Апталық Анализ 28
Түркиядағы жер сілкінісіне бір ай болды.

Түркиядағы жер сілкінісіне бір ай болды. Әрине бұл апатты саяси, экономикалық, әлеуметтік, психологиялық және академиялық тұрғыдан талдау қажет. Жан-жақты қорытынды жасауға әлі ерте болса да, оның дипломатия саласындағы нәтижесі маңызды.
Түрік үкіметінің көмек шақыруына сай әлемнің барлық құрлығы мен аймағынан Түркияға көмек келе бастады. Осы уақытқа дейін 100-ге жуық ел жер сілкіністерінде зардап шеккендерге қол ұшын созды. Бұл елдер әртүрлі деңгейде көмегін жалғастыратындарын жариялады. Әзербайжан, Венгрия, Греция және Израиль сияқты кейбір мемлекеттер іздеу-құтқару топтарын жіберді. Сонымен қатар Әзербайжан, Катар және Ресей сияқты кейбір мемлекеттер аман қалғандарға көмек берді. Америка Құрама Штаттары мен көптеген еуропалық мемлекеттер іздеу-құтқару топтарын жіберіп, қаржылық көмекке уәде берді.
Ақшалай көмек бере алмаған Африка елдері де Түркияның қайғысын бөлісетіні жайлы мәлімдемелер жасады. Бұл елдердің халқы жаһандық деңгейде тұрақты гуманитарлық көмегі үшін жомарт екені белгілі Түркия үшін дұға жасады. Сондай-ақ көптеген елдердің, әсіресе мұсылман елдерінің азаматтық ұйымдары Түркияға жәрдем науқандарын ұйымдастыра бастады.
Күтілгендей Түркияға көмек алдымен Әзербайжаннан келді. Әзербайжан мемлекеті мен халқы Түркияға әртүрлі көмек жіберуге жұмылдырылды. Одан кейін Өзбекстан сияқты басқа түрік мемлекеттерінен және Түркиямен тығыз ынтымақтастықта болған Пәкістан, Катар сияқты мұсылман мемлекеттерінен көмек хабарлары келе бастады. Басқа мұсылман елдерінің үкіметтері мен халықтары Түркияға қомақты көмек көрсетті.
Батыс елдерінен де айтарлықтай қолдау болды. Батыс елдерінің барлығы дерлік заттай және ақшалай көмек пен іздеу-құтқару топтарын жіберді. Еуропа мемлекеттерінің ішінде ең көп көмекті Венгрия берді. Венгрияның іздеу-құтқару топтары өте көп жұмыс істеді.
Аймақтағы барлық дерлік елдер түрік халқының қайғысын бөлісіп, көмек уәде еткен хабарламалар жолдады. Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Кувейт сияқты Парсы шығанағы елдері зілзала апатына қомақты көмек көрсетті. Катар Әмірі Шейх Тамим ибн Хамад әл-Сани Түркияға келіп, ел президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Әл-Сани жер сілкінісінен кейін Түркияға келген алғашқы мемлекет басшысы болды.
Соңғы кездері Түркиямен қарым-қатынастарын қалыпқа келтірген Израиль мемлекеті қол ұшын созған алғашқылардың бірі болып табылады. Израиль Әзербайжаннан кейін адам саны ең көп іздеу-құтқару тобын жіберіп, құтқару жұмыстарында үлкен үлес қосты.
Сол сияқты Мысырдың да көмегі назар аударарлық. Катардың астанасы Дохада өткен Әлем кубогы рәсімінде алғашқы тікелей кездесуін өткізген екі ел басшылары екінші рет кездесті. Мысыр президенті Сиси Ердоғанға телефон шалды. Бұл сөйлесу Түркия мен Мысыр арасындағы қарым-қатынастардың қалыпқа келуі тұрғысынан өте маңызды еді. Сонымен қатар Түркиямен үнемі қақтығыста болған Арменияның құтқару тобын жіберуі және Түркияның қайғысын бөлісуі де маңызды жаңалық. Бұл түрік-армян шекара қақпасының 35 жылдан кейін алғаш рет ашылуы болып табылады.
Барлық мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың өзгеруінің ең жарқын мысалы. Алдымен Грекия президенті Катерина Сакеларопулоу мен премьер-министр Кириакос Мицотакис Ердоғанға телефон соғып, көңіл айтты. Одан кейін Сыртқы істер министрі Никос Дендиас жер сілкінісі болған аймақты аралап, әріптесі Мевлүт Чавушоғлумен кездесіп, көңіл айтты. Әсіресе Мицотакистің телефон соғуы ең үлкен оқиға болды. Ердоғанның АҚШ-та сөйлеген сөзінде Түркияға қарсы мәлімдемелеріне байланысты Мецотакиспен қайта кездеспейтінін ескерсек, мұны шынымен маңызды оқиға деп бағалау керек. Ердоған-Мицотакистің телефон арқылы сөйлесуі екіжақты қарым-қатынастардың қалыпқа келуіне себеп болатын өте маңызды оқиға.
Сондай-ақ Грекияның іздеу-құтқару тобының апатты жою және қалпына келтіру процесіндегі табысы дипломатиялық байланысты орнатты. Дулығасына Грек туы таққан грек құтқарушысы үйінді астынан қолында түрік туы бар кішкентай сәбиді құтқарды. Грек құтқарушы мен аман-есен шыққан сәбидің арасындағы сүйіспеншілік барша әлемге адамгершіліктің үлгісін көрсетті. Сонымен қатар Грекияның сыртқы істер министрі жер сілкінісі болған аймаққа барған бірінші жоғары деңгейдегі шетелдік болды.
Жіберілген көмек пен жолданған хабарламалар өте айқын және маңызды шындықты көрсетеді: гуманитарлық дағдарыс кезіндегі адамдардың гуманитарлық әрекеті. Мемлекеттер мен адамдар әртүрлі саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени мәселелерге байланысты қиындықтарды, қақтығыстар мен соғыстарды бастан кешірсе де, олар өзара дұшпандықты тастап, адами құндылықққа баса назар аудару арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайды.
Екіншіден, жаһандық көмек Түркияның халықаралық гуманитарлық көмек әрекеттерінің елімізге деген жанашырлығын және Түркияның гуманитарлық дипломатиясының әсерін қалай арттырғанын көрсетті. Әрине Түркия мен түрік халқы қиын кезеңде мұқтаж мемлекеттер мен халықтарға қол ұшын берген болатын. Түркия енді осы жақсылақтардың қарымжысын алуда.