Апталық Анализ 09

​​​​​​​Түрік Ұлттық Барлау Ұйымы  соңғы жылдары Ирак пен Сириядағы сәтті операцияларымен даңқы шықты.

1899128
Апталық Анализ 09

Түрік Ұлттық Барлау Ұйымы  соңғы жылдары Ирак пен Сириядағы сәтті операцияларымен даңқы шықты. Сонымен қатар әлемде тек бірнеше санаулы ғана барлау ұйымының қол жеткізе алатын адами және техникалық мүмкіндіктерімен әлемнің көптеген аймағында бір уақытта операциялар жүргізе алады. Әсіресе Түркияның 2015-2016 жылдары жасақтаған жаңа қауіпсіздік доктринасы арқылы ұлттық қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатерлерді қайнар көзінде жоюға бағытталған стратегияны жүзеге асыруда ең маңызды ұйымдардың  бірі ретінде көрінді.

Түркия қиын географияда от шеңберінде өмір сүруге тырысып жатқан және жұлдызы жарқыраған бір аймақтық күш. Түркия Таяу Шығыстан Африкаға, Балқаннан Орталық Азияға дейін кең ішкі аймағы бар және ол жұмсақ күш элементтерімен де, қатты әскери күштермен де ықпалды болуға тарысқан бір актер. Соңғы жылдары бұл әсіресе қорғаныс өнеркәсібі және өзі жасаған Ұшқышсыз әуе аппраттары жүйелерімен жаһандық әсер қалдыруда үлкен табысқа жеткен ел. Алайда Түркияның да күрделі географиясы салдарынан үлкен қиындықтарға тап болғанын көреміз. Әрине олардың арасында көршілес елдердегі билік олқылықтары мен террор әрекет басты орын алуда. Өйткені Түркия ұзақ жылдар бойы PKK-лық террористтермен күресіп келе жатқанымен, әсіресе Ирак пен Сирияда болған оқиға террордың сипатын және  тойтарыс берудің әдісін де өзгертті.

2016 жылғы 15 шілдедегі төңкеріс әрекетінен кейін Түркия өзінің ұлттық қауіпсіздігіне төнген террор әрекетіне қарсы операция жүргізуде. Сондай-ақ осы қауіп-қатерлерді түбегейлі жою стратегиясын қабылдады. Бұл жаңа стратегия ірі трансшекаралық әскери операцияларды білдіреді. «Евфрат қалқаны», «Зәйтүн бұтағы», «Тұрақтылықты орнату» операциясы сияқты ірі операциялар жүргізілді. Бірақ кәдімгі әскери тәсілдермен қатар,  Түркияның Ұлттық барлау ұйымына үлкен инвестиция салып, Ұлттық барлау ұйымын бүкіл әлемде операциялар жүргізуге қабілетті құрылымға айналдырды.

2012 жылы Бас штабтың электронды жүйелері қолбасшылығының Ұлттық барлау ұйымына қосылуы және Ұлттық барлау ұйымы заңында жасалған құқықтық реттеулер тиімді болды. Осылайша, өзгермелі әлемдік жағдайлар мен қауіпсіздік қатерлері алдында Ұлттық барлау ұйымының құқықтық инфрақұрылымы, техникалық, кибер және адами әлеуетін арттыру арқылы күшін кеңейту көзделді. Бұл жерде Ұйым төрағасы Хакан Фиданның жеке көзқарасы мен көшбасшылығы маңызды фактор ретінде алға шыққанымен, әрине президент Режеп Тайып Ердоғанның саяси ерік-жігері мен батылдығы шешуші болды.

Осылайша барлық тиісті салада қуаты артқан Ұлттық барлау ұйымы әсіресе Ирак және Сирия өңірінде PKK мен оның қосалқы бөліктеріне қарсы өте маңызды операцияларды жүзеге асыруға кірісті. Ұйымның басшы кадрларын тазарту кезінде командалық-басқару құрылымын әлсіретіп, моральдық мотивация тұрғысынан күйреу көзделді және бұл тұрғыда үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. 2016 жылдан бері Ұлттық барлау ұйымы операциялық бөлімшелерінің арқасында Ирак пен Сирия өңірінде 400-ден астам ауыз жүзіндегі басшы залалсыздандырылды. Ұйымның негізгі тұлғалары, Дияр Гарип сияқты PKK/KCK орталық атқару комитеті мүшелерінен Шенгалли сияқты Синджар басшыларына дейін бірінен соң бірі жойылып жатқанда, Түркия шекара желісінен 275 шақырым тереңдікте кейбір операциялар жүргізілді. Ұшқышсыз әуе аппараттарының өте тиімді қолданылатын бұл операцияларды осы саладағы агенттер басқарады. Әсіресе соңғы айларда көптеген ұйымдық элементтер залалсыздандырылуынан гөрі, тірідей қолға түсіріліп, Түркияға әкелінді. Көрініс ретінде бөлісілген кейбір операциялар нәтижесінде PKK ішінде ауыр шығындар бар екені байқалады. Бұл ұйым ішіндегі қорқыныш пен дүрбелең атмосферасын күшейту арқылы ұйымның ыдырауын және психологиялық күйреуді жеделдететін әсер етеді.

Қорыта айтқанда  Түркия бір жағынан кәдімгі әскери операцияларды жүзеге асырса, екінші жағынан өзінің мүмкіндіктерін жан-жақты жетілдірдіруде. Әлемде тек санаулы елдің Барлау ұйымы жете алатындай дәрежеге жеткен Түркия ұлттық барлау ұйымы жаһандық контексте көтеріліп келе жатқан ұйым ретінде алға шығып, Түркия үшін өте маңызды бір күшке айналды.

 



Ұқсас жаңалықтар