Апталық Анализ 13

Осы уақытқа дейін ұйымның 250-ге жуық мүшесі залалсыздандырылды.

1911090
Апталық Анализ 13

Террор ұйымы PKK-ның Сириядағы қосалқы ұйымы YPG-ні пайдаланып Стамбулда жасаған лаңкестік әрекетінен кейін Түркия тойтарыс беру үшін үлкен қадамдар басты.  Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Түрік Қарулы Күштері «Пенче-Кылыч» әуе операциясын бастап, Сирия мен Ирактағы PKK/YPG нысаналарын бомбалады. Осы уақытқа дейін бес жүзге жуық нысанаға соққы берілді және  ұйымның 250-ге жуық мүшесі залалсыздандырылды. Операция 1200 шақырымдық шекара желісінде 150 шақырым тереңдікте өте үлкен аумақты қамтыса, PKK/YPG-ің ішінде дүрбелең болды.

Түрік Қарулы Күштері мен Ұлттық барлау ұйымының  Ирак пен Сириядағы тероро ұйымының  басшыларын тікелей нысанаға алуымен террористтердің барар жері, басар тауы қалмады. Террористтер әсіресе Ирактың солтүстігіндегі Зап аймағында ауыр шығынға ұшырап, стратегиялық аймақтан айырылды. Бұл жағдайды сіңіре алмаған террор ұйымы Түркияның үлкен қалаларынан кек алу үшін әрекет жасауда. Көптеген лаңкестік әрекеттердің жолы кесілгенімен, ақырында олар Стамбул қаласының Таксим даңғылында аяусыз түрде  жарылыс жасап, көптеген бейбіт тұрғындардың өмірін қиды.

 Түркия бұл шабуылға өте қатал тойтарыс берді. «Пенче-Кылыч» әуе операциясы деп аталатын жазалау операциясын бастады. Ирак пен Сирияны бір уақытта қамтыған бұл операция аясында 1200 шақырымдық шекара желісінде 150 шақырым тереңдікке дейін созылған үлкен аумаққа әуеден соққы жасалды. Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда алғашқы 3 күнде барлығы бес жүз нысана жойылды және шамамен 250 PKK-лық террористі залалсыздандырылды. Операция көлемі Сириядағы Тель-Рифат, Манбидж, Айн әл-Араб, Айн Иса, Камышлы және Маликие сияқты аймақтардан бастап Ирактағы Хакурк, Кандил және Асосқа дейін созылды. PKK/YPG мұндай жан-жақты жазалау операциясын күтпеген еді. Террористтердің ауыр шығынға ұшырап, дүрбелеңге түскені белгілі болды.

Ондаған ұшақ және Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарымен қомандалық басқару орталықтары, әскери базалар, оқу-жаттығу алаңдары, оқ-дәрі қоймалары және туннель желілері нысанаға алынды. Түрік Қарулы Күштері PKK/YPG-нің Сириядағы энергетикалық инфрақұрылымы мен оған қатысты базаларына қатты соққы берді. 75 шақырым тереңдіктегі Дейр-эз-Зор аймағы қайтадан атқыланды. Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары да АҚШ әскерлері дайындаған «YAT» деп аталатын PKK/YPG элементтерінің штаб-пәтерін бомбалады.

Түркия PKK/YPG-ге қарсы әуеден және құрлықтан жан-жақты жазалау операциясын жалғастыруда. Бірақ лаңкестік ұйым бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауда.  Олар Айн әл-Араб аймағынан Каркамыштағы бейбіт тұрғындарға қарсы опасыздық әрекет  жасады. Сонымен қатар Азез қаласының қайтадан нысанаға алынғанын көрдік. Әскери тұрғыдан Түрік Қарулы Күштері алдында мысықты көрген тышқандай болған террор ұйымы бейбіт тұрғындарға шабуыл жасау арқылы өзін көрсетуге тырысуда. Алайда бейбіт тұрғындарға жасалған бұл шабуылдар Түркияның терроризммен күрестегі табандылығын одан әрі арттырды. Президент Ердоған соңғы мәлімдемесімен құрлық операция жасалатыны белгілі болды. Ердоған бұдан бұрын құрлық операциясы жайлы мәлімдеме жасаған еді. Бірақ сол кезде Путиннің Асад режимімен кездесу ұсынысын қабылдап, операцияны тоқтатқан болатын. Біраз уақыт өткенімен Режиммен қарым-қатынастарда ешқандай ілгерлеушілік болған жоқ. Cоңғы әуе операцияларында PKK жағына шыққан көптеген режим әскері де залалсыздандырылды.

Қорыта айтқанда Түркия ұлттық қауіпсіздігін нығайту және шабуылдарды тоқтату үшін кең ауқымды құрлық операцияларымен PKK-ны шекара желісінен толығымен тазартуы керек.



Ұқсас жаңалықтар