Апталық Анализ 06

Соғыстың тағы бір маңызды әсері – энергетика саласындағы өзгерістер.

1889902
Апталық Анализ 06

Ресей президенті Путиннің ішінара жұмылдыру жариялауымен және референдум өткізу арқылы Украинаның төрт аймағын аннексиялауымен Украинадағы соғыс жаңа кезеңге жетті. Ресей қазіргі кезеңде; Луганск, Донецк, Херсон және Запорожье облыстары референдумға шығарылып, бұл аймақтарды өздерінің аумақтық тұтастығының бір бөлігі деп жариялады. Төрт облысты өз территориясына қосуға қол қойған күні Путин бұл жерлерге жасалған шабуылдың Ресейге шабуыл болатынын  жариялап, Ресейдің жауабының ядролық қаруды қолданумен қоса қатал болатынын мәлімдеді. Алайда соғыс майданында жағдай Ресей қалағандай болмады. Украина армиясы Ресейге қарсы, әсіресе Оңтүстік-Шығыс майданында алға жылжуды жалғастыруда, ал орыстар күн сайын көбірек шығынға ұшырауда. Екінші жағынан, жартылай жұмылдыру жарияланғаннан кейін бұл процесс біршама баяу дамып кеткен сияқты. Орыс сарбаздары 8 айлық соғыстан шаршады, бұл жағдай армияның жауынгерлік ынта-жігерін төмендетті. Путиннің ядролық қауіп-қатері алдында АҚШ-тың жауап береміз деген мәлімдемесі де соғыстың тереңдеу мүмкіндігін арттырды. Аннексия шешімінен кейін АҚШ Украинаға 625 миллион доллар көлемінде жаңа көмек көрсетті. Әскери көмек Украинаның Ресейден артықшылыққа ие болу мүмкіндігін арттырады. Еуропа болса, энергетикалық дағдарыспен күресіп жатқан Ресейге қарсы ауқымды санкциялар салуға шешім қабылдады. Осының бәрі болып жатқанда, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймағы соғыстан зардап шегуде.

Соғыстың аймаққа ең маңызды әсері қазіргі аймақтық дағдарыстарды шешуге бағытталған атмосфераның азаюы болып табылады. Ливия, Сирия, Йемен, Ирак және Иранда орын алған мәселелер халықаралық қоғамдастықтың Украина соғысына назар аударуына байланысты шешім үміті тұңғиыққа тірелді.Бұл мәселелердің ішінде әсіресе Ливия, Сирия және Йеменде мәселені шешу үшін ұсынылған саяси шешім мен сол жердегі шындықтар арасында үлкен айырмашылықтар бар. Осы жағдайдың нәтижесінде мәселеге қатысы бар жергілікті субъектілер мен сыртқы субъектілер арасындағы айырмашылықтар біртіндеп кеңейе түсуде. Мысалы Сирия мәселесінде конституция жазу аясында жалғасып жатқан шешім процесі Украина соғысымен бәсеңдеп, тоқтап қалды.

Украина соғысының тағы бір әсері Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс аймағындағы субъектілер арасында жаңа геосаяси күрестің пайда болуы. Сирия мен Ливияда Ресей тудырған билік олқылығы, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы басымдығының бірте-бірте өзгеруі немесе белгісіздікке ие болуы және еуропалық актерлердің Ресеймен күреске назар аударуы салдарынан аймақ елдері жаңа күреске кірісті. Түркия мен Иранның Сириядағы Ресей тудырған билік олқылықтарын толтыруға тырысуы жағдайға мысал ретінде келтіруге болады. Ливияда болған оқиғаны дәл осылай түсіну керек.

Украина соғысынан кейін батыстың ауқымды санкциялары Ресей мен араб елдері арасындағы қарым-қатынасты өзгертті. Әсіресе Ресейлік қорғаныс өнімдерін импорттайтын араб елдері енді жаңа қорғаныс серіктесін іздеуде. Ресей Таяу Шығыс елдерінде негізгі қару сатушы ретінде орын алды. Бірақ қазіргі соғыс Ресейді өз басымдықтарын өзгертуге мәжбүр етті. Бұл жағдай Таяу Шығыс пен Батыс елдері арасында жаңа мүмкіндік тудырғанымен, аймақтағы субъектілер Қытай мен Түркия сияқты балама қару жеткізушілерге бет бұруда. Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарын сатып алу келісімі осы жағдайдың ең айқын мысалы болып табылады.

Украина соғысының ең ауыр зардаптарының бірі – соғыс салдарынан Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігі дағдарысы. Көптеген елдер өміршеңдік маңызға  ие өнімдерді, әсіресе бидайды әрі Ресейден, әрі Украинадан импорттайды. Мысалы Мысыр өзіне қажетті бидайдың 80 пайызын Ресейден импорттайды. Бірқатар елдер соғыстан туындаған өндіріс пен жеткізу мәселесіне байланысты азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан өте нәзік. Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс аймағының халқы азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан әлем халқының 20 пайызын құрайтынын ескерсек, азық-түлік дағдарысының тереңдей түсуі жаңа әлеуметтік толқуларды тудыруы әбден мүмкін. Мұндай толқулар қақтығыстарды тереңдетіп, иммиграцияның жаңа толқындарының пайда болуына апарып соғады.

Соғыстың тағы бір маңызды әсері – энергетика саласындағы өзгерістер. Мұнай мен табиғи газ бағасының өсуі мұнай мен газ өндіруші елдердің кірістерінің артуына себеп болатыны сөзсіз. Бірақ бағаның өсуіне байланысты туындаған жаңа шығындар мен әлемдік экономикалық дағдарыс аймақтағы елдерге кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайда әсіресе экономикалық тұрғыдан әлсіз елдерде жаңа тұрақсыздық пайда болады.

Қорыта айтқанда Украина соғысының Еуропаға өзгеріс әкеліп қана қоймай, жаһандық жүйеге әсер ететін дағдарысқа айналғаны байқалады. Сонымен қатар Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс  дағдарысын ушықтырады.



Ұқсас жаңалықтар