Иракта ішкі саясат және Садрдың жаңа ойыны

Апталық анализ - 1

1875287
Иракта ішкі саясат және Садрдың жаңа ойыны

2021 жылдың 10 қазан күні Иракта болған сайлаудан кейін жағдай бір түрлі жөнделмеді. Сайлауда әсіресе ауыр жеңіліске ұшыраған Хашди Шаабиге қарасты түрлі қарулы құрылымдар қолдарындағы қару күшін қолданып,  саяси нәтижелер алуға тырысты. Иранға тәуелді қозғалатын осы элементтерге қарсы Муктеда әс Садр бастаған «Ирак ұлтшылдығы» әрекет бастады. Елде неше айдан бері үкімет құрыла алмады. Иран қолдау көрсетіп отырған топтар мен Садр және одақтастары арасындағы күш сынасу көшелерге тасты. Садр осы арада кенеттен саясатты тастағанын жариялады.

 Сіздерге SETA Сыртқы саясат зерттеушісі Джан Ажунның осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

2021 жылдың 10 қазан күнгі сайлаудың нәтижесіне қарағанда Иракта шиіт лидер Муктеда әс Садрға қарасты «Садр тобы» 73 орын алып, сайлаудан жеңіп шықты. Осы қорытынды Садр үшін үлкен жеңіс болатын. Садр тобына керісінше Иран қолдау көрсетіп отырған топтар болса «Фетих» одағы ретінде үлкен жеңіліске ұшырады. Парламенттің бұрынғы спикері Мұхаммед Халбусидің «Такаддум» атты партиясы екінші, бұрынғы премьер-министрлердің бірі Нури Маликидің «Заң мемлекеті» коалициясы болса үшінші орын алды. «Заң мемлекеті» коалициясы да 34 орын алып, Күрд Отансүйгіштер одағы және «Горан» секілді бәсекелестері алдында үлкен табысқа жеткен болды.  Осы қорытындыдан кейін Садр сүнниттер және КОО-мен бірге одақ құрып, жаңа үкімет құрғысы келді. Алайда әсіресе Иранның араласуымен бұл сәтсіздікке ұшырады. Садр артынан жаңа қадам басып, өзіне қарасты депутаттарды отставкаға шығарды.  Мәжілістің таратылып, қайтадан сайлау өткізу үшін түрлі бастамалар көтерді. Иранға жақын топтар болса «Координация шеңбері» деген атпен жиналып, Садрдың бастамаларына қарсы әрекет жасады. Садр осы саяси ойында қалың көпшілікті жиі-жиі қозғалысқа салып, соңғы күндері болса өзіне қарасты әскери қарулы топтар болып табылатын «Серая әс-Селамды» да алаңға шығарды. «Хашди Шааби» топтарымен Бағдат пен Басра секілді көптеген аймақта қақтығыстар болды. Ақырында шиіттер арасындағы күш күресі тікелей қақтығыстарға айналды. Оқиғаларда көптеген адам қаза тапты. Садр қайтадан күтілмеген шешімге келіп, жақтастарын кенеттен кері шегінуге шақырды. Садр бір күн бұрын саясатты тастағаны туралы хабарлама жариялаған болатын. Ирактық танымал лидердің жиі қолданатын істері арасында қайшылық бар екені көрінеді.

Шиіттердің діни және саяси лидері Муктеда әс Садр әлеуметтік желідегі есебінен «Саяси істерді тастағанымды және саясаттан толығымен кеткенімді жариялаймын. Әкемнің қабірі, тарихи жәдігер мекемесі мен Садр әулетінің мұражайынан басқа барлық органдарды жабуға шешім қабылдадым» деп жазды. Хабарламасында Иранда тұратын және кеше «діни орталық» міндетін аяқтағанын» хабарлаған Ирактық шиіт діни лидерлердің бірі Әйетолла Казым әл-Хаириді сынаған Садр Хаиридің діни басшылықтан кету шешімін өз еркімен қабылдамағанын айтты. Неджефтегі шиіттер үшін маңызды тұлға болып саналатын Хаиридің басшылық міндетін тастап, Иранды қолдайтын мәлімдеме жасауы Садрды қарсы әрекет жасауға итермелеген секілді. Ақырында өзін жаңа діни басшы ретінде жариялап,  Иранның өз жақтастарына әсер етуінің алдын алуға тырысуы мүмкін. Себебі Садр мен жақтастары Иран ұлтшылдығының өкілі ретінде Иранды қолдайтын топтарға қарсы күресін жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар