Апталық Анализ 11

Қыс айларының келуімен Украина мен Ресейді қиын кезең күтуде.

1905211
Апталық Анализ 11

Ресейдің басқыншылық әрекетімен басталған Ресей-Украина соғысы бар жылдамдықпен жалғасып жатқанда, тараптар шамамен мың шақырымдық түйіспе желісінде бір-бірін нысанаға алуды жалғастыруда. Алайда Украина армиясының Харьковты алуынан туындаған серпіністің әсіресе соңғы апталарда Ресей тарапынан теңестірілген сияқты. Әсіресе Ресей қолбасшысы Сергей Суровикин Украина соғысын басқарған «Біріккен әскери күштер қолбасшылығына» әкелінгеннен кейін Ресейдің Сириядағы жою тактикасының бір бөлігін Украина соғысына көшіруі  ықпалды болды.

Украина даласындағы соғыс тоғызыншы айға аяқ басқандықтан, орыстар үшін жақсы жүріп жатыр деп айтуға болмайды. «Йылдырым» (Нажағай) операциясымен Киевті басып алу мақсатына жете алмай, қолға түсірілген территорияларды қорғау әрекетіне кірісті. Әсіресе Харьковтағы үлкен қирату Украина армиясының қолына серпініс берді. Орыстарда моральдық мотивация бұрын-соңды болмағандай төмендеді. Херсоннан да аз уақытта кетуі туралы айтыла басталды. Алайда Путин аяғында маңызды қадам басып, сол жердегі соғысты басқарған қолбасшыны және қолданылатын стратегияны өзгертті.

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинада соғысып жатқан әскерлер кіретін «Біріккен әскери күштер қолбасшылығына» өзгеріс енгізді. Ресей Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Сергей Суровикин Украинада соғысып жатқан әскерлердің жаңа қолбасшысы болып тағайындалды. Суровикин 1990 жылдардағы Тәжікстан мен Шешенстандағы қақтығыстарға қатысқан және Сирияда өзінің нағыз атағын алды.

Ресей 2015 жылдың қыркүйегінде азаматтық соғысқа тікелей араласып, Сирия президенті Башар Асадты биліктен кетіруден құтқарды. Орыстар Сириядағы ДАИШ террор ұйымымен күресу үшін соғысқа қатысқандарын жариялағанымен, негізінен оппозицияны нысанаға алды. Сергей Суровикин Сириядағы Ресей әуе қолбасшысы болып тағайындалды және «қиратылған жер» деп аталатын ауыр бомбалауды жою стратегиясын жүзеге асырды. Мұндағы басты мақсат – барлық инфрақұрылымды қирату арқылы жауды берілуге ​​мәжбүрлеу немесе тиісті аймақтарды қоныстандыру арқылы әскери жеңіске жету болды. Сириядағы мыңдаған бейбіт тұрғын осы әуе бомбаларынан қаза тапты.

Сириядағы миссиясынан кейін Суровикин 2017 жылдың қарашасында Ресей әуе-ғарыш корпусының басшысы болды. Қазір ол Украина соғысының бас қолбасшысына тайындалды. Бұл шешімді Шешенстан басшысы Рамазан Қадыров пен орталығы Ресейде болған жалдамалы әскери «Вагнер» компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин де құптады. Суровикин тағайындалғаннан кейін Ресейдің соғыс стратегиясы өзгере бастады. Басқарылатын зымырандар мен камикадзе ұшқышсыз әуе көліктер белсенді түрде қолданыла бастады. Ең алдымен Украинаның инфрақұрылымын нысанаға алды. Зеленскийдің мәлімдемесіне қарағанда, шабуылдардан Украинаның электр инфрақұрылымының кем дегенде 30 пайызы жойылды. Бұл стратегия Украина армиясының майдан шебіндегі қарқынын да бұзды. Бір жағынан запастағы жауынгерлерді майданға көшіру адам ресурсы жағынан Ресейдің қолын күшейтеді. Майдан желісі артындағы инфрақұрылымды нысанаға алу украиндық жауынгерлердің рухын бұза бастады.

Қорыта айтқанда Суровикиннің тағайындалуымен және жаңа стратегияның жүзеге асырылуымен орыстар өздерінің бұрынғы босаңсу кемшілігінен  арыла бастады. Орыс әскері әлі де қорғаныс жағдайында болса да, мың шақырымға, тіпті одан да жақсырақ, тым болмаса Херсонға қарсылық көрсете бастады. Алайда жалпы орыстардың кемістігі жалғасуда. Әсіресе Батыс елдері ұсынып отырған қару-жарақ жүйелері алдында орыстардың сол жылдамдықпен өз техникасын қолдану мүмкіндігі әлсіз сияқты. Қыс айларының келуімен екі жақты да қиын кезең күтуде.



Ұқсас жаңалықтар