Чавушоғлу: «Оппозиция мен Асад режимін татуластыруға міндеттіміз»

Апталық Анализ - 51

1870563
Чавушоғлу: «Оппозиция мен Асад режимін татуластыруға міндеттіміз»

Президент Ердоғанның Сочи саммитінен кейін жасаған мәлімдемелері және ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның «Сирияда шешім үшін оппозиция мен Асад режимін татуластыруға міндеттіміз» деген сөздері өз контексінен бөлек берілді. Түркияның Сириядағы ұстанымын өзгертіп, өзгертпегені жайлы күн тәртібінде сұрақ тудырды.

Сирия шындығында Асад режимін заңды күш ретінде қабылдап, оны қалыпқа келтіру шынымен мүмкін бе? Мұндай қадам Түркия мен сириялықтардың мүддесіне бола ма?

 *     *     *

Түркия соңғы айларда террормен күрес аясында PKK/YPG-нің бақылауындағы Тель-Рыфат ауданы және Манбидж ауданы сияқты аймақтарда үлкен әскери операцияға дайындалып жатқанда, Астана процесінің басқа кепілгер елдері болып табылатын Ресей мен Иранның балама ұсыныстарына тап болды.

Әсіресе Сочиде Ердоған мен Путин саммитінен кейін Ердоған Путиннің Асад режимімен ынтымақтаса отырып PKK/YPG-ны аймақтан тазарту үшін өзіне ұсыныс жасағанын білдірді. Сондай-ақ БАҚ онша көргісі келмейтін тағы бір мәлімдемесінде барлау ұйымдарының ұзақ уақыттан бері кездесіп жүргенін, бірақ террормен күресте ілгерілеушілік болмағанын да ашық айтты.

Ердоғаннан кейін Чавушоғлуның тұрақты бейбітшілік пен елдің бөлінбеуі үшін «Оппозиция мен Асад режимін татуластыруымыз керек» деген сөздерімен «Түркия Сириядағы ұстанымын өзгертіп жатыр ма?» деген сұрақ күн тәртібіне келді. Тіпті Сирияда Түркияның ықпалындағы аймақтарда бірнеше шерулер өтті. Алайда Сыртқы істер министрлігі жағдайды түсіндіріп, Түркияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 қарарлары мен Астана процесінде Түркияның ұстанымында кез-келген өзгеріс болмағаны, Сирия төңкерісі мен төңкерісшіл күштерге берілген қолдаудың жалғасатыны білдірілді.

Шынында да асыра сілтеп кеткен көзқарастарды былай қойғанда, Түркия Сирияда саяси шешімнің қажеттігін ұзақ уақыттан бері атап, осы тұрғыда Астанадағы саяси келіссөздер мен жаңа конституция жасау процесін соңына дейін қолдады. Дегенмен осында үдеріске негізгі кедергі болған әрқашан режим және қолдаушылары Ресей-Иран жұбы болды.

Олар негізінен әскери бір шешім іздеді, Түркия бұған Идлибте «Көктем қалқаны» операциясымен жауап қайтарды. Режим мен оның одақтастары осы уақытқа дейін шегінуге, жаңа конституция құруға және оппозицияны әкімшілікке интеграциялайтын жаңа платформаға дайын емес екендерін көрсетті. Егер олар бұл ұстанымдарын өзгертіп шешімге дайын болса, бұл Түркия мен оппозицияның көптен күткен ұстанымы.

Алайда Асад режимінің саяси шешім үдерісіне деген ымырасыз көзқарасы жалғаса беретін болса, оны заңды актер ретінде қабылдап, қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру қате ұстаным болар еді. Түркияның да мұны істеуге ниеті жоқ деп ойлаймын.



Ұқсас жаңалықтар