Ресей мен Қытай қарым-қатынастары

Апталық Анализ-32

1971168
Ресей мен Қытай қарым-қатынастары

Қытай мен Ресейдің ортақтығы батыс елдеріне қарсы бір талпыныс па?

      Мақаламыздың тақырыбындағы мәселенің шешімін іздеу үшін тарихты еске салып, 2022 жылы 4 ақпанға оралуымыз керек. Бейжің Олимпиадалары себепті Қытайға сапарлай барған Владимир Путин Си Цзиньпинмен кездесті, кездесу нәтижесінде қазіргі әлем тәртібіне жаңалық әкелетін «Жаңа ғасырға кіргенде Халықаралық қарым-қатынастар мен Жаһандық жалғастыруға болатын өркендеу» деген тақырыппен Қытай-Ресей ортақ мәлімдемесі жарияланды.

Сіздерге Қауіпсіздік зерттеулері директоры жазушы профессор доктор Мұрат Ялчынташтың осы тақырыпқа байланысты анализдерін ұсынамыз.

Осы мәлімдемеде екі ел лидерлері ортақтықтың шегі болмағанын атап көрсетті, бұл ортақтық түсінігінің мазмұнын да жариялаған болатын. Аталмыш ортақтық одақтас болуды, қақтығыспауды және әрқандай бір үшінші тарапты нысанаға алмауды қамтиды. Осыған негізделгенде Қытай мен Ресей арасында бұрын да бір ортақтық бар екенін, алайда Ресей мен Украина соғысының жаһандық жүйеге және екі ел қарым-қатынастарына жасаған әсері осы мазмұнды жоғары дауыспен айтуды уақытша тосқанын межелеуге болады.

Батыстың Ресейге бағыттаған шабуылшы санкция оқтарынан экономикасын қорғауды ойлаған Қытай аталмыш процесте өз тұғырын елдердің территория тұтастығын қорғауды, диалог есіктерінің ашық болуын және тек тарапты санкциялардың пайдасыз екенін білдірген орта жолды тілге тиек етті. Сонымен бірге осы соғысқа себеп болған басты ықпалдың НАТО-ның ірге кеңейтушілігі мен АҚШ екенін көптеген платформаларда баяндады. Аталмыш процесте Қытайдың Ресейге әскери қару-жарақ бергені жайлы қауесеттер болғанымен, Бейжің мұны айқын түрде теріске шығарды, алайда Украинаның жаулап алынуын «жаулап алу» деп айтпауға көңіл бөлді. Қытай осы барыста Ресейдің қасында болмай, артқы көріністе тұруға талпынды. Батыстың санкцияларының әсерімен Мәскеу-Бейжің әкімшіліктері арасындағы тәуелділік экономикалық және стратегиялық жақтан бірін-бірі толықтауға айналды және екі ел арасындағы сауда мөлшері тарихтағы ең жоғарғы өреге көтерілді.

4 ақпандағы кездесуден кейін екі лидер Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының ел басшылары саммиті қатарлы түрліше организацияларда бас қосқанымен, ешқайсысы Си Цзиньпиннің Мәскеу сапарындай дабыралы болмады. Мұның басты себебі Си Цзиньпиннің 2023 жылдан бастап өзгерген және батыстың экономиканы негіз еткен беталысынан алыстап, тіпті ыңғайлы және батыл сыртқы саясатқа беталған тұғыры болып табылады. Сонымен бірге аталмыш сапар Си Цзиньпиннің үшінші кезеңді кепілдікке алғаннан кейінгі алғашқы шетел сапары болды, әрі Путиннің Халықаралық Қылмыстық соты тарапынан соғыс қылмысын жасағанына шешім қабылданғаннан кейін болғанын да ұмытпаған жөн. Екі лидердің Мәскеуде дипломатиялық тәжірибеден тыс бір-бірін «досым» деп шақырғаны және шынайы бір кездесу өткені анық байқалды. Сапар нәтижесінде жарияланған екі мәлімдемеде АҚШ басшылығындағы бір үйекті әлемдік тәртіптің аяқталып, жаңа дәуірде көп үйекті әлемдік тәртіптің басталатыны анық атап өтілді. Бұл тәртіп мәлімдемедегі «Халықаралық қатынастарды демократияландыру» және «жаһандық басқару» ұғымдарымен қуатталған. Си Цзиньпиннің Путинмен қоштасқанда айтқан «Ғасырлық өзгеріс келе жатыр, осы өзгеріске біз басшылық етудеміз» деген әсерлі сөзді еске түсірейік. Бұл өте батыл сөйлем болумен бірге екі ел лидерлерінің өзара берген рөлдерінің де тым айқын екенін көрсетеді. Мәлімдемеге қосымша қол қойылған даму мен ынтымақтастыққа бағытталған инвестиция жоспарлары, «Сібір Күші 2» табиғи газ құбыр желісіне байланысты процестер аталмыш ортақтықты бекемдеу үшін қолданылған экономикалық, әлеуметтік және дипломатяилық тақырыптарды қамтиды.

Екінші жағынан алғанда, бұл сапар батысты негіз еткен ақпараттарда Ресейдің Қытайға кішкене ортақ рөлін бергені ретінде баяндалды. Ресей мен Қытай хабарлары осы сапарды мазмұнын өзгертіп, екі елдің болашаққа бірге беталу үшін көлемді бір стратегиялық ортақтыққа қарай басқан күшті қадамы ретінде бағалады.


 



Ұқсас жаңалықтар