Түркия Сирия саясатын өзгерте ме?

Апталық Анализ - 52

1872458
Түркия Сирия саясатын өзгерте ме?

Бірнеше аптаға созылған талқылау мен мәлімдемелер Түркияның Сирия саясатын өзгертуге дайындалып жатқаны туралы көзқарас қалыптастырған сияқты. Президент Ердоғанның Украинадан оралған кезде жасаған мәлімдемесімен пікірталастар жаңа бір тұғырға көшті. Президент Ердоған «Сириямен одан ілгері қадамдар басуды қамтамасыз етуді қалаймыз» деді.

Бұл мәлімдеменің мәні Сочидегі Ердоған-Путин кездесуінің артынан одан да күшейді. Сочи кездесуінің негізгі күн тәртібін Сирия тақырыбы құраған, Путиннің Ердоғанға Сирия әкімшілігімен кездесуді террормен күресте бір шешім деп назар аударғаны айтылған болатын.

Ресейдің ұстанымы бір өзгерісті көрсетпесе де, соңғы күндері жасалған мәлімдемелерде Түркияның Сирия саясатында «Асад әкімшілігімен келіссөз жүргізу» тұрғысынан өзгеріс жасауға дайындалып жатқаны баса айтылды.

 

Сіздерге Қауіпсіздік зерттеулері директоры профессор Мұрат Йешилташтың осы тақырыпқа қатысты бағаландыруын ұсынамыз.

 

Бұл үдерісте 4 маңызды мәселе бар екенін көреміз.

Бірінші мәселе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 нөмірлі қарары аясында бейбіт жолмен шешім үдерісін жалғастыру. Түркияның қазіргі ұстанымы аталмыш қарар қарастырылған жол картасына толығымен сәйкес келеді. Яғни конституцияны жазу, сайлау өткізу және уақытша үкімет құру 2254 нөмірлі қарарының негізгі бағанасы. Сондықтан Сирия әкімшілігімен қарым-қатынастарды орнату мақсаты бұл шешім процесін жоққа шығара алмайды.

 Екінші мәселе – терроризммен күрес. Соңғы жылдары Адана келісіміне жиі сілтеме жасалғанын ескерсек, Дамаск пен Анкара арасында лаңкестікпен күрес туралы негізгі мәтіннің бар екенін айтуға болады. Ресейдің Түркияны режимге бағыттауының арғы жағындағы логикасы осы негізгі мәтінге негізделген. Дегенмен PKK-мен күресте Сирия режимімен жаңа серіктестіктің қалай құрылатыны әзірге белгісіз. Сондықтан саясат өзгерісінің жүзеге асуы үшін Түркия немесе режимнен бірінің PKK-ға қатысты саясаттарында жан-жақты өзгеріс жасауы тиіс. Осы ретте біз бірнеше баламаны айта аламыз. Бұл мүмкіндіктердің барлығы орындалғанның өзінде мәселеге қысқа мерзімді шешім табылуы ықтимал.

Біріншісі режимнің Түркия шекарасында PKK-ны орналасқан аймақтардан жоюы. Дегенмен режим PKK-ны Манбидж және Тел-Рыфат сияқты аймақтардан шығаруы керек. Мұны PKK-ның өз еркімен қабылдауы екіталай. Сонда режимнің PKK-ға бағыттап эвакуациялауды не болмаса бұл жерлерді мәжбүрлеп босатуы немесе қарусыздандыруды талап етуі керек.

Бүгінгі көзқараспен қарағанда, режимнің қабілеті мен мүмкіндігі де, PKK-ның мұндай ниеті де жоқ. Тағы бір ықтимал да режимнің қолдауымен ортақ қауіп PKK-ға қарсы Түркияның Сирия ұлттық армиясымен әскери бір тазалық жасауы.

Осылайша Түркияның қауіпсіздік мәселесі де шешіліп, режимнің PKK-ға қарсы қолы да күшейеді. Осы кезде режимнің PKK-ны Түркияға қарсы пайдалану туралы арам ойлары іске асады. Яғни Түркияның Сирия әкімшілігімен PKK мәселесін жою үшін жақындасуы қысқа мерзімде бір шешімге келмеуі мүмкін. Өйткені PKK-ны Түркияға қарсы пайдаланудан тартынбайтын бір Сирия әкімшілігі бар.

Үшінші мәселе Түркиядан Сирияға уақытша қорғау мәртебесіне ие босқындарды қайтару. Бұл ең қиын мәселелердің бірі және босқындардың режим бақылауындағы жерлерге саяси шешімсіз оралуын күту соңғы он жылда босқындар мәселесінен сабақ алмау деген сөз.

Соңғы жылдары режим аймағына оралғандарға жасалғандар көңіл көншітпейді. Ливан және Иордания мен режим арасындағы байланыста ешбір кедергі болмаса да, екі елден де оралу өте шектеулі болды. Түркиядағы босқындардың болса режим аймағына қайта оралуын тек Асад әкімшілігімен келіссөздер арқылы қамтамасыз ету өте қиын сияқты.

Ең бастысы, бұл келісімді бір жол картасымен байланыстырмай алға жылжыту баспана іздеушілер үшін үлкен қиындықтар тудыруы мүмкін. Режим шетелге кеткендерді «сатқын» деп есептейді, инфрақұрылым толығымен қираған және режимнің экономикалық күші шектеулі бір ортада босқындарды қайтару шынында да қиын іс.

Төртінші бәлкім ең маңызды мәселе – оппозиционерлердің жағдайы. Бұл жерде Асад әкімшілігінің оппозициямен бітімге келуде қойған шарттарын қабылдау оппозиция үшін берілуден басқа мағынаны білдірмейді. Қаруды тастаудан бастап әскери және саяси құрылымның барлығын жойып, Асад әкімшілігімен бір үстелге отыру мүмкін емес сияқты. Түркияның мұндай бір жағдайды қабылдауы мүмкін емес. Сондықтан Женевада үш жылдан бері келісімге келе алмаған және режимнің үздіксіз мерзімді созуға негізделген бір стратегияны ұстанған үлгісі бар да, оппозиция мен режим арасында жаңа бір байланыс орнату қиын болады. Оның үстіне президент Ердоған «ілгері деңгей» деп атаған мәлімдеме кезінде YPG және режим күштерінің әл-Бабты зымыранмен нысанаға алуы режимнің оппозициялық аймақтарға көзқарасын айқын көрсетеді.

Басқа жағынан режимнің бұл мәселеге барынша максималистік көзқарасы да ортада. Түркия солтүстік аймақтардан кетпей тұрып мұндай процесті бастауды қаламаған режим Түркиядан барынша пайда алу арқылы үстелге отырғысы келеді.

Оппозиция мәселесіне Идлиб тұрғысынан қарасаңыз, жағдайдың одан да күрделі екенін бірден түсінуге болады.

Осы себепті соңғы мәлімдемелер Түркияның Сирия саясатында бір стратегиялық өзгеріс жасаудың орнына мәселелердің шешімінде жаңа бір инициатива алғысы келгенін көрсетеді.



Ұқсас жаңалықтар