Түркияның 2023 жылғы геосаяси жағдайы қарбалас

Апталық Анализ – 20-2023

1932559
Түркияның 2023 жылғы геосаяси жағдайы қарбалас

Тарихи бір кезеңнің шешуші есігінен кірдік. Бір жағынан жаһандық тұрақсыздықтар артқан, алпауыттар бәсекесі жаһандық мәселеге айналған және бұл аймақтық тәуелді жүйелерде сезілген көлемді бір бұрылыс процесінен өтіп жатырмыз. Екінші жағынан Түркия аталмыш жаһандық мәселелердің дәл ортасында тұр. Украина соғысы, Кавказдағы нәзік бейбітшілік процесі, Балканда жарылуға дайын тұрған жергілікті қақтығыс бомбалары, Грекияның арандатушы сөз-әрекеттері мен саясаты, Жерорта теңізінің шығысындағы энергия бәсекесі және АҚШ-тың аймаққа қызығушылығының артуы, Солтүстік Африка желісінің шиеленіскен тақырыбы Ливияның бөлшектенуі, Сириядағы тұрақсыз орта, Ирактағы саяси кірбеңдіктер, Иранда жалғасқан протесттер туғызған белгісіздік жағдайлар. Осы тізімді көбейтуге болады. Украина соғысы себеп болған энергия мен азық-түлік дағдарысы Түркия үшін әрі орай жаратса, әрі қауіпті де бірге ала келді. Осы тақырыптарға климат өзгерістері сияқты қоршаған орта мәселелерін, жылдың алғашқы жартысында болуы мүмкін жаһандық экономикалық тоқырауды қосқанда Түркияның 2023 жылға кіргенде геосаяси ортасының ерекше қозғалыста болатыны байқалуда.

Сіздерге Қауіпсіздік зерттеулері директоры, жазушы, профессор доктор Мұрат Ялчынташтың тақырыпқа байланысты бағаландыруларын ұсынамыз.

Жоғардағы тақырыптардан 2023 жылы ең көп сөз болатыны Украина соғысы екені айқын. Соғыстың аяқталар түрі жоқ. Соғыстың асқынуы да мүмкін көрінеді. Владимир Зеленскийдің Вашингтон сапары АҚШ-тың Украинаға бағытталған әскери жәрдемінің артатынын, бастысы ерекшелігінің де өзгергенін көрсетуде. Олай болса, соғыстың жалғасуына дайындықты болған жөн. Соғыс жалғасқан жағдайда, егер тереңдемесе, Түркияның орнын бекемдеуі мүмкін. Осы орны Түркияны дипломатиялық және геосаяси жақтан тіпті күшейтеді. Энергия, Еуропаның қауіпсіздігі мен азық-түлікпен қамдау тақырыбында Түркияның белсенді рөлі арта түседі. Соғыстың бағыты өзгерсе немесе асқынса, Түркияның қазіргі орнын жалғастыруы қиындауы ықтимал және Анкара-Брюссель-Вашингтон желісінде дағдарыс туылуы да мүмкін. 2023 жылы Украина соғысымен бірге сөз болатын шешуші тақырыптың бірі Қаратеңіз болмақ. Қаратеңіздің соғыстан кейін АҚШ-тың нысанасына тіпті жақындағаны, осы тұрғыдан Қаратеңіз елдерімен Ресейге қарсы тың процесс бастауды қалайтыны байқалуда. Осы мағынадан алғанда «Қаратеңіз кеңейтілген жобасына» назар аудару пайдалы болмақ.

2023 жылың белсенді күн тәртібінің бірі Таяу Шығыстағы қалыпқа түсу процесінің жалғасатынын межелеуге болады. Аймақ Украина соғысынан кейін елдердің өз орнын бекемдеу процесіне кірді. Қалыпқа түсу де осы процесте жалғасуда. Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Израильмен қарым-қатынасты жақсарту процесін бекемдей түсетінін айтуға болады. Мысырмен процесс баяу ілгерлесе де, 2022 жылдан өзгеше бір кезеңге кіруі де мүмкін.

Сирия тақырыбы құбылмалы. Жыл соңында Мәскеуде өткізілген үштік саммит 11 жылдан бергі ең ірі қадам болды. Үштік механизмнің жалғастыруға болатын құрылым ретінде 2023 жылы да күн тәртіпте болуы, тақырыптар біртіндеп ашылатыны байқалуда. Терроризм, босқындардың қайта оралуы және саяси шешім тақырыбында жылдам нәтиже күту қиындау, алайда ілгерлеу болатыны да айқын. Президент Режеп Тайып Ердоған мен Асад арасында кездесу болып-болмайтыны белгісіз, дегенмен сайлау алдында осындай бір кездесудің Мәскеудің бітімгерлігімен өтуі де кездейсоқ емес. Нәтижелері тұрғысынан Асад режимі мен Сирия Ұлттық армиясы арасындағы әскери дағдарыстың жойылуы, ПКК террорының белсенділігін шектеу, босқындардың біртіндеп еліне оралуы және Идлиб тақырыбында кейбір ілгерлеуді қамдауға болады. Иранның аталмыш процеске кедергі жасауы және Дамаскті Түркиядан алыстату талпынысының нәтиже беруі де ықтимал. Вашингтонның процесті қолдауы мүмкін емес сияқты. Осы тақырыптар тым үмітті болмаса да, әрі жағдай оңалып, басты мәселелер шешілсе, жылдың алғашқы 6 айында бір тұтас суретті көруіміз де мүмкін.

2023 жылдың алғашқы 6 айында назар аударатын ең басты тақырыптың бірі Түркия мен Грекия арасындағы дағдарыс болмақ. Екі тарапта да сайлау бар, Афины арандату саясатынан бас тартпайды. Аралдарды қаруландыру және 6 мильден 12 мильге көтеру талпынысы Түркияны Грекияға қарсы қадам басуға зорлауы мүмкін, саяси және заңдық келіспеушіліктер апатқа итермелеуі де ықтимал. Жағдай тұйыққа тіреліп, үшінші тарап та бітімгерлік рөл атқармаса, Анкара-Афины дағдарысы асқына түседі.

2023 жылы сыртқы саясатта тақырып өте көп. Барлығына тоқталу қиын. Алайда жаңа жылдың қарбалас өтетінін межелеуге болады. 2023 жылғы президенттік сайлау Түркия Республикасының екінші ғасырға кірген кезеңіне дөп келіп отыр. Түркияның геосаяси және қауіпсіздік ортасы бәсеке мен арандатушылықтарға толы болады. Түркияның екінші ғасырдағы стратегиялық әдістемесіне байланысты өзара жарысқан геосаяси жобалар ортаға шығады. 2023 жылы ішкі саясат тұрғысынан ғана емес, Түркияның аймақтық және жаһандық стратегиялық беталысы тұрысынан да екінші ғасырдың бастамасы болып табылады. Осы түйінде сайлау Түркияның геосаяси беталысына бағыт сілтейтін басты динамикалар болуы мүмкін.

 Сіздерге Қауіпсіздік зерттеулері директоры, жазушы, профессор доктор Мұрат Яалчынташтың тақырыпқа байланысты бағаландыруларын ұсындық.



Ұқсас жаңалықтар