Апталық Анализ 26

​​​​​​​Түркиядағы екі ірі жер сілкінісі де дипломатияны ынталандырды.

1950944
Апталық Анализ 26

Түркиядағы екі ірі жер сілкінісі де дипломатияны ынталандырды. 88 мемлекет тікелей көмек көрсетсе, іздеу-құтқару және көмек көрсету шараларына 11 мың 302 шетелдік қызметкер қатысты. Тағы да қолдау үшін НАТО Бас хатшысы, Грекия, Израиль және Армения сыртқы істер министрлерінің сапарларынан кейін АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Блинкен жақында Түркияда болды. Жер сілкінісі болған аймаққа Германияның ішкі және сыртқы істер министрлері де келді.

Ел ішінде үлкен ұлттық бірлік көрсеткен Түркияға халықаралық көмек көп келді. Шетелден жоғарғы лауазым иелері сапары  жағымды атмосфера жаратты.  Атап айтқанда Грекияның Сыртқы істер министрі Дендиас Брюссельде сапары кезінде және одан кейін Түркияға қолдау білдірді. Оның мәлімдемелері 1999 жылы Мармара жер сілкінісінен кейін Түркия мен Грекия қарым-қатынастарының жұмсарғанын еске түсірді. Сондай-ақ АҚШ, ЕО және Греция қарым-қатынаста жер сілкінісі дипломатиясынан жаңа дәуір бастау керек дегендер де болды.

Әрине апатқа қарсы ынтымақ – адам болудың ортақ қасиеті. Әлемнің алдыңғы қатардағы актерлері жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) пандемиясының алғашқы күндерінде бұл сынақтан сүрінгенін ұмытпаған жөн. Жер сілкінісі салдарынан Түркияға келген көмек зардаптың жеңілдетілуіне ықпал етті.

Екі жер сілкінісінің жан түршігерлік шығыны баршаға аян. Алайда Түркияға  көмек беруге  асығуының жалғыз себебі бұл емес. Таза ұлттық кірісімен салыстырғанда  Түркия гуманитарлық жәрдемде әлемде бірінші орында тұрған ел. Президент Ердоған халықаралық жүйедегі әділетсіздіктерді БҰҰ да бар барлық жерде тілге тииек еткен  көшбасшылардың бірі. Екінші жағынан, Түркия пандемия кезінде медициналық көмек көрсетуде тиімді жағдайға ие болды. Түркия Украина соғысындағы араағайындық рөлімен астық дәлізінде және тұтқындар алмасуда үлкен үлес қосты.

Түркия бүкіл әлемде болған апаттарда зардап шеккендерге алдымен қол ұшын созған  елдердің бірі. Осы себепті  Түркия батыстық одақтастарынан, көршілерінен, ислам және түрік әлемінен және Африканы қоса алғанда барлық жерден көмек алды. Түркия достық танытты және достықтың жақсылығын көруде.

Шиеленісті бәсеңдету және екіжақты қарым-қатынасты жақсарту үшін жер сілкінісі дипломатиясын қолдану керек екені анық. Армения, Израиль және Грекиямен қарым-қатынастардағы қазіргі оң атмосферадан нақты табыстарға қол жеткізуге күш салу керек. Алайда шиеленісті шешу үшін өзара ерік пен дипломатияны күшейткен жөн. Апаттар ынтымақтастығы біраз уақыт жалғаса беретінін және ұлттық мүдделердің құрылымдық қақтығыстарын бірден шеше алмайтынын аңғарған жөн. Сонымен қатар нақты келіссөздер процесі қажет. Жоғарыда аталған үш елмен де қалыпқа келтіру үдерісін сәтті жүзеге асырудың өзара тиімді факторлары бар.

Түркия Әзербайжан мен Армения арасындағы бітімгершілік үдерісін шетке қалдырмайды. Израильмен қалыпқа келуде елді мекендер мен Иерусалим мәселесі күн тәртібінде. Грецияның аралдарды қаруландыруы және оның 12 миль талап етуі шиеленіс мәселесі болып табылады. Жер сілкінісі дипломатиясының басқаруға және мүмкіндігінше осы мәселелерді шешуге оң әсер етуі үшін күш салу керек.

НАТО Бас хатшысы Столтенберг Түркия  сапары барысында Швеция мен Финляндияны мүшелікке қабылдау мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Блинкеннің Анкара сапары сәтті өтті. Түркия мен Сирияға көмектің 185 миллион долларға көтерілгенін, Блинкен БҰҰ Бас хатшысынан 1 миллиард долларлық көмек сұрады. Ол сондай-ақ альянстар, жаһандық деңгейде бірлесіп жұмыс істеу және  құндылықтарды бөлісу тақырыбына тоқталды. Бірақ F-16 үшін әлі шешім жоқ. Вашингтонның YPG-ге қолдауы және ДАИШ-пен диалогы жалғасуда. Осының барлығы сыртқы саясаттың шындығы.

 

 



Ұқсас жаңалықтар