Апталық Анализ 19

2022 жылға келетін болсақ, халықаралық геосаясат тұрғысынан ең үлкен оқиға Ресейдің Украинаға басып кіру әрекеті болды.

1929012
Апталық Анализ 19

2022 жылға келетін болсақ, халықаралық геосаясат тұрғысынан ең үлкен оқиға Ресейдің Украинаға басып кіру әрекеті болды. Көптеген сарапшылар Ресейдің елді оңай басып алады деп ойлағанымен, Украинаға қарсы орыстар үлкен табысқа қол жеткізе алмады. Соғыс екі жақ үшін де жойқын түрде созылды. 2023 жылға келетін болсақ, халықаралық деңгейдегі ең маңызды мәселенің жалғасып жатқан соғыс  екені байқалуда және тараптардың әзірге саяси ымыраласудан  алыс болғаны анық.

Жаңа жылдың алғашқы күндерінде орыс-украин соғысы бар жылдамдықпен жалғасуда. Әсіресе Украина әскерінің Донескідегі Макеевка қаласында орыс сарбаздарын нысанаға алуы үлкен жаңғырық жаратты. Украиналық ақпарат көздері HİMARS жойғыш зымырандармен жасалған шабуыл нәтижесінде кемінде 400 орыс сарбаздың қаза тапқанын жариялады. Ресей Қорғаныс министрлігі болса осы уақытқа дейін 83 сарбаздың қаза тапқанын мойындауға мәжбүр болды.

Соңғы айларда орыстар соғыстың алғашқы кезеңдерінде, әсіресе «Біріккен әскери күштер қолбасшылығын» өзгерту арқылы үлкен соғыс жүргізе бастады. Ресей Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Сергей Суровикин Украинада соғысып жатқан әскерлердің жаңа қолбасшысы болып тағайындалғаннан кейін салыстырмалы түрде ілгірелеушілік көрсетті. Алайда Макеевкадағы ауыр жеңіліс тағы да күмән туғызды. Аймақтағы кампустың HIMARS ауқымында болуы және ұялы телефонның тығыздығына байланысты кампустағы сарбаздар нысанаға алынған. Міне, тағы да командалық бақылау мен тәртіпсіздік тілге тиек болуда.

Соңғы айларда Суровикиннің басшылығымен орыс әскері біраз шығынға көніп, қорғаныс шебін құрып, ауыр шығынды барынша азайтып, қысқы қақаған аяздан  пайдаланып, үстемдік орната бастаған еді. Сондай-ақ Сириядағы сияқты жою стратегиясымен Украина инфрақұрылымын нысанаға алған Суровикиннің шабуылдары нәтиже беріп, Украина армиясының қарқынын бұзғандай болды. Бірақ Ресей  жеңіске жетуде құрылымдық мәселелері көбірек сияқты.

Көктемнің келуімен бірге майдан шебінде шиеленіскен қақтығыстар болады. Әсіресе Украина армиясы басып алынған аймақтарды құтқару үшін құрлық операциялар ұйымдастырады деп күтілуде. Тағы да Батыс елдері қару-жарақ көмегін жалғастырып жатқанда, орыстар қорғаныс өнеркәсібіне көбірек мән беріп, өндірісін арттыруға тырысуда. Демографиялық жағынан орыстардың үстем тұрғанын ұмытпау керек. Соғыс ұзаққа созылған кезде тараптар бір-бірін тоздырып жіберу логикасымен әрекет еткенімен, кім көбірек қарсылық көрсетіп, аман қалады деген сұрақ туындайды. Екі жақтың да артықшылықтары мен кемшіліктері  бар.  Әрине Украинаны қолдайтын батыс елдерінің табандылығы шешуші болады. Қытайдың Ресейді жақтау ықтимал сценарийлердің бірі болып табылады. Түркия болса 2023 жылы  да араағайындық  рөлін жалғастырады.

 



Ұқсас жаңалықтар