Апталық Анализ 31

15 наурызда Ирактың солтүстігіндегі Духок Чеманке аймағында екі тікұшақ бірінен соң бірі апатқа ұшырады.

1968120
Апталық Анализ 31

 

15 наурызда Ирактың солтүстігінде тікұшақтың апатқа ұшырауы және оның ішіндегілермен байланысты  күдік жұртшылықтың назарын аударды. Алғашқы сағаттарда апатқа байланысты ақпарат пен тікұшақта кімдердің болғаны туралы сұрақтар күн тәртіпке келсе, Ирак Күрд аймақтық әкімшілігі үйінді астындағы мәйіттердің террор ұйымы PKK мүшелеріне тиесілі екенін жариялады. Артынша PKK-ның Сириядағы тармағы  Сирия демократиялық күштері (СДК) өздеріне тиесілі 2 тікұшақтың құлағанын жариялаған кезде, барлық назар  Күрдістан Патриоттар Одағы (КПО) мен Бафель Талабаниге ауды.

15 наурызда Ирактың солтүстігіндегі Духок Чеманке аймағында екі тікұшақ бірінен соң бірі апатқа ұшырады. Оқиғадан кейін көптеген болжамдар болғанымен, СДК тікұшақтардың өздеріне тиесілі екенін және олардың Сириядан Сүлейманияға оқу-жаттығу мақсатында барған Террормен күрес күштері (ТКК) мүшелерінің ішінде  екенін мойындауға мәжбүр болды. Мәлімдемеде тікұшақ апаты салдарынан Мазлум Абдидің жақын туысы болып табылатын ТКК Бас қолбасшысы Шерван Кобани де бар 9 террористтің қаза тапқаны атап көрсетілді. ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалицияның бірлескен арнайы операция тобы да Мазлум Абдидің твиттерінде СДК-ке көңіл айтты. Ирак Күрд аймақтық әкімшілігінің басшысы Менсур Барзани қатал мәлемдеме жасап, PKK/YPG-нің аталмыш тікұшақтарды олардың рұқсатынсыз ұшқанын және тиісті тікұшақтардың КПО тарапынан берілгенін айтты. Осылайша барлық назар (КПО) мен Бафель Талабаниге ауды.

Сирия-Ирак/Сүлеймания бағытында радарға түсіп қалмау үшін төмен ұшуларды орындауға тырысқан тікұшақтардың француздық «Airbus Helicopters» компаниясы тарапынан өндірілген «AS 350» үлгісіндегі жалпы мақсаттағы тікұшақтар екені белгілі болды. Тілге тиек болған  тікұшақтар 2016 жылы Ирак Күрд аймақтық әкімшілігінің  инвентаризациясына енген. Иракта АҚШ армиясының авиациялық мердігері болып табылатын «The 7 Group» атты  компанияның инфрақұрылымы пайдаланылды. «The 7 Group»  тобының 2009 жылы Эрбил мен Сүлейманияда екі жабдықтау, логистикалық, техникалық қызмет көрсету және оқу орталығын ашқаны айтылады. Аталмыш компания Канададан келген үш «AS 350» тікұшақтары Джалал Талабанидің жиені Лахур Талабани құрған лаңкестікке қарсы бөлімшені пайдалану үшін әкелінгені білдірілуде. Кейінірек бұл тікұшақтардың Бафел Талабани дәуірінде PKK-ның Сириядағы тармағы  YPG-ге берілгенін көреміз.

Енді Бафель басшылығындағы КПО-PKK қатынасына тоқталайық. Ирактың солтүстік-шығысында Желал Талабани басшылығында құрылған КПО-PKK өз тарихы бойынша PKK/YPG-мен тығыз қарым-қатынас орнатқан және бұл жағдайда Түркияның нараздылығына душар болған. Түркия бұл қарым-қатынасты тоқтату үшін КПО-ға қатты қысым жасады. Әсіресе тәуелсіздік референдумынан кейін Сүлеймания әуежайына санкция салды. Түркия экономикалық және саяси шектемелер жасап,  КПО-ның PKK-мен болған қарым-қатынасын үзді. Алайда КПО мен PKK арасындағы байланыс әлі жалғасуда.

 КПО  ішіндегі билік күресінен кейін АҚШ-тың қолдауымен Бафель Талабани Лахор Талабаниді қақпайлап, барлық билікті қолына алды және КПО-ның тиісті саясатын қайтадан өзгертті. Бұдан бұрын Иранның ықпалынан гөрі KCK/Kandil-мен байланысы тіпті жақсы еді. Бафель Талабани билікті қолына алғаннан кейін, АҚШ қамқорында PKK-ның Сириядағы тармағы PYD/YPG мен КПО арасында күшті қарым-қатынас орнай бастады. Бафел Талабани өз билігін КПО  ішінде нығайтқаннан кейін YPG-ге қолдау білдіретін мәлімдемелер жасай бастады. Алғашқы жылдары жасырын жүргізген қарым-қатынасын кезең-кезеңімен айқындаудан тайынбады. АҚШ ұшағымен Сирияның солтүстігіне барып, Мазлум Абди сынды маңызды топтарды YPG басшыларымен кездестірді. Енді тікұшақ апаттарынан кейін бұл қарым-қатынас саяси қолдау көрсетуден әлдеқайда жедел екені анықталды. Тікұшақтардың ұшу жолы кеңістігінде АҚШ-тың бақылауы бар екенін ескерсек, қатысты тікұшақ операциялардың АҚШ-тың қамқорлығымен жүзеге асырылатыны шайдан ашық.Осы оқиғалардың барлығын және қарым-қатынастар желісін қарастырсақ, АҚШ-тың Ирак пен Сириядағы YPG-ні заңдастырып, маңызды актер ету үшін Бафель Талабани арқылы КПО-ны пайдаланып жатқанын көреміз. Бафель Талабани болса осы жаңа қарым-қатынасымен Ирактағы күрд тепе-теңдігінде YPG-ні  қарсы пайдалануға тырысуда. Сондай-ақ АҚШ үшін PKK ішіндегі тепе-теңдікте KCK/Kandil емес, YPG басшыларының алға шығуы маңызды болуы мүмкін. Тағы да осы теңдеуде Бафел Талабанидің Өжаланды атап өтіп, «басшыларымызды босат» деп Халық демократия партиясының  (ХДП) Наурыз мерекесіне үндеу жасағаны және ХДП актерлері мен PYD/YPG-нің Өжаланның босатылуы аясында жүйелі шақыру жасай бастағаны назар аударарлық жағдай.  Түркиядағы сайлау нәтижелеріне қарағанда, АҚШ PYD/YPG-ны Түркияның қабылдауына, КПО тарапынан күшейтілуіне және Өжаланды қайтадан актер ете алатынын есептеп жатқан болуы мүмкін.

Бафель Талабанидің шектен  асқан лас ойынның астында қалуы  әбден мүмкін. Түркияның дұшпандарымен дос болу Түркияның да жауы болу деген сөз. Бұдан КПО мен Бафель Талабани зардап шегеді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар