Апталық Анализ 10

Түрік Қарулы Күштері операцияларында химиялық қару қолданған жоқ.

1902283
Апталық Анализ 10

 

PKK террор ұйымы және соған байланысты аккаунттар бірнеше күннен бері Түркияның террористтерге қарсы химиялық қару қолданғаны туралы жалған ақпараттарды ақпарат құралдарында таратуда. Түркиядағы кейбір оппозициялық топтар мен қайраткерлер де бұл жалғанды ​​қабылдап, оны қайталауы терроризм мен үгіт-насихат мәселесіне қайта қарауды қажет етеді. Терроризм насихатсыз өмір сүре алмайды.

Алайда Түрік Қарулы Күштері операцияларында химиялық қару қолданған жоқ. Басқа жақтан Түрік Қарулы Күштерінің осы уақытқа дейін ешбір операциясында химиялық қару қолданғаны жайлы дәлелдер де жоқ. Ұшқышсыз әуе оппараттары операцияларында да бейбіт тұрғындардың зардап шекпеуі үшін мұқият операция жүргізетін Түрік Қарулы Күштерінің химиялық қару қолдануы да тілге тиек емес.

Бұл жерде таңғаларлық жайт, террор ұйымы да, іштегі кейбір «қарсыластар» да, кейбір сырттағы топтар да әр қырынан айқын көрінетін мұндай «жаңалықтардың» Түркияда да, халықаралық аренада да қабылданады деп ойлауы. Мысалы соңғы бес жылда интернетте қарапайым зерттеу жүргізілгенде, террор ұйымы жариялаған ондаған «жаңалықтарды» және Түркияның лаңкестікке қарсы операцияларында химиялық қаруды қолданғаны туралы бірлескен есептерді кездестіруге болады.

Естеріңізге сала кетейік. Сирия дағдарысы мен оның тудырған гуманитарлық трагедиясы 2011 жылы басталған.  мыңдаған Сириялық аймақ елдерінен паналауға мәжбүр болған еді. ДАИШ террор ұйымы Сириядағы қырғын суреттерімен алға шыққаннан кейін хабардар болу және араласу басталды.

ДАИШ аймақта ықпалды болған кезеңде «LaFarge» цемент зауыты ұзақ уақыт қызметін жалғастыра алды. Бұл мәселе сол кезде назар аударғанымен, себебі толық зерттелмеген. Бүгін АҚШ сотының шешімімен «LaFarge» ДАИШ-ке төлем жасағанын, басқаша айтқанда терроризмді қаржыландырғанын мойындады. Әслінде бұл мойындаудан бұрын компанияның ДАИШ-пен қарым-қатынасы талқыланды. Француз сот жүйесі сондай-ақ «LaFarge» жоғары лауазымды тұлғаларына терроризмді қаржыландырғаны және адамзатқа қарсы қылмыстарға қатысы бар деген айыппен тергеу ашты, бірақ бүгінгі күнге дейін нәтиже болмады.

Бұл жерде мәселе тек француздық компания емес, Анадолы агенттігінің мықты журналисттерінің күмәнін тудырды. 2021 жылдың 7 қыркүйегінде Анадолы агенттігі «LaFarge»-дың ДАИШ-ті қаржыландыруы француз барлауының білуімен жүзеге асырылғанын құжаттармен паш етті. Компанияның француз барлауымен хат алмасуы француз барлауының бұл қарым-қатынастан пайда көргенін және сондықтан қарым-қатынасты үнсіз қолдағанын, кем дегенде кедергі жасамағанын көрсетеді. Алайда, бұл даусыз құжаттарға қарамастан, компанияға айыппұл салған Франция немесе АҚШ-тағы француз барлау қызметкерлеріне қатысты сот қадамдары жасалмады.

Осы тұста француз барлауынан хабардар болған «LaFarge»-дың ДАИШ-пен қаржылық қарым-қатынас орнатып, қорғау және бәсекелестікке қарсы қолдау алған кезеңіне ерекше назар аудару керек. Өйткені бұл кезең де Түркияның Сирия саясатына тосқауыл қою және терроризммен күресін үзу үшін ішкі және сыртқы үлкен қара үгіт-насихат жүргізілген кезең болды.

Мысалы оның ДАИШ-ты қаржыландырғаны және ДАИШ-ке қатысуын қолдаған, тіпті көмектескен деген өтірік (француз баспасөзінде) шетелде тарады. Алайда Сирияда ДАИШ сияқты радикалды ұйымдар пайда бола бастағанда бұл қауіпке назар аударып, «одақтастарын» әрекетке шақырған Түркиядан басқа ешкім болмады. Оның үстіне Түрік Қарулы Күштері басқа күрес әдістерімен бірге далада ДАИШ-пен күрескен жалғыз күш болды.

Сондықтан Түркияның ДАИШ-пен қарым-қатынасына байланысты қабылдау операциялары ұйымдасқан түрде жүргізілсе, шынайы ынтымақтастық пен операция француз барлауының дәлелдерімен анықталды. Кейбір мемлекеттердің, әсіресе АҚШ-тың терроризммен қарым-қатынасы мен ынтымақтастығы ішінара белгілі. Мүмкін болашақта басқа мемлекеттердің террор ұйымдарымен терең қарым-қатынастары немесе PKK/YPG-нің Сирияда, әсіресе Афринде құрған бетон туннель желісінің оқиғасы да әшкереленуі мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар