Апталық Анализ 02

Түркия Грекияның арандатушы әрекетіне дипломатиялық және әскери жақтан тойтарыс берді.

1879388
Апталық Анализ 02

Түркия-Грекия қарым-қатынастары көптеген мәселелермен бірге бір өрлеп, бір құлдырап шиеленіс кезеңінен өтуде. Бұл шиеленіс негізінен грек жағының максималистік саясаттары мен арандатушылық әрекетінен туындады. Түркия Грекияның арандатушы әрекетіне дипломатиялық және әскери жақтан тойтарыс берді. Бір қарағанда қатал мәлімдеме болып көрінгенімен, дағдарыстың астарында тарихи және геосаяси келіспеушіліктер де бар. Қарым-қатынас біраз уақытқа шиеленісе де, одан әрі тереңдей бермей тұрып қалды. Алайда, Грекия 23 тамызда түрік S-300 радарларын қудалауынан кейін екі ел арасындағы дағдарыс жаңа бір деңгейге жетті.

S-300 деген сұраққа жауап іздеу үшін бірнеше мәселе алға қойылған сияқты. Оның біріншісі – екі елдің де сайлау процесіне кірісуі. Жақында Грекияда мерзімінен бұрын сайлау өтеді. Түркия сайлау жақындаған сайын Грекияның ішкі саясатындағы бірінші күн тәртібіне айналады. 2023 жылы Түркияда сайлау болады. Грекия Түркиядағы сайлау үшін аса маңызды болмаса да, қазіргі шиеленіс сайлаудағы маңызды талқылау тақырыбына айналуы мүмкін. Екінші себеп - Грекия мен Түркия арасындағы әскери күш алшақтығы мен айырмашылығы соңғы жылдары ашылды. Түркияның қорғаныс өнеркәсібінде жасаған маңызды серпілістері алдында Грекия ұзақ уақыт бойы өзін нашар сезінді. Түркия әскери күш саласында артықшылықтарға ие болуда. Ал Грекияның жауап бере алмауы және кешігіп қалуы олар үшін маңызды кемшілік болып саналады. Түркияның жеткен жетістіктері, әсіресе Ұшқышсыз әуе аппараттары саласында Грецияны алаңдатады және мазалайды.

Грекияның басты мақсаты--Түркияны қазіргі қақтығыстар бойынша арандату және Еуропаны өз жағына тарту.Бұл түйінде Түркияның Грекияның арандатушылықтарына қатаң жауап беруі күтіліп, бұл реакцияны Еуропа көлеміне көтеру арқылы Түркияға қарсы мәлімдеме жасау көзделуде. Ұзақ уақыттан бері Грекияның Түркияға қатысты сыртқы саясатының негізгі бөлшегі болды.Әсіресе Украина соғысымен Афина әкімшілігі Түркияның геосаяси маңыздылығының артуынан алаңдаған сияқты.Түркияның Таяу Шығыстағы жаңа қалыпқа келтіру саясаты Афинаны да алаңдатты. Мысалы  Түркияның Таяу Шығыс елдерімен шиеленіскен қарым-қатынасы Афинаның қолын босатып, Түркияны Жерорта теңізі газы мәселесінен тыс қалдырды. Бірақ Түркияның бұл үдерісті қалыпқа келтіру саясатымен осы процесті өзгерту нәтижесінде  Афинаны қайтадан Түркияға қарсы позицияға итермеледі. Енді бір жағынан, Грекия Түркияның өсіп келе жатқан әскери қуатын сылтау етіп, Эгей аралдарын қаруландыруға тырысуда. Сондай-ақ Франция, АҚШ сияқты елдермен қару-жарақ келісіміне қол қоюымен Түркияны қару ретінде пайдаланды. Осы арқылы қару-жараққа жұмсаған ақшасын заңдастырып отыр.Бұл жағдай ішкі саясатта қарыз батпағында қалған үкіметтің қолын күшейтіп, АҚШ, Франция сияқты елдерді оңай көндіруге септігін тигізеді.Тағы бір себеп, Грекияның Түркияның Жерорта теңізі шығысындағы табиғи газ барлау жұмыстарынан мазасын болуы. «Абдулхамит Хан» атты кемесі арқылы энергия барлауда жетекші елдердің біріне айналған Түркия Афинадағы мазасыздықтың басты себебі. Сондықтан Афина шиеленісті арттырып, табиғи газ барлауда Түркияны жалғыз қалдыруды көздеп отыр. Қазірдің өзінде грек лоббиі бар күшін осы мәселеге жұмылдырды. S 300 шиеленісі екі ел арасындағы қарым-қатынастың бұдан былай шиеленісті кезеңге енетінін көрсетеді. Мысалы президент Ердоғанның S 300 туралы өте қатал мәлімдемесі осының белгісі. Әрине әзірге Грекия мен Түркия арасында қарулы қақтығыс немесе соғыс болуы мүмкін емес сияқты.Алайда Грекияның шиеленісті ұлғайту тәсілі өзгеріп, Түркияның бұған қарсы әрекеті қатал болса, екі ел арасындағы қарым-қатынас саяси және дипломатиялық шиеленіс шеңберінен шығуы әбден мүмкін деп айтуға болады.



Ұқсас жаңалықтар