау күштерінің басшысы  Хемедти Суданда күшті әскери тұлға. Сондықтан Хемедти мен Әл-Бурхан арасындағы шиеленіс әскери қақтығысқа ұласып, елді азаматтық соғысқа апаруы мүмкін. Сонымен қатар бұл шиеленіс Судандағы саяси үдерістерге кері әсер етіп, елдегі саяси дағдарысты одан әрі тереңдете түседі.

Сонымен қатар Суданның геосаяси жағдайы аймақтағы басқа елдердің, әсіресе Суданға көршілес елдердің Судандағы саяси дағдарысқа араласуына себеп болуы мүмкін. Бұл Судандағы дағдарысты тереңдетіп, ел мен аймақты одан әрі былықпаға апарады.

Мысалы бұл мәселеге Мысыр тартылуы мүмкін. Судандағы саяси тұрақсыздық Мысырдың қауіпсіздігіне әсер ету әлеуетіне ие. Мысалы Судан Ніл өзенінде Роузирес, Сеннар және Меров сияқты бөгеттерді салған. Сондықтан Суданның су электр энергиясын өндіруде маңызды рөл атқаратын және Суданның ауылшаруашылық секторын суаруды қамтамасыз ететін бұл бөгеттер Суданның су ресурстарын басқару тұрғысынан үлкен маңызға ие.

Екіншіден, Суданның солтүстік-шығысында орналасқан Эфиопияның Тиграй аймағындағы атыстарға байланысты Судан мен Эфиопия мүдделер қақтығысын бастан өткерді. Үшіншіден, Судан мен Оңтүстік Судан арасында көптеген дау-дамай бар. Судандағы саяси дағдарыс бұл келіспеушіліктерге болымсыз ықпал жасауда.  Сондықтан Судандағы дағдарысқа Оңтүстік Суданның да қатысы болуы мүмкін.

Аймақтан тыс күштер тұрғысынан Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясының Судандағы кейбір топтармен тығыз қарым-қатынаста екені айтылуда. Сондықтан Судан дағдарысы бұл елдердің мүдделеріне әсер етіп, бұл елдердің Судан дағдарысына көбірек араласуына себеп болуда. Судандағы дағдарысты шешуге осы елдерден басқа Африка Одағы, Араб Мемлекеттері Одағы және басқа аймақтық ұйымдар да қатысуы мүмкін. Алайда Суданның егемендігін құрметтейтін және Судан халқына пайда әкелетін бейбіт шаралар жүргізілуі өте маңызды.

Осы себепті Судандағы әкімшілік ішіндегі шиеленісті шешу үшін тараптардың диалог және ымыраға келу арқылы ынтымақтастық жасау өте маңызды. Сонымен қатар Суданның барлық бөліктерін қамтитын саяси процестің басталуы және осы процестің жалғасуы  қажет.Судандағы қақтығыстар Суданның тұрақтылығына қауіп төндіретіні анық. Алайда бұл дағдарысты шешу үшін байыпты саяси ерік пен келіссөздер процесі қажет. Әйтпеген жағдайда Судан Ливия сияқты былықпаға тартылуы мүмкін. Суданның Мысыр, Оңтүстік Судан және Эфиопия сияқты көршілерімен де проблемалары бар. Аймақтағы шиеленістің артуы Суданның болашағына үлкен қауіп төндіреді.

Халықаралық қауымдастық Суданға қолдау көрсетіп, қақтығысты тоқтатуға күш салуы керек. Бірақ Судандағы экономикалық дағдарысты да назардан тыс қалдыруға болмайды. Бұл дағдарыс елдегі саяси дағдарысты тереңдетіп, шешу процесін қиындатады. Суданның болашағынан үміт күту қиын болғанымен, бейбіт шешімнен үміт үзбеген жөн.

 



Ұқсас жаңалықтар