Апталық Анализ 25

​​​​​​​Түркия 6 ақпан күні таңға таяу өкінішке орай өте үлкен апатқа тап болды.

1947827
Апталық Анализ 25

 

Эпицентрі Кахраманмараштың Пазаржык және Елбистан аудандарында болған және 10 аймақты қамтыған  7,7 және 7,6 балдық екі жер сілкінісі тарихқа «ғасырдың апаты» ретінде теркелді. Апат және Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) мәліметтеріне қарағанда, қаза тапқандар саны 35 мыңнан және жарақат алғандар саны 100 мыңнан асты. Жер сілкіністер Түркиямен қатар Сирияның солтүстік-батысына үлкен шығын әкелді. Идлиб, Африн және Алеппо сияқты аймақтарда 10 мыңға жуық адам қаза тапты.

Түркия 6 ақпан күні таңға таяу өкінішке орай өте үлкен апатқа тап болды. Жер сілкіністерін зерттейтін ғалымдар бұл апатты «ғасырдың апаты» деп сипаттады. Эпицентрі Кахраманмараштың Пазаржык және Елбистан аудандарында болған және 10 аймақты қамтыған  7,7 және 7,6 балдық екі жер сілкінісінде өте үлкен шығын болды. Жер сілкіністерінің бірінен соң бірі болып, 7 км жерге өте жақын болуы және 90 секунд сияқты өте ұзақ уақытқа созылуы қирауды әлдеқайда арттырды. Кахраманмараштан басқа Хатай, Газиантеп, Малатия және Адыяман аймақтарында өте ауыр апат болды. Сонымен қатар Сирияның Идлиб және Алеппо уәлаяттарында да жойқын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінен Германиямен тепе-тең бір аймақтың тікелей зардап шеккенін көреміз. Апат және Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) мәліметтеріне қарағанда, 15 ақпанда қаза тапқандар саны 35 мыңнан және  жараланғандар саны 100 мыңнан асты. Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарда (AFAD, PAK, JAK, JÖAK, DİSAK, Жағалау күзеті, DAK, Güven(Қауіпсіздік), Өрт сөндіру, Құтқару), Түрік Қарулы Күштері және халықаралық іздеу-құтқару топтарынан құралған жиыны 35 мың 249 іздеу-құтқару қызметкер жұмыс істеді. Түркия барша әлемге көмек үндеуін тастағаннан кейін 60-тан астам елден 9 мың 456 іздеу-құтқару қызметкері Түркияға келді. Осылайша жер сілкінісі болған аймақта жұмыс істеген  қызметкерлердің жалпы саны 250 мыңнан асты.

Жер сілкінісінің алғашқы сәтінен бастап Түркия барлық мекемелерімен аттанысқа кірісті. Жер сілкінісі болған аймақтарға жәрдем жіберуге тырысты. Әсіресе іздеу-құтқару топтары  адамдарды қирандылар астынан құтқару үшін күндіз-түні бір тынбай жұмыс істеді.   Қираған ғимарат саны  50 мыңнан асты. Мұндай қиын жағдайда барлық ғимаратқа жету мүмкін болмады.  Бір жағынан адамдарды құтқарып жатқанда, бір жағынан баспана мәселесін шешумен айналысты. Үкімет ауа-райы өте суық аймақта шатыр және контейнерлік қалалар салуға тырысуда. Әрине біраз уақыттан кейін қираған қалалар жер сілкінісіне төзімді түрде қайтадан қалпына келтіріле бастайды. Президент Ердоған зілзаладан зардап шеккендерге жаңа үйлердің шамамен бір жыл ішінде салынатынын айтты. Түрік халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірлік ішінде болды. Жұдырықтай жұмылды. Он мыңдаған еріктілер далада көмекке ұмтылуда, барлық аймақтарда  көмек науқаны  ұйымдастырылуда. Түрік Қарулы Күштері белсенді түрде жұмыс істеуде.

 Халықаралық ұйымға да маңызды міндет жүктелуде. Олар осы үйлер мен инфрақұрылымдарды қалпына келтіру үшін Түркияға қолдау көрсетуі керек. Осы таңға дейін Түркия әлемнің барлық аймақтарында көмекке мұқтаж елдерге қол ұшын созып, үлкен ынтымақ танытқан және көп көмек берген бір ел. Енді қайырымдылықтың қарымжысын көре бастады. Түркияға әлемнің түкпір-түкпірінен көмек келуде. Алайда қалпына келтіру процесінде көбірек қолдау қажет болып тұр.



Ұқсас жаңалықтар