Апталық Анализ 03

Ресей-Украина соғысы 8 айға созылды.

1880702
Апталық Анализ 03

Путиннің ақпан айында Украинаға қарсы бастаған соғысы енді толық фиаскоға айналды. Ресейдің арнайы барлау қызметі  бірнеше күннен кейін Киевті «найзағай операциясымен» жаулап  алып және Зеленский үкіметін құлатып, Украинаны өзінің тармағына қосуды жоспарлаған еді.  Алайда соғыс 8 айға созылды. Ресей армиясы толыққанды түрде батпаққа батты. Алдымен Киевтен, олдан кейін Чернигов пен Сумиден, енді Харьков шебінен толық шегінуге мәжбүр болды. Қазіргі жағдай Украина армиясына тыйымды болып тұр. Ресейдің алдында екі жол ғана бар. Біреуі Украинадан түбегейлі түрде шегіну, енді бірі барлық әскери күшін қолданып, Украинаны жаулауға тырысу.

Ресей Харьков шебінде соңғы бірнеше күн ішінде 4 айда басып алған барлық аймақтарынан айырылды. Украина армиясы кенеттен шабуыл жасау арқылы қысқа уақыттың ішінде орыс әскерінің алдыңғы шебін бұзып өтіп, стратегиялық қалаларды қайтарып алды.

Күтпеген жерден шабуыл жасау арқылы Украина әскері аз уақыттың ішінде орыс әскерінің алдыңғы шебін бұзып өтті. Енді стратегиялық қалаларды басып алудың сәті түсті. Зеленскийдің мәлімдемесіне сәйкес, Украина шамамен 6 мың шаршы шақырым аумақты орыстардан қайтарып алды. Ресей көліктер, техникалық жабдықтар және сарбаздар жағынан өте ауыр шығынға ұшырады. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемелеріннің керісінше бұны жоспарлы бір кері шегіну емес,  Харьковта ауыр жеңілістің көрінісі деп санауға болады. Украина соғысы Ресей үшін алғашқы күндерден-ақ жаман бет алыстың белгісі болып байқалды. Жеңіліске ұшырағн елдің өзі-өзі қорғауға тырысқан Украина емес, Ресей армиясы екені байқалды.

Ресей президенті Путин Украинаға басып кіру арқылы өз елі үшін үлкен құмар ойнады және жеңілді. Путин Ресей армиясына «Найзағай операциясы» деген бұйрық берді. Путин Киевтің қысқа мерзімде жаулап алынатынын, сондай-ақ, Зелеснский басшылығындағы биліктің құлайтынын, басқару жүйесінің күйрейтінін және Украина армиясының жойылатынын межелеп соғысқа кірісті. Алайда соғыстың ең басында-ақ Ресей армиясының «Найзағай операциясы» сәтсіздікпен аяқталды. Орыс арнайы күштері Киевті басып алу үшін әскери операциясы жасады. Алайда Украина армиясының тойтарыс беруімен мақсатына жете алмады. Одан кейін орыс шапқыншылары басқарудағы ақаулық және материалдық-техникалық  жағындағы кемшіліктер салдарынан ілгерлей алмай қалды. Әсіресе Киев, Чернигов және Суми сынды аймақтарда үлкен шығынға ұшырауға мәжбүр болды. Мұнда Түркияның TB2 қарулы ұшқышсыз апараттары және Батыс өндірген танктерінің үлесі зор. Содан кейін орыстар оңтүстік және шығыс майдандарға көңіл бөле отырып, бірнеше айлық шайқастар мен ауыр шығындардан кейін біраз табысқа қол жеткізді. Орыс армиясы Херсон мен Донбасста ілгерілеледі. Бірақ келесі айларда бұл аймақтарда да серпініс көрсете алмады. Украина армиясы біртіндеп тепе-теңдікті, содан кейін басымдылыққа ие болды. Бұл жерде Ресейдің Украинада әуеден үстімдікке ие болмауы, әсіресе ауыр қару-жарақарды қамтамасыз етудегі ақырындығы және әскерлерде көңіл-күйдің жақсы болмауы соғыстың жеңіліске ұшаруына апарып соқты. Соғыста батыс және АҚШ сынды елдер жаңа қару-жарақ және жабдықтармен Украина армиясына жәрдем беріп отырды. Орыс армиясы үлкен шығынға ұшырады. Ресей қорғаныс өнеркәсібінің тез және жеткілікті өндіріс жасай алмағаны, сондай-ақ әсіресе қару жүйелерінде батыс елдеріне тәуелді екені Ресей жеңілісінің тағы бір себебі болып табылуда.

Украина соғысы қазіргі жағдайда орыстар үшін жақсы бет алыс емес. Харьковтағы жеңіліс бұдан кейінгіи жағдайды қиындата түсірді. Ресейдің алдында екі жол ғана бар. Біреуі Украинадан түбегейлі түрде шегіну, енді бірі барлық әскери күшін қолданып, Украинаны жаулауға тырысу. Екеуі де қауіпті әрі белгісіз.

 



Ұқсас жаңалықтар