Түркия 2022 жылды табысты өткізді

Апталық Анализ – 17-2022

1923077
Түркия 2022 жылды табысты өткізді

Түркия күрделі бір географияда ұлы ел болу жолындағы күресін жалғастырып келеді. От шеңберінің ортасында бір жағынан Ресей-Украина соғысы, екінші жағынан Сириядағы ішкі соғыс пен мемлекеттік биліктің құлдырауы, террор мен босқын мәселесі арасында қалуда. Иракта тұрақтылықтың шайқалуы, Ирандағы әлеуметтік оқиғалар, ереуілдер, Кавказдағы дағдарыстар, Қарабах соғысы және Грекиямен арадағы кірбеңдіктер жалғасуда. 2022 жылы Түркия өзіне бағытталған ауыр сындарды бақылауға алды. 2023 жылы келіп жетті. Тағы да құқай көрсетулер болғанымен, тың орайлар да бірге келуде.

Сіздерге сыртқы саясат зерттермені Жан Ажунның осы тақырыпқа байланысты бағаландыруын ұсынамыз.

География бір елдің тағдыры. Түркияның тағдыры - күрделі бір географияға, Еуропа мен Азияның түйіліскен түйініне, Таяу Шығыспен тоғысқан бір географияға орналасқан болуы. Әлемнің қолқа-жүрегі, жаһандық энергия байлықтарының орталығы деп атауға болатын аймақ, сонымен бірге Еуропа мен Азияның арасындағы көпір ерекшелігінде. Аталмыш география табиғи түрде жаһандық күш бәсекесінің де орталығы, алпауыт күштер аймақтық күштермен және мемлекет сыртындағы актерлермен соғысқан бір география болып табылады. 11 қыркүйек шабуылдарынан кейін Америка Құрама Штаттарының Ауғанстан мен Иракты жаулап алуымен аймақтың іргетасы қозғалып кетті. «Араб көктемінің» әсері әлі тынған жоқ. ДАИШ, ПКК сияқты террористік ұйымдары пайда болып, қолдау тапқан тұрақсыздық ортасынан сөз қозғап отырмыз. Түркия осы өзгерістермен күресіп жатқан кезде алдынан шыққан Ресей мен Украина соғысы туғызған гео-саяси жағдайлармен де күресуге мәжбүр қалуда.

2023 жылдың бағытын белгілейтін тақырыптың Ресей мен Украина соғысы болатыны айқын. Соғыстың созылатыны және әсерінің де оразан зор болатыны белгілі. Жаһандық энергиямен қамдауда Ресейге жасалған санкциялар себепті шектеулер жалғасуда. Азық-түлік пен басқа да қажеттіліктер ұқсас қиындықтарға дөп келуде. Қақаған қыстың келуімен бірге соғыс та асқынуы мүмкін және бұл табиғи түрде Кавказдан Орталық Азияға, одан Таяу Шығысқа дейін созылған кең алқап пен күш тепе-теңдігіне әсерін тигізеді.

Түркия тұрғысынан үлкен орайлар мен қауіптерді қамтыған бір процестен сөз қозғауға болады. Қорыта айтқанда, Түркия «3-ші жол» аталған орнын 2023 жылы да қорғайды. Алайда батыстық әріптестердің санкциялар тақырыбында қысым жасайтыны да айқын. Дегенмен Түркия Ресей мен Украина арасындағы тепе-теңдікті сақтаушы орнын қорғап, әсіресе жаһандық энергия мен азық-түлік қауіпсіздігі тақырыбында өзінің шешуші рөлін жалғастырады. Ресейдің ықпалы әлсіреген географияларда маңызды қадамдар басуы мүмкін. Қарабах мәселесі, Зенгезур дәлізі, Түрікменстан газының Каспий арқылы Түркияға жеткізілуі, Сирияда PKK/YPG террорына қарсы басылатын қадамдар басты тақырып болмақ.

Түркия тұрғысынан Ресей-Украина соғысынан тыс, Сирия мен Иракты негіз еткен құқай көрсетулер де бар. Аталмыш екі елдің территория тұтастығы Түркия үшін өте маңызды. Түркия Ресей мен Асад режимі арасында үштік үлгідегі кездесулерді бастауы мүмкін. Алайда Асад режимі Түркияның талаптарын орындауға бейім емес. Сондықтан Түркия тек тарапты әскери операцияларды жалғастыруға мәжбүр қалатындай көрінеді. Ирактағы жағдай 2023 жылы да беймәлім. Иранның әсерінің артуы, Ирак ұлтшылдығы қақтығыстарды асқындыруы мүмкін. PKK/YPG террор ұйымы осы екі елдегі тұрақсыздықтан пайдалануға талпынуда. Осы тұрғыдан 2023 жылы террормен күрес басты күн тәртіптің бірі болуы ықтимал.

2023 жылы Түркия үшін 2022 жылы басталған Таяу Шығыстағы қалыпқа түсу процесі басты орынға шыққан бір жыл болмақ. Біріккен Араб Әмірліктері, Израиль және Сауд Арабиясы елдерімен басталған және жалғасып келе жатқан процеске Мысыр да қосылды. Таяу Шығыстағы барлық актерлер жеңіліс тұңғиығынан шығу талпынысында, бұл жағдай Түркия үшін жақсы орайлар да туғызуда.

Сіздерге сыртқы саясат зерттермені Жан Ажунның осы тақырыпқа байланысты бағаландыруын ұсындық.



Ұқсас жаңалықтар